Открытый урок на тему Қазақстан Республикасының Президенті (9класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабактың тақырыбы :Қазақстан Республикасының Президенті.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға Президенттің билік органдары мен президенттің халықаралық қызмет аясы, құзіреті жайында білім беру және құқықтық білімін тереңдету

дамытушылық: оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау, өз ойын ашық жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, жүйелілікке,қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: оқулықпен жұмыс, ,сұрак-жауап,түсіндіру,баяндау.

Көрнекілігі:Слайт»Қазақстан Республикасының Президенті», сызбалар.

Қолданылған әдебиеттер:1.Н.Назарбаев»Евразия жүрегінде»

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы

Алматы,1995ж.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру:

II.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтарының негізгі міндеттері қандай?

  2. Қоғамның өзге мүшелерінің құқығын, бостандығын сыйлау, намысы ммен қадірін құрметтеу дегенді қалай түсінесіндер?

  3. Салық төлеушілердің қандай міндеттері бар?

  4. Азаматтардың Отан қорғау міндеті дегеніміз не?

III.Үй тапсырмасын бекіту:

IV.Жаңа тақырып:

Жоспар:

  1. Қазақстанда президенттік институттың енгізілуі.

  2. Президенттің билік органдары мен байланысы.

  3. Президенттің халықаралық қызмет аясы.

  4. Президенттің құзіреті.

Қазақстанда президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында енгізілді.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды.Осы заң бойынша президентті Жоғарғы Кеңес сайлауы керек.

Президент (лат.praesidens - алда отырған, басқарушы)

а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы;

б) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.

Заң мемлекттің жоғарғы органдары жүйесіндегі президенттің орнын анықтайды.Алғашқы президенттің өкілеттігі біршама шектеулі болады.Билік, негізінен, Жоғарғы Кеңестің қолында болады. Жоғарғы кеңес барлық мәселелер бойынша заң қабылдайды, президентті қайта сайлай алатын болды. Қазақстан мемлекеттік президенттің өкілеттілігі күшейеді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы еліміздің президенттік басқару нысаныңдағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялайды.Дүниежүзі елдерінің көпшілігінде қабылданғандай,біздің республикамызда да мемлекттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну ұстанымына негізделіп құрылды. Президенттік осы тармақтардың ешқайсысына жатпайды,солай болса да, Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен тығыз байланысты. Президент парламент қабылдаған заңға қол қояды.Президенттің ерекше вето құқығы бар.Ол құқық бойынша, Президент заңды қабылдамай, әлі жетілдіріп, пысықтай түсу үшін парламентке қайта қайтара алады.Президент өзіне белгілі бір мерзімге арнап заң шығаратын өкілеттілік беру жөнінде рламентке ұсыныс енгізуге құқылы.

Вето(лат. veto - тыйым саламын) - Ежелгі Рим империясында Рим магистраттардың жарлықтары мен «ректтеріне ттйым салуы, мелекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы.

Слайт »Қазақстан Республикасының Президенті»

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бөлімі

Қазақстан Республикасының Президентіне арналған.

Жаңа тақырыпты бекіту:

«Президент және халық»газетіне тоқталу.

Н.Назарбаевтің Швейцарияға,Германияға жұмыс сапарларымен

таныстыру. .

«Дискуссиялық өрнек» бойынша оқушылардың өз ойларын тыңдау.



  1. Президент дегеніміз кім?

  2. Президенттің билік органдарымен байланысы қандай?

  3. Вето дегеніміз не?

  4. Президенттің құзіреттері қандай болады?

  5. Референдум дегенімізді қалай түсінесіндер?

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма беру: Қазақстан Республикасының президенті

«Мен Президент болсам» ой толғау.

© 2010-2022