Мақала «Ұлттық тәрбие-отбасынан басталады»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұлттық тәрбие-отбасынан басталады»

Отбасы- адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамның құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Отбасының негізгі міндеті -тәрбиелеушілік міндет. Баланы өмірге әкелгенмен, оны әлеуметтік -мәдени ортаның құндылықтарын қабылдаттыру, ата-бабаларымыздың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ана баланы туғанынан жүріп-тұруға, үлкендерді құрметтеп сыйлауға, өз міндеттерін таза атқаруға, еңбекті құрметтеуге, қоршаған табиғатты сүйюге тәрбиелейді. Бұл қоғамның алдындағы әке-шешесінің абзал борышы. Балаға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті. Бала жас кезінен көргенін істейді, сондықтан балаға үлгі болуға тырысқаны жөн. Бала-әке-шешесінің перзенті, ұрпағы, қуанышы. Қазақ отбасында әке-шеше- жанұя ұстаздары болады. Бала ата-анасынан ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ана тілін, ұлттық сананы сіңіреді. Отбасы тірегі -тіл. Тіл кез -келген ұлттық мақтанышы, ұлттық белгісі. Тіл-халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл- біздің намысымыз, байлығымыз. Тіл сөйлеу ғана емес, өмір сүрудің құралы. Әр ұлтты өркендететін, әр халықтың өзінің ана тілі, тарихы, мәдениеті бар. Ана тілі- өткен өмір, бүгінгі -шындық, ертеңгі-өрісті болашақ. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Жас ұрпақтың ана тілін құрметтеуі, дәріптеуі отбасы тәрбиесінен бастау алады. «Тәрбие басы- тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «Тәрбиесіз білім-адамзаттың қас жауы, апаты». Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған күннен бастап тәрбиенің негізін қалаған халық ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәбидің жүріп, сөйлей бастағанынан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты халықтық педагогикалық заңдылығы. Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау өмір заңы. Бала өсе келе көп нәрсеге үйренеді, халқының, ұлтының кім екенін айқын түсіне бастайды,отаншылдық сезімі арта түседі.

Кіндік қаны тамып, туып өскен мекенін, табаны тиіп тұрған топырағын аялауға бастайды. Қазақ жері- қазақ даласы! Қандай керемет, қандай шуақты ұғым! Жаныңа жүрегіңнен де жақын, ыстық... Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Қазақ халқы балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық, байырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік т.б. адамның рухани- моральдық нормаларын бала жанына сіңіре білді. Домбыраның, қобыздың, сазсырнайдың сиқырлы да сазды үнімен, айтыс, терме өнері, ән әуендері, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, аңыз-әңгімелермен тәрбиелеу білген. Сондықтан халық педагогикасынан нәр алып, бала ата-баба өсиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрлерді біліп, халық қамын ойлайтын, тілін, дінін терең біліп, өз ұлтын, өзге ұлтты сыйлай білетін білімді етіп тәрбиелеу -ата- ананың басты мақсаты. Ұлттық тәлім-тәрбиеде тәрбиеленген, ата-дәстүрімізді, ұлттық тіліміз бен дінімізді сақтайтын, рухани құндылықтарды құрметтейтін, ұлттық рухын ұстайтындай ұрпақ - әр отбасының мақтанышы.









Мектептерде бұл халық педагогика тағылымын танытатын оқулықтары молынан енгізілуі жөн. Сондықтан балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу-басты талап.



© 2010-2022