Баяндама: Батиктің күнделікті өмірдегі маңызы

БаяндамаТақырыбы: «Батиктің күнделікті өмірдегі маңызы»Дайындаған: үйірме жетекшісіСенгалиева Марина АбдигалиевнаБатиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралдарынан басталған өнер. Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады«Ba - tik» - Ba сөзі х. б. мата, ал tik – тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді.«Ambatik» - матаға сурет салу, нүктелермен толтыру немесе мата бетінде штрихтау деген сөз. Көптеген әлем халықтары үнділер, қытайлар, египеттіктер, перуандықтар бұл өнерді ...
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Баяндама

Тақырыбы: « Батиктің күнделікті өмірдегі маңызы»







Дайындаған: үйірме жетекшісі

Сенгалиева.М.А









Батиктің шығу тарихы. Батик өнері ең алғаш рет Индонезиядағы Ява аралдарынан басталған өнер. Бұл матаны ерекше әшекейлеу болып табылады«Ba - tik» - Ba сөзі х. б. мата, ал tik - тамшы, нүкте деген мағынаны білдіреді.«Ambatik» - матаға сурет салу, нүктелермен толтыру немесе мата бетінде штрихтау деген сөз. Көптеген әлем халықтары үнділер, қытайлар, египеттіктер, перуандықтар бұл өнерді ерте кезден дамытқан. Бірақ ол ең жоғары деңгейде көркемдікке және техникалық әсемдікке тек Явада жеткен. Явалық батикке бүкіл әлем таң қалысады, ал Индонезиялықтар үшін ол жай ғана зат. Ява және Бали, Индонезия аралдарының тұрғындарына бұл күнделікті дәстүрлі киім. Индонезияда батиктің қашан пайда болуы жайлы нақты деректер әлі күнге дейін пікір талас тудыруда. Ал батиктің Явада кеңінен таралған уақыты ХҮІІ ғасырда деп болжамдар айтылуда. Батикті адамдар алғаш рет киім ретінде пайдаланылған. Олар бастапқыда матаны түйіндеп байлау арқылы суреттер, кескіндер, сызықтарды салуды ойлап тапты. Қытай елінде ҮІІ ғасырда матаны түйіндеу әдісі жақсы дамыған. Түйінді батик өнері. Түйінді батик матаға сурет салудың ең оңай түрі болып табылады.

Матаның ерекше және керемет түстермен бояу сәнді түйіндерден небір әдемі сурет шығуы ол адамның фантазиясына бірден - бір байланысты болып табылады. . Матаны түйіндеп бояу әдісі кейбір дәлелдерге қарасақ Қытай елінде ҮІІ ғасырда пайда болған, ал бертін келе Индия елінде көп тараған өнердің бірі. Индияда «бандхей», «бандхана», «бандхни» сияқты атаулар қазақшаға тәржімалағанда «байла да - боя» деген мағынаны береді. Индияда бүгінге дейін түіндеу әдісі киімдерді әрлеуге қолданылып келеді. Түйіндеу әдісін киімдерде ғана емес тұрмыстық заттарда - перделер, салфеткалар, жапқыштарда пайдалануға болады. Арнайы х. б. маталарды алып, көлемі 20 - 30, 20 - 20, 20 - 40 см қырқып, оларды бояуға дайындау керек. Салқын суға матаны жарты күнге салып қою керек. Сонда матаның бойына қосылған крахмалдар кетеді. Одан кейін матаны кептіріп, матаға тастарды түйіндеп байлау арқылы немесе төменде көрсетілген схемалар арқылы матаны түйіндеп байлап, оттың үстінде қайнап тұрған бояққа салып 20 - 30 минут қайнатамыз, бір қасық ас тұзын салып 20 минут қайталап қайнатамыз, осыдан барып әдемі, әрлі өрнектер аламыз.

Tүйiндi батик өнерiнiн негiзгi салалары Батиктi жасау үшін қағаз мақта матаны пайдалана аламыз. Бiрiншiден алған матамыз бiртүстi және жұқа болуы керек. Бұл әдіспен жұмыс жасау үшін батист матасы өте ыңғайлы. Батист жұқа мата болғандықтан бояқты тез сіңіреді және оған оңай сурет салуымызға болады.

Есiңiзде болсын. Матаны пайдаланбас бұрын, оны жуып, жақсылап үтіктеу керек.* Түйiндердi түйетін жіптер бояқ өткiзбейтiн және үзiлмейтiн болуы керек.* Мата бояу үшін мақта матаны бояуға арналған бояқтарды пайдалану керек.* Матаны түйіндеудің әдісі сан алуан. Ол сіздің ұшқыр қиялыңыздың нәтижесі екенін есте сақтаңыз.

1 - әдіс
Ява халқында алғаш матаны түйіндеу әдісі пайда бола бастаған сәтте, олар матаға табиғи тастарды түйіндеу арқылы небір түрлі өрнектерді ойлап тапқан.
Бiрiншi 20 - 20 см мата қиындысын аламыз, матаға тастардың орнын белгiлеймiз.
Матаның төрт бұрышынан және ортасынан тастарды түйіндеп аламыз.
Өзіңіздің үйлестіруіңізге қарай тастарды әртүрлі ара қашықтықта байласаңыз болады.

Матаны бояу үшін төмендегілер қажет:
Мақта матаға арналған бояқ.
Шыны немесе әйнек ыдыс (банка).
Көлемі кемінде 3литр су сиятын шыны ыдыс.
Резина қолғап.
Ағаш қысқыш. Ағаш таяқша. Полиэтилен пленка немесе клеенка.
Көлемі 5 литрдан кем емес құты.
Дәке.


2 - әдіс
1. 20 - 20 см болатын мақта матаны алыңыз.
2. Осы матаның ортасын тауып алыңыз
3. Матаны бүктеңіз де 5/6 см - ден арақашықтық сақтап
жiппен ораңыз (4 сурет).
4. 6 см - ден арақашықтық сақтап бұл дайындықтағы
матаның арасын жиi алып бүрмелер жасаңыз.
5. 5/6 см - ден арақашықтық сақтап
үзбей неғұрлым қаттырақ ораңыз

3 - әдіс
1. 30 - 30см болатын матаны алыңыз
2. Суретте көрсетілгендей матаны екіге бөліп бүктеңіз.
Бүктеменің ортасын табыңыз
3қарандашпен аралары 2см болатын
етіп сызықтар белгілеңіз
5. Матаны гармошка сияқты жиырып бүктеңіз
6. Дайын матаны бірнеше жерден жіппен ораңыз

4 әдіс
1. 20 - 40 см болатын мата алыңыз.
2. Матаны тура ортасынан екіге қабаттастырып бүктеңіз.
3. Жоғарғы және төменгі жақтарын теңдей бөліктерге бөліңіз, қарындашпен белгілеңіз.
4. Белгіленген жерді жіңішке сызықтармен қосыңыз.
5. Матаны сызық бойынша қабаттастырып жоғарғы жақтарын ішке қарай иіп бүктеңіз. 12 сурет
Матаны жақсылап жіппен ораңыз. Оралған маталарды бояңыз



© 2010-2022