Поурочный план на тему Төртбұрышпен таныстыру

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай атындағы орта мектебі «КММ»

«Айналайын» шағын орталығының

«Айбөбек» тобы





Тақырыбы:

Поурочный план на тему Төртбұрышпен таныстыру

/Математика сабағы/






Тәрбиеші: А.Қуанышова










Сабақтың тақырыбы: Төртбұрышпен танысу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Төртбұрыш ұғымын түсіндіру

Дамытушылық: Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту

Тәрбиелік: Тазалыққа тәрбиелеу

Білім көзі: Таным

Көрнекілік: суреттер, геометриалық пішіндер, үй макет

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сабаққа назарларын аудару

Балалар, бүгін бізде математика сабағы. Бүгін сендердің сабақтарыңды көруге қонақтар келіп отыр.

Балалар, мен сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Ал, қане, бәріміз қолымызды ұстап, шаттық шеңберін жасайық.

«Күндей жадырап

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза мөлдір көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық!»

ІІ. Жаңа сабақ

Тақтадағы суреттерге қараңдар, бұл жерде төртбұрыштар бар. Төртбұрыштың төрт жағы мен төртбұрышы бар. (санап көрсету). Оның төрт қабырғасы бірдей, тік бұрышты.

  • Балалар, бөлмеде төртбұрышты затты табайық.

  • Біздің үстеліміз қандай

  • Төртбұрыш

  • Оның неше бұрышы бар?

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны (берілген геометриалық пішінен үй құрау)

  • Мынау не?

  • Үй құрастыру үшін қандай бөлшектерін аламыз.

  • Қабырғаның пішіні қандай?

  • Шатырдың пішіні қандай?

  • Үйге кіру үшін не істейміз?

ІV. «Кім зерек?» (1ден, 5 ке дейін жылдам санау)

Сергіту:

Тепе-теңдік жолменен,
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау бздің мекен-жай.

V. Қорытындылау: Балалар, сабақ ұнады ма сендерге? Біз не туралы көп білдік? Осымен біздің сабағымыз аяқталды, қонақтарымызға сау болыңыздар

деп шығарып салайық.



© 2010-2022