Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары

Инновациялықтехнологиялардыпайдаланаотырып, білімсапасынарттыружолдары. ХХІғасырдаәлемдікөркениеттөріненорыналып, Қазақстанныңжан - жақтыдамуыныңбірден - біржолыбілімменғылымдыәрқырынанмеңгеруқажетболыпотырғаныбелгілі. Жалпыбілімберетінмектептердегіоқу - тәрбиеүрдісінжаңашадамыту, яғни, оныңнәтижесініңкөңілтоларлықтайболуынқадағалаужаңашылпедагогтардыңқолындаболды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар»терминін енгізді. Жаңашыл - педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары

Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан - жақты дамуының бірден - бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар»терминін енгізді.

Жаңашыл - педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қандыжеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл - педагогтардың педагогикалық технологиялары көптен саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Ш. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М. Монтессори технологиясы, Д. Б. Эльконин, В. В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т. б.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Бастауыш - мектеп оқушысын тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Қазіргі мектептің басты сипаты - инновациялық технологиялар болып табылады. Оқу - тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі - мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық.



© 2010-2022