Сабақтың тақырыбы Ілияс Жансүгіров

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы
Сабақтың мақсаты: а) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру
ә) Шығарманы талдау арқылы оқушының сыни ойлау дағдыларын, біліктілік қабілеттерін, тілін,
шығармашылық құзіреттіліктерін дамыту
б) Өнер құдіретін бағалауға, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге, қазақтың күй өнері мен
күйшілігінің құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: еске түсіру, сұрақ - жауап, салыстыру, іздену, талдау
Пәнаралық байланыс: музыка
Көрнекіліктер: слайдтар, сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Оқушылармен танысу тренингін өткізу
2. Топқа бөлу (3 топ «Білімділер», «Алғырлар», «Дарындылар»)
3. Әр топқа бағалау парағын тарату

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы туралы оқу.

  1. Әңгімелеу.

ІІІ. Бекіту.

2. Тірек сызба дайындау.

Сабақтың тақырыбы Ілияс ЖансүгіровМағжан

Жұмабаев




ІҮ . Жаңа сабақ

Ілияс Жансүгіров туралы өткен сыныптарда өкенді еске түсіру.

  1. Ілияс Жансүгіров қашан дүниеге келді?
    2. Ілияс Жансүгіров қайда дүниеге келді?
    3. Әкесі Жансүгір қандай адам болған?
    4. Ілияс Жансүгіров 1911 жылы қандай мектепті бітірді?
    5. Ілияс Жансүгіров Мәскеуге оқуға қашан аттанды?
    6. Мәскеудегі оқуын қай жылы бітірді?

7. Қандай мамандық алып шықты?

8. Ташкентте қандай оқу орнында оқыды?
9. Ілияс Жансүгіровтің қандай шығармалары бар?
Сабақтың тақырыбы Ілияс Жансүгіров
- Бүгінгі сабағымызда оқыған поэма бойынша түрлі тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.
1 - тапсырма
1 - топ. Молықбай қобызшы тартқан ерекше күй жөнінде поэмада не айтылған?
2 - топ. Күтімде тұрған інгеннің маңғаз, сұлу мүсіні жайлы әңгімеле.
3 - топ. "Бозінген" күйі туралы аңызды айтып бер.
Барлығына: Сатылған інгеннің басындағы жағдайды және оның зарын ақын қалай суреттеген? (қағазға түсіру)
Қобызбен орындалатын «Бозінген» күйін тыңдау
- Күйді тыңдап отырып қандай әсер алдыңдар?
Күй - қазақтың домбыра, қобыз сияқты ұлттық аспаптарымен орындалатын шығарма.
Күйші - күйді орындаушы, халыққа жеткізуші адам.
Күйшілер: Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Қаршыға Ахмедияров, Айгүл Үлкенбаева, т. б (слайдтан суреттерін көрсету)
Ұлттық аспаптар: Домбыра, қобыз, сазсырнай, шаңқобыз, жетіген, т. б. (слайдтан суреттерін көрсету)

V. Қорытынды
1. "Қазақтың күйі - қазақтың жаны" тақырыбында сұрақ - жауап түрінде әңгіме құраңдар.

VІ. Үйге тапсырма
1. Поэмадан үзінді жаттау
2. "Күй күшті, тауды - тасты бұзатұғын..." деген ақынның ойын сен қалай жалғастырар едің?
Бағалау



© 2010-2022