Урок на тему Сыр бойының саңлағы, жүзден озған тұлпары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Тақырыбы: Сыр бойының саңлағы, жүзден озған тұлпары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекет қайраткері және журналист ТемірбекЖүргеновтың өмірі мен қызметін таныстыру.Туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта

Формасы: әңгімелесу, баяндау

Барысы:

Мұғалім сөзі:

Талай ғасырлардан бері басын алыстан тартқан Сыр өзені сылдырлай ағып, талай құпияны бойына бүгіп жатыр. Сан ғасырлар бойы Сырдария алабында әртүрлі аталып келген көшпелі халықтар тұрды. Оғыз, ғұн, сақ тайпалары біздің сонау түпкі аталарымыз болғандықтан, ежелге «Яксарт», «Сейхун» бойынша қазіргі ата -бабаларымыздың жалғасы-біздер тұрып жатырмыз.Сыр бойы - талай аңыздар мен тарихи оқиғаларға бай өңір. Шашақты найза көтеріп, кеудесін жауға тосып, елін, жерін қорғаған хас батырлар мен толқынды жырлар, тақпақтап келетін назымдарды шығарған ақындар шоғыры өте көп.Бүгінгі сөз еткелі отырған көрнекті қайраткер Темірбек Қараұлы Жүргенов те осы өңірде туған.Бүкіл дүниеге аты мәшһүр болған дана Қорқыт ата, ел қорғасқан билер Жалаңтөс Баһадүр,Әйтеке, Досбол, Балаби, Кетебай,Жәрімбет, Бидас билер, сондай - ақ, елді аузына қаратып көріпкелдігімен аттары аңызға айналған Марал Ишан, Ер Сейтпембет, Мүсірәлі, Қалжан ахун, Ораз ахун т.б. киелі адамдар халық жағында болып, елге жанашырлық танытқан.

Жалағаш ауданы - Қызылорда облысындағы іргелі де мәдениеті дамыған аудандардың бірі. 1939 жылы аудан Қармақшы, Тереңөзек аудандарының негізінде құралады. Республикада Жалағаш ауданының аты ақ күрішімен белгілі. Сонау 1860 жылдан Масовка атанған аудан Кеңес кезінде Аламесек ауданына, одан кейін Қармақшы, Қызылорда аудандарына қарады.

Аламесектегі екі сыныптық түземдік-мектебінің түлектерінің бірі «Іздібай өзегі» бойында жалаңаяқ жүгіріп ойнаған, кейін Қазақстан мен Орта Азияға аты мәлім болған қазақ елінің өркендеп дамуына елеулі үлес қосқан, қазақ халқының мақтанышы, Сыр түлегі - Темірбек Жүргенов

«Өмірбаян»

1 - оқушы:

Темірбек Қараұлы Жүргенов 1898 жылы қараша айында қазіргі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының «Басықара» қопасында көшпелі Сыр бойының қазақ байы Қуаң ауылында дүниеге келді деп жазылып жүр, ал кейбір деректерде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының №16 ауылы Жаңаталап серіктестігінде туды деген нақты жазбалар мен естеліктер сақталынған. Нақтылап айтсақ, Темірбек Ташкент қаласында оқып жүргенде 1925 жылы өзі қол қойған өмірбаянында Қазалы уезінде туғанын жазыпты. Темірбек басқа да ауыл балалары сияқты әуелде ауыл молдасы Мұхамбетжаннан сабақ алды. Кейіннен шығыс тілінің білгірі, танымал ақын болған Тұрмағамбет Ізтілеуовтың алдын көруі, оны шығыс әдебиеті классиктарінің шығармаларынан аздап та болса хабардар еттеді. Он жасында әкесі Қара баласына орысша хат танытуды мақсат етіп, «Жаңабазар» деген ірі сауда орталығындағы орысша - қазақша екі сыныптық «Аламесек» мектебіне оқуға түсіреді. Бұл кезде Аламесек үлкен орталық болып есептеледі. «Шегіртке де Аламесек деп ұшады» деген қанатты сөздер осы кезеңде айтылса керек. Онымен бірге сол ауылда басқа да біраз бала оқиды, бірақ қиындыққа төзбей Нұржан Жұдырықов, Пірназаров Қарағұлов, Кіребай Досовтар ауыл қайдасың-деп тартып отырады.

Ал Темірбек болса ізденген үстіне іздене түсіп, оқуға шындап беріледі. Мұнда ол демократиялық көзқарастағы мұғалім, туыс Омар Самаевтан білім алады. Бастауыш мектепті үздік бағамен бітірген Темірбек Перовскідегі(Қызылорда) орыс тілінде оқытатын училищеге түседі. Ол училищеде оқып жүргенде қазақ жастарының басын қосып әртүрлі жиындарға қатысып, ұйымдастырушылық қабілетімен таныла бастайды.

