Сабақ жоспарыҚимыл – сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем сөйлем туралы мағлұмат беру, ерекшелігіне тоқталып меңгерту, жаттығулар арқылы қимыл - сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді таба білу білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқулықтағы жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Алдыңғы сабақтармен байланыстыру арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Сабақ барысында мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, мәтіндер мазмұнын ұғындыру арқылы ізгілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі (жаңа білім беру)

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, кітаппен жұмыс, СТО элементтері.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау), Қ. Есенов Құрмалас сөйлем синтаксисі Алматы; Білім 1995ж

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

Тапсырмалары тексеріледі.

3. Жаңа сабақ

Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқы сабақтас дейміз.

Тақтадан кесте көрсетіледі, жасалу жолдары түсіндіріледі.

Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қалшылдайды.

Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, сықылықтап күле Майра келді.

Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді.

Кең бөлме бос қалғандай болып, ой ұясы қаңырап тұр.

Сынап-мінеудің реті келгеніне риза болғандай, Манецкий қозғалақтап отырды.

Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады.

Күні-түні жалықпастан, Мағжанның өлеңдерін оқитын.

ә). Жаттығулармен жұмыс

140-жаттығу. Үтірлерін қойып жазыңдар.

Қиымл-сын сабақтас құрмаластарды тауып, қалай жасалып тұрғанын анықтаңдар.

141-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті баяндауыштарын қойып жазыңдар..

б). Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Тапсырмалары жазылған карточкалар беріледі. Тақтаға жазып, сыныппен бірге тексереміз.

Мыс: 1. Қимыл-сын сабақтасты тауып, жасалу жолын көрсет.

2.Сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышын жаз. Ол келген кісілерді ... , жылы шырай танытты.

Бағыныңқының баяндауышы қалай жасалған? Ол екеуі ренжісіп қалғандай, бір-біріне үн-түнсіз қарап отыр.

4. Жаңа сабақты бекіту

- Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деген не?

-Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарына мысалдар келтіріп айтыңдар.

Тақтадан сөйлемдерді оқып, жасалу жолдарын айтады.

5. Үйге тапсырма

- Ережені оқу, жаттау. 142-жаттығу. 1, 2-тапсырмалары

6. Бағалау


© 2010-2022