Урок конспект по казахскому языку для 3 класса

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 3а

Сабақтың тақырыбы: «Хоккей»

Сабақтың мақсаты: Пән бойынша білімдерін тереңдету, сөз дыбыстарын дұрыс айтуын байқау.

Білімділік: Оқушылардың "Қысқы спорт түрлері" тақырыбына байланысты алған білімдері жинақталып, сөздік қоры молаяды, зат есімнің жалғауларын ажырата біледі.

Дамытушылық: тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге дағдыланады; әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: сопрпен шұғылдануға, спорты сүюге, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд - суреттер, деңгейлік тапсырмалар, мақал, жұмбақтар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау, суретпен жұмыс, сергіту -"Шаңғымен сырғанау" ойыны, мәнерлеп олең оқу, жұмбақтар шешу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Сыныпты түгендеу

Оқушыларды ортаға шақырады

-Балалар біз қазақ тілін не үшін оқимыз?

-Біз сабақта бағаны не үшін аламыз?

-Сабақта бүгін біз не істейміз?

Оқушыларды топқа бөледі.

Бағалау парағын топ басшыларына береді.

Амандасады

Ортаға екі-екіден шығып, бір-бірлеріне сұрақтар қояды


«клюшка» және «шайба» суреттері арқылы 2 топқа бөлінеді

1 мин

2 мин

Үй тапсырмасын тексері

Оқушылардан үй тапсырмасын тексереді


Оқушыларға түстер түрін таңдатады.

«Қызыл»-мықты топ

«Жасыл»- орташа топ

«Сары»- төмен топ

Оқушылар тақтадағы сұрақтарға ауызша жауап береді

-Қысқы ойындардың қандай түрлері бар?

-Спорт туралы қандай мақалдар білесіңдер?

-Жіктік жалғаудың жалғауларын ата?

-Септік жалғаудың түрлерін анықтау

-Көптік жалғауларын ата?

5 мин

Жаңа сабақ

Оқушыларға тақтадан ребус көрсетеді. Сол ребус арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды

Сабақ мақсатын айтады.

Балалар біз бүгін хоккей ойынымен танысамыз.

1 оқушы тақтаға қарап, қазақ тілінде хоккей туралы айтып береді

1 оқушы тақтаға қарап орысша хоккей туралы айтады.

Ребусты шешеді, сабақ тақырыбын айтады.

«Хоккей»



Екі оқушы хоккей туралы таныстырады, қалғаны тыңдап отырады




5 мин

Сөздікпен жұмыс

Тақтадағы сөздерді дауыстап балаларға оқытқызады. Сөз тіркесін құруға тапсырма береді

Дауыстап айтады, сөз тіркесін құрады

3 мин

Мәтінмен жұмыс

Балаларға мәтінді таратып береді. Мәтінді дауыстатып оқыттырады, аударғызады, мазмұнын сұрайды

Оқиды, аударады, мазмұнын айтады

5 мин

«Қызыл» түстілерге тапсырма: Мен хоккей ойнаймын-жіктеу

«Жасыл» түстілерге «Хоккей» сөзін септеу

«Сары» түстілерге берілген сөздерге көптік жалғау жалғау.

Спортшы, алаң, доп, төреші.

Берілген тапсырмаларды орындайды

5 мин

Мақал-мәтел жарысы. Қай топ көп мақал айтады.

2 топ бір-бірлеріне мақал-мәтелдер айтады

3 мин

Оқушыларға тапсырма таратып береді. 1-ші топ-«хоккейші» сөзін жіктейді

2 топ «Ойнаймын» сөзін жіктеу

2 топ тапсырмалар орындайды

2 оқушы тақтада

«Әйгілі», «мықты» сөздерін жіктейді

5 мин

Жұмбақтар сайысы

2 топқа жұмбақтар жасырады.

2 топ жұмбақтың шешуін өздері табады

3 мин

Бекіту

2 топқа тапсырма береді

«Хоккей» тақырыбы бойынша не түсіндім?

Өз ойларын постер бетіне түсіріп, постерді ортаға шығып қорғайды

5 мин

Үй тапсырмасын беру

Оқушыларға үй тапсырмасын береді.

Күнделіктеріне жазады

1мин

Бағалау

Оқушыларды бағалау парағының нәтижесіне қарап бағалайды

2 мин





© 2010-2022