5 класс сабақ жоспары 3

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айы, күні, жылы.

Сыныбы. 5 Б

Сабақтың тақырыбы. Достарымның көптігі

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа сөздер.

күрек- лопата дап-дайын - готов

қалыспау - не отстать ерте-раньше

көрші - сосед кезлескенде-при встрече

І V. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру. Мәтінге ат қою.

Бұл тапсырманы «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны арқылы да өткізуге болады.

Ойынның шарты: Сынып төрт топқа бөлінеді.

1-топ - «Кіріспе» ,

2-топ - «Негізгі ой»

3-топ - «Қорытынды»

4-топ - «Толықтыру»

Мәтінді бөліктерге бөліп, әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін толықтырып отырады. Ойын аяқталғаннан кейін қай топтың неғұрлым нақты айтқаны анықталады. Соңында әр топ өзінің мәтінге атыр ұсынады. Барлығы болып мәтінге сай келетін атты таңдайды.

2-тапсырма. Пысықтау үшін оқулықтағы сұрақтар жалпы сыныпқа қойылады.

  1. Мәтіннің негізі қай сөйлемде?

  2. Ол сөйлемді қалай түсіндіңдер?

  3. Достардың көп болғаны жақсы деп ойлайсың ба?

3-тапсырма. Санамақты жаттау. Қарамен жазылған сөздердің өздеріне, достарына қандай қатысы бар екенін айту.

Бір-білім ал,

Екі-ерлік көрсет,

Үш-үлгі тұт,

Төрт-тәртіп керек,

Бес-бестік баға ал,

Алты-алғыс ал,

Жеті-жеңіс біздікі,

Сегіз-сенім керек,

Тоғыз-тоқу керек,

Он-оқу керек.

Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма. Демалыс күнінің қалай өткені туралы досына @-mail пошта арқылы хат жазып жіберу. Сабақ барысында еткен барлық мәліметті пайдалануға болады.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма бет 47


© 2010-2022