Урок по теме «кел, ойланайық»

Сөзжұмбақтар шешкізу арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту. Сабақтың тақырыбы: Кел, ойланайық Сабақтың мақсаты: сөзжұмбақтың сыры, балаларды жан-жақты дамытудағы орнын түсіндіру. Сөзжұмбақтар шешкізу арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту. Өткізілетін ойындар «кім білгіш» Қолданылатын көрнекіліктер: сөзжұмбақтардың бірнешеғ суреттер арқылы салынған серияларын жинақтау. Өту барысы: - Балалар, сендерге бір ғажайып сөз айтамын. Кірпігімізді төмен түсіріп, көзімізді жұмсақ: аспанда аппақ бұлттар қалқиды. Сол ақ мамық бұлттарға жайғасайық. Аяқ, қол, дегеніміздің аппақ мамық бұлтқа жайға...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Кел, ойланайық

Сабақтың мақсаты: сөзжұмбақтың сыры, балаларды жан-жақты дамытудағы орнын түсіндіру. Сөзжұмбақтар шешкізу арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту.

Өткізілетін ойындар «кім білгіш»

Қолданылатын көрнекіліктер: сөзжұмбақтардың бірнешеғ суреттер арқылы салынған серияларын жинақтау.

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психологиялық сәт

  • Балалар, сендерге бір ғажайып сөз айтамын.

Кірпігімізді төмен түсіріп, көзімізді жұмсақ: аспанда аппақ бұлттар қалқиды. Сол ақ мамық бұлттарға жайғасайық. Аяқ, қол, дегеніміздің аппақ мамық бұлтқа жайғасқанын сезініп көрейікші. Ақша бұлттар көтерілі-көтерілі жарқыраған жұлдыздарға да жетті. Сенің айналаңда өзінің нұрын шашқан жұлдыздар жарқырайды.олар сені қуана қарсы алады. Бір жұлдыз келіп сенің кішкентай алақаныңақонды. Сен онымен сөйлесе де, тілдесе де аласың. Өздерің туралы не айтқыларың келеді? Жұлдыздармен қоштасайықойларыңды еркін айтыңдар.

Жұмбақ шешу

Мамықтай ұлпа

Қанттай аппақ.

Қыста жер бетін басады

Жазда сайға қашады. /қар/

Таңертең бар, кешке жоқ.

Кеш түгіл, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын.

Әрі елеспін, ұсақпын. /шық/

Тіке, тікен, тік біткен,

Қысы жазы бір түсте. /шырша/

Қыс айында, мұз айдында

Жүгірсе зыр етеді,

Бір адамды екеуара

Көтеріп ап кетеді. /коньки/

Жүгірсе де шаңы жоқ,

Тоқтай алар әлі жоқ.

/қаңбақ/

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды қарағанды. /күн/

Қорытындылау

Дидактикалық ойын «Кім білгір»

Балалар екі топқа бөлінеді берілген сұрақтардың шешуін тапқызады.

Мысалы а дыбысынан басталатын сөздер.


© 2010-2022