• Преподавателю
  • Другое
  • Инновациялық экономика жағдайындағы технопарктерді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Инновациялық экономика жағдайындағы технопарктерді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Абдикасова Назгуль Талгатовна. М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжі. Преподователь экономики Инновациялық экономика жағдайындағы технопарктерді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі «ХХІ ғасырда инновация үдерістің синониміне айналды, сондықтан өзгерістерге, жаңашылдыққа тез бейімделетіндер табысқа қол жеткізеді. Қазақстанның әр өңірі, экономиканың әр саласы жан-жақты жұмыс жүргізушілері әрі ең перспективалы және іске асырылатын жобаларды ұсынулары тиіс. Өткен жылдарда болмаған, бірақ ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Инновациялық экономика жағдайындағы технопарктерді мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

«ХХІ ғасырда инновация үдерістің синониміне айналды, сондықтан өзгерістерге, жаңашылдыққа тез бейімделетіндер табысқа қол жеткізеді. Қазақстанның әр өңірі, экономиканың әр саласы жан-жақты жұмыс жүргізушілері әрі ең перспективалы және іске асырылатын жобаларды ұсынулары тиіс. Өткен жылдарда болмаған, бірақ енді 20 жылдан кейін болатын дүниелердің бәрін бағамдау керек, яғни енді 20 жылдан кейін қандай салалар болатынын жоспарлау қажет. Біз күш-жігерімізді үдемелі инновацияға жұмсаймыз».

Н.Назарбаев.

Президент Н.Назарбаев өзінің «2050» Стратегиясында «бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс» деуі де тегін емес.

Әрине,біз-жас ұлтпыз және инновацияны игеру біздің қолымыздан келеді. Біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу[1].

Қазіргі жағдайда бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі факторы - ғылыми зерттеулер және солардың негізінде жаңа технологиялардың пайда болуы, жаңа ұйымдастыру-басқару шешімдерінің жүзеге асуы. Дегенмен, бұлардың барлығы жеке компаниялар үшін едәуір көп болып саналатын уақыт пен қаражатты қажет етеді.

Бұл жағдай түрлі компаниялар мен ұйымдардың кооперациясын ынталандырады және қанағаттандырады. Ғылым, технология және білім беру саласындағы біріккен жобалардың жүзеге асу формасының бірі технопарктер болып табылады.

Технопарктер әлемде инновациялық саясаттың құралы ретінде бірқатар факторлар негізінде пайда болды. Біріншіден, 1980-шы жылдардағы дамыған елