Жас ұлан әлемінде Шығарма

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас ұлан әлемінде

Қажу бар ма тұлпарға?

Талу бар ма сұңқарға?

Иман күшті оларда

Мен жастарға сенемін!

Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай «Қазақ ұланы» болғанымыз үшін біз ұлы істерге ұмтылуымыз керек. Қазір біз балалықтың балдәурен қызығынан бойын арылтқан, алдыңғы күндерге үлкен үмітпен, сенімді жігермен қараған азаматпыз . Үлкен өмірге күн сайын, сәт сайын бір қадам жақындап келеміз.Ендігі жерде біз тек қана білімге бас иіп, алдағы өмірімізді ойлауымыз керек .

Үлкен өмір күреске, тынымсыз арпалысқа толы. Сондықтан да біз білімімізді одан әрі жетілдіре түсейік «Жас Ұлан» жастары. Білімің толық болса - санаң сергек, еңсең тік, мерейің үстем болмақ. Ешкімнен жасқанбайсың, тірі пенденің алдында кіріптар күй кешпейсің. Ал, оқуың шала болса, бойыңда білім қаруы жоқ болса, онда сен дәл осы күні өз атамекеніңде ең кедей, ең бейшара, ең сорлы болып күн кешіп, бір күндік табысы үшін өзге ұлттың құлы болуға арланбайтын намыссыз қандастарыңның бірі боласың. Білімді жастар ешкімнен жасқанбай, басын тік көтеріп жүре алады.

Енді «Жас Ұлан» ұйымына тоқтала кетсем. «Жас Ұлан» ұйымына кіру әр баланың арманы. Ол үшін барлығымыз көп еңбек етіп, сабағымызды тек жақсы оқумыз керек. Біз «Жас ұлан» ұйымына қабылданар алдында еліме, халқыма адал қызмет етуге ант береміз. Сол антымызды орындау біздің міндетіміз деп білуіміз керек. Туған елімізде қызмет етіп, елімізге көмегіміз тиіп жатса, бізден бақытты адам жоқ шығар. Сондықтан «Жас ұландықтар» біз өз қатарымызға қазақ жастарын тартуға күш жұмсауымыз керек. Білімді жастар көбейсе, туған жерімізде де білімді маман көбейер еді. Мектебімізден оқушылар да білімді болып шығады.

Болашақта еліміздің қожасы да, иесі де -бүгінгі мектеп оқушылары. Олар- біздер. Өсер еліміздің өскелең ұрпағы-бүгінгі жастар. Олардың болашағы жарқын болатынына дербес дамуымыздың ең ауыр жиырма жылы қалыптасу кезеңі, артта қалған шақта көзіміз анық жетіп отыр.Тағдырдың осы сыйын пайдаланып қалу біздің маңдайымызға жазылыпты.

Мен - жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді елдің ертеңімін. Сондықтан, отанымның өркендеп- өсуіне бар күш жігерімді аямаймын.

Қорытындылай келе, еліміздің сенгені де, үміті де біз екенімізді естен шығармауымыз керек.

Жас Ұлан- еліміздің тыныштығы, еліміздің болашағы біздің қолымызда!

«Жас Ұлан» талма, қырандай самға!

Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Бірлестік» ауылы

№142 орта мектептің 8-сынып оқушысы Кеңес Дархан

Жетекшісі: Байдалиева Салтанат



© 2010-2022