Осы кезден, яғни,1913 жылдан бастап шәкірт Крылов, Некрасов шығармаларын қазақ тіліне аударуды да қолға алады. Ұлы сатириктерге еліктеп жазған алғашқы «Переводчиктің қиялы» деген сатиралық өлеңі сол кездегі оқушы қауымның назарын аударады. Перовскідегі училище мұғалімдерінің ішінде прогрессивтік бағытта болған Баубек Есенов, М.Широковтерден тәлім-тәрбие алып, солардың ықпалында жүреді.Анда - санда ауылына салт атпен барып тұратын. Қара ауылы жаз жайлауы «Жабасақ», «Сулыкөл» болса, қыс қыстауы Сыр бойындағы «Көқшоқы», «Құттыбай» құмдары мен «Іздібай» көлі бойында отыратын.Әкесі осы оқуың жетеді дегеніне қарамастан Темірбек оқу іздеп сапарға шығады.

1917 жылы Уфа қаласындағы жер өлшеушілер училищесіне түскенімен, революция дүрбелеңінен оны аяқтай алмайды. Өзінің 1937 жылдың сәуірінде жазған өмірбаянында жер өлшеушілер училищесінен кейін 1918 жылдан тікелей Кеңес органында істей бастағанын мәлімдейді.

Сөйтіп, «Ырғыз» уезінде белгілі революционер Әбдірахман Әйтиевпен, ал Торғай қаласында жүргенде азамат, үлкен қайраткер Әліби Жангелдинмен танысып, пікір алысып, солардың көмекшілерінің біріне айналады. Қолынан іс келетін өткір жасты Әлекең өз қасына қызметке алады. Осы кезеңде Темірбек Жүргенов Торғай облысындағы тұңғыш Кеңестер съезін шақыру жөніндегі ұйымдастыру бюросының әрі мүшесі, әрі жауапты хатшысы қызметін атқарады.

2 - оқушы:

Әліби Жанкелдиннің тапсыруы бойынша Ырғыздан кедейлердің әскері құрылды. Сол әскерге біраз кедей қосылыпты.Кедейлердің бәрі де соған қосылды.Оларды патшаны жақтайтын ақтардың әскеріне қарсы күресетін Қызыл партизандар деп атайды. Олар көбие келе Қызыл Армия болады. Күші басым ақ бандылар аласұрып бақты. Ырғыз түрмесіне қамалған адам симай кетті, поселкеде және азаматтар Қайнарбай Қайтбаев, Қораз Алдажаров, Ермахан Қосмұратовтарды әкеліп қамайды. Оншақты күннен кейін кейбіреулердің айтуымен Могилев бандалары оларды поселке маңында қылышпен турап өлтіреді. Сөйтіп, есіл ерлер жау қолынан осылай қаза табады.

Темкең 1919 жылы Ырғыз уезіндегі Кенжеғара болысының ревкомы төрағасының орынбасары, біраздан кейін төрағасы болып қызмет атқарады.

Темірбектің өз өмірбаянында жазғанындай, ірі бай отбасынан шыққан.

Темірбектің әкесі - Қара, шын аты - Сырлыбай Жүргенұлы.1858 жылы Қаркөл болыстығында туған. Оның әкесі Жүргенов Қуаңұлы атақты бай болыпты. Қуаң турасында атақты ақын Әзілкеш өзінің Қыз - Болықпен айтысында туған жер, ел адамдарын мақтай келіп:

Ақболық, жіңішке мен жуан қандай?

Сыймайды - ау қамзолыңа сыбанғандай!

Мақтайсың оны несін, ей, Ақболық,

Қоздатқан сексен мыңды Қуан қандай?

Ақынның айтып отырғаны сексен мың қой қоздатқан Қуаңы осы Темірбектің арғы атасы. Ал,Қуаңның әкесі - Әлен,оның әкесі-Жәрімбет би, әрі әулие атанған бабамыз бір рудың атын алған адам. Қазір Сыр бойында Жәрімбет Сарқасқа деген ру бар. Темірбек Жүргенов ел ішінде Темірше деп аталған.

