Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларБуын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар5 - с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту ;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Үндестік заңы дегеніміз не? 6.Буын нешеге бөлінді?

2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді? 7.Ашық буын дегеніміз не?

3.Буын үндестігі дегеніміз не? 8.Тұйық буын дегеніміз не?

4.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 9.Қандай сөздер тасымалданбайды?

5.Буын дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар :

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар : 1.көмектес септік жалғауы.Мысалы : баламен,қонақпен,күрекпен 2. -нілі (-ділі,-тілі ) -тай,-тал,-дар,-еке,-тар Мысалы : даланікі,әкетай,діндар,ағаеке,өсімтал ; 3. -бей,-би,-кер,-гер,-қор,-паз,-қой,-пеш,-хана Мысалы: бейшара,балгер,жемқор,әсемпаз,сәнқой,емхана,жұмыскер,зиянкес. 4. -ов,-ова,-ев,-ева,-ин,-ина.мысалы: Әуезов,Жұмабаев,Сейфуллин,Жұмағазина т.б.

Жаттығумен жұмыс : 314 - жаттығу. Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.

Жас бала екен

Жаңа мектеп болған

Жақсы емхана қаланікі деді

Киген киімі шығар

Көрінген жарық сияқты

Екеуара жұмыс : Мына сөздерге қосымша жалғап жазыңдар :чех,тарих,полюс,заряд,кінә,факт,ансамбль.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тпсырма : 317 - жаттығу. Мәтіннен буын үндестігі байқалатын сөздерді теріп жазыңдар. Мәтіннен кәсіби сөздерді табыңдар.


© 2010-2022