Табиғатты аялау ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау

Сабақ мақсаты: Оқушылардың коммуникативті және сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Білімділік:Табиғаттың қадірін түсініп, оны бағалап қорғай білуге үйрету.

Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.

Дамытушылық : Үйренген сөздерін, дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушылар бойында табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту

Сабақтың типі: оқушылардың біліктілігімен дағдысын қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, таратпалы қағаздар,интерактивті тақта

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік әдісі, проблемалық тәсіл, танымдық әдіс,сын тұрғыдан ойлау әдісі

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интерактивтік тақта

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке, деңгейлік / топтық/

Сабақтың өту барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сабаққа даярлықтарын анықтау. Психологиялық дайындық.

-Балалар ,бүгіггі сабағымыздың ұранымыз :

Табиғатты қолдай біл,

Ақ құсыңдай қорғай жүр.

Білуіміз керек оны біз,

Біз де табиғаттың ұлымыз.

-Қалай ойлайсыңдар ,бұл өлең жолдары не туралы айтылған ?

-Неге табиғатты қорғаумыз керек ? Бұл сұраққа сендер кейін жауап бересіңдер ?

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

1-ші деңнейлік тапсырма Әр жауап 2 ұпайдан тұрады

Түсіндіре жауап беру

1.Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Неге ?

2.Табиғатты адам өмірін сақтағандай сақтауымыз керек. Неге ?

3.Табиғатты ұқыпты пайдалану керек .Неге ?

2-ші деңгейлік тапсырма. Әр дұрыс жауап 1 ұпай

1.Етістіктерді тауып,рай категориясын анықтаңдар

1.Табиғат байлығын сақтаңдар.

2.Адам табиғат байлығын тиімді пайдаланса, келесі ұрпағына қауіп төнбейді.

3.Экологиялық тәрбие отбасынан басталады.

4.Табиғат сырын терең білгім келеді.

3-ші деңгейлік тапсрыма Әр дұрыс жауап 1 ұпай

Сұрақтарға жауап беріңдер

1.Алғаш рет экология ұғымды ғылымға кім енгізген ?

2 Бүгінгі таңда адам баласына қандай апат қауіп төндіреді?

3. Экология тәрбие неден басталады ?

4.Экология нені талап етеді ?

Тексеру : 1 деңгеді -мұғалім тексереді.

2 деңгейді -оқушылар дәптерлерін аумастырып ,берілген кілт бойынша тексереді

3 деңгейді -оқушылар тексереді -өзара тексеру

Табиғатты аялау ашық сабақ

Табиғатты аялау ашық сабақЖаңа сабақ.


Балалар, мына суретке қарап ,мәтіннің тек қана тақырыбын анықтаңдар ?

Оқушылар тақырыпты анықтауға тырысады « ? »

-Балалар, мәтінмен жұмыс істейсіңдер:

  • мәтінді іштей оқисыңдар

  • таныс емес сөздерді белгілейсіңдер

  • сөздік жұмысын өткіземіз

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайсыңдар

  • Пирамида жасайсыңдар.Әр топ өз жетекшісін белгілейді. «Автобус аялдамасы» әдісі бойынша топ жетекшілері мәліметтерімен бөліседі. әр топ бағалайды да тілектерін білдіреді.Содан кейін екі топтың бағалауын оқып шығамыз ,келесі екі топтың тілектерін оқып шығамыз

Бағалау : жетекшілердің жұмысын топ бағалайды.

Бекіту : «Желпіуш» сұрақтар құрастырады 1-2 топ

3-4топ

4 топ-1 топқа

Балалар, енді сабақ басында қойылған сұраққа жауап бере аламыз ба ?

ТАБИҒАТТЫ НЕГЕ ҚОЛДАУЫМЫЗ КЕРЕК?

Табиғатты қолдай біл,

Ақ құсыңдай қорғай жүр.

Білуіміз керек оны біз,

Біз де табиғаттың ұлымыз.

Үй жұмысы : келесі 1 деңгей сурет бойынша әңгімелеу

2 деңгей - диалог құрастырып келу

3 деңгей -сұрақтар құрастырып келу.

Бағалау Әр оқушының жинаған жалпы ұпайларын еске ала отырып баға қояды.

Белсенді оқыған оқушыларға қосымша ұпай беріледі.















© 2010-2022