3 - оқушы:

Жалған жала

Қызыл империя қылышынан қан тамған кезде, елдің зиялы қауымының қаймағын құртуды әуел бастан-ақ ойлаған тәрізді. Сол зобалаңға іліккенТемірбек Қараұлы Жүргенов ССРО прокуроры Вышинскийдің санкциясымен 1937 жылы 2 тамызда ұстауға тапсырмаланып, 3 тамызда қапасқа түседі.Ал 15 тамызда Қазақстан Орталық Комитетінің ІІ пленумы халық жауы ретінде танып,пленум мүшелігінен және партия қатарынан шығарады. Ол РСФСР Қылмыстық кодексінің 58 статьясының 10-11 баптарымен, яғни, 58-а, 58-6, 58-7,58-8 және 58-9 баптарымен айыпталады. Баптар: Қазақстанды ССРО-дан бөліп әкетуді, шетел империализмінің колониясына айналдыруға тырысқан әрекеттері, терроршылдық істерді, зиянкестік және диверсиялық жұмыстарды, шетелдік шпионаж жасағанды білдіреді. Осы статьямен 19, кейбір деректерде 23 адам ұсталады.

Темкең өзімен ұсталғандармен бірге 1938 жылдың 25 ақпанында Талғардағы «Жаңалық» Боралдай елді мекенінде, бұрынғы Диқан қыстауындағы, атылған деген дерек бар.

Құжаттарға сүйеніп тағылған айыптарды тарқатып айтсақ:

  1. Жүргенов ұлтшыл - антикеңестік, терроршыл-көтерілісші, шпиондық-диверсиялық ұйымның құрылған кезінен (1926-27жж) бастап оған басшылық еткен, жұмыстарына белсене қатысқан.

  2. Контрреволюциялық ұйымға жаңа мүшелер қабылдаған.

  3. 1930 жылы Кеңес өкіметіне қарсы Қарақұм көтерілісінің ұйымдастырушыларының бірі болған.

  4. Қазақстандағы контрреволюциялық ұйым жееткшілерінің бірі, шетел мемлекеттерінің бірі, шетел мемлекеттерінің Кеңес Одағына қарсы соғыс жариялауына туралап көтеріліс әзірлеген.

  5. Контрреволюциялық ұйымның терроршыл жұмыстары жайында хабардар болған және кадрлард сол мақсатқа дайындаған. Ұйым басшыларының тапсырмасы бойынша орталық ВКП (б) комитетінің саяси бюро мүшелеріне террорлық акт әзірлеген. Сондай-ақ Қазақстан ОК КП (б) хатшысы Мирзоян жолдасқа террорлық акт жасауға басшылардан тапсырма алған

  6. Қазақстан өнеркәсіп және ауылшаруашылындағы жүргізіліп жатқан диверсиялық әрекеттерді білген. Басшылардың директивасы бойынша жеке өзі де диверсиялық топ құрып, 1936 жылы Қазақ мемлекеттік университетін әдейі өртеген. 1937 жылы Алматы қаласындағы баспахананы өртеуге дайындық жүргізген және ұйым мүшелеріне теміржолда диверсиялық әрекеттерді жүргізуге тапсырма берген.

  7. Халық ағарту комиссариатының барлық саласында зиянкестік жұмыс жүргізген және бұл іске өзі басшылық жасаған деп айып таққан.

Жоғарыда тағылған айыптан 1957 жылдың 18 көкегінде ССРО Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы Т.Қ.Жүргеновті толық ақтады.

4 - оқушы:

Зерделі зерттеуші

Қазақ әдебиетінің өркендеуіне көп үлес қосқан, бүкіл әлем таныған шығыс әдебиеті классиктерінің өшпес мұраларын қазақ тілінде сөйлету жұмысына белсене кіріскен де Т. Жүргенов. Соның мысалы - «Шаһнама» Өйткені дүние жүзінің халықтары секілді, қаазқ халқына да «Шаһнама» - өте қымбат дүние. Немістің ұлы ақыны Гете: «иранда жеті шебер ұлы ақын бар. Солардың ең нашарының өзі менен көш ілгері» - деген екен. Сол жеті ақынның бірі әрі шыңы тәжік Фердоуси (934-1040) Қазақстанда Фердоусидің мың жылдық мерейтойын өткізу жөнінде Темірбек басқарған комиссия құрылды. Комиссия Орта Азия халықтарының тілдеріндегі «Шаһнама» нұсқаларын жинап, қазақ тіліне аударды қолға алды. Соған шығыс тілінің шебері, майталман шығыс ақыны Тұрмағанбет Ізтілеуовты қармақшыдан алдырды. Бұл туралы Т. Ізтілеуов 1934 жылы 14 қаңтарда «Социалды Қазақстан » газетінде жарияланған арнауында:

Ондайша өнерімді естіген соң

Жүргенов шақырып ап, шашын тарап

Бұйырды «Шаһнаманы» сөз етуге

Ойласып Мирзоянмен ойға сарап, - дейді.

Т. Жүргенов әсіресе, «Жалбыр» мен «Қыз Жібек» операларының дүниеге келуіне бастыназар аударды. «Правда» газеті: «Халық творчествосының сарқылмас бұлағы ашылды. Қазақ театрының спектаклі және музыкасының, әні мен биінің концертін көрген астананың жұртқа әйгілі өнер шеберлері таңдай қағуда және осыншама қысқа мерзімде жеткен жетістіктеріне таңқалуда» - дейді. Осы мадақтау онкүндіктің басы-қасында жүрген Жүргенов атына да айтылған әділ баға екені даусыз.

Көрнекті көсемсөзші

Әрине, анықтама да, өмірбаян да ғылым үшін қажет, оған шұбә жоқ. Бірақта сонымен қатар, кең құлаш жайып, келешегін күткен ғалымға терең - терең түйіндеулер мен зор-зор қорытындылар да керек. Өткен тарихымызға көз жіберсек, өнер мен әдебиет техникалық ғылымға қарағанда баяу да шабан дамыды, өйткені ол материалдық өмірден гөрі рухани өмірге сана - сезімге жақын, жан сезімінің азығы.

Саяси көзқарасынанықтаған Темірбек баспасөздегі алғашқы жолын Торғай облысындағы тұңғыш газет бетіне үзбей жарияланды. Келе - келе жауапты редакторлыққа көтерілді. Бұрын - соңды газет жұмысына араласпағанымен алғашқы күннен бастап - ақ міндетті жұмысына кірісе бастады. Күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелеріне үн қосты. Газетте қоғамдық өмірдің жат қылықтарын еңбекші қара халыққа жатық, жүрекке қонымды, қарапайым сөздермен түсіндіре білді.

5- оқушы

Қазақстанға еңбегі сіңген медицина қызметкері, Республикалық дәрежедегі зейнеткер Т.Жүргеновтың адал жары Дәмеш Ермекова

«Дос, адал дос»

Мен 1936 жылы Отан жүрегі Москвада өткізілген қазақ әдебиетімен өнерінің тұңғыш он күндігіне қатысу бақытына ие болдым. Ол азаттық таңынан бастау алған жас республикамыздың өміріндегі ұлы оқиғалардың бірі еді. Темекең қазақтың тұңғыш музыкалық театрына драма театрынан Күләшті, Қанабекті, Құрманбекті, Елеубайды, Қалибекті, Сенкені, Манарбекті, Шараны т.б. шақырып отырды. Режиссер Жұмат Шаниннің қабілет-дарынын кеңінен пайдаланды. А. Жұбанов, Е. Брусиловский сияқты композиторлардың театрға белсене араласуына ықпал жасады.

Бір күні кешқұрым Темірбек екеуміз калинин көшесінің бойымен қыдырып келе жаттық. Кенет ол тоқтай қалды да маған қарап «осы жерде біздің опера театрымыздың үйі салынады», деді. Сол Темкең көрсеткен жерде бүгін ұлттық өнеріміздің алтын ордасы жұртшылыққа айқара ашып тұр.

Қорытынды

Т.Қ.Жүргенов жайлы ғылыми зерттеу 1968 жылы белгілі фольклоршы Мардан Байділдаев пен Р.Сүлейменовтен бастау алса,1969 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ мемелекеттік университетінің журналистика кафедрасында «Темірбек Жүргенов- мемелекет қайраткері және журналист» атты тақырыпта Тынышбек Дайрабаев, 1990 жылы осы университеттің тарих факультеті кафедрасында «Т.Жүргеновтің өмірі мен қызметі» деген тақырыпта Ш.Жүнісов диплом жұмыстарын қорғаса, 1997 жылы осы институттың филология факультетінің аспиранты, әрі оқытушысы Бауыржан Иманғалиев «Темірбек Жүргеновтің публицистикасы» деген кандидаттық дисертацияға тақырып алады. Өзінің 40 жасқа толар-толмас өмірі ішінде (сонау 1917 жылдың күзінде кетеннен 20 жыл) Қара шаңырағын 1919 және 1927 жылдарға ғана қысқа мерзімге барып қайтынты. Кім білді,заман талабына сай болғысы келіп,өзіне кері пікір тудырар жағдаяттардан қашық жүргісі келеді ме,болмаса кедей таптың сойлын соғып,ірі байлардың санатындағы әкесімен көзкарасы, ой-пікір тоқайласпады ма, әйтеуір, Темкеңнің әке шаңырағына келіп аунап-кунаған кезі аз болған. Осынау кезеңде үкімет саясатын елде орнықтырушыларың бірі болған Темірбектің өзіне-өзі риза болмай,торыққан, қамыққан кездері де болған шығар.Ітшегі пікірді сыртқа шығара алмай-ақ өзі құрысқан өкіметінің қолынан өзі қаза табады.



© 2010-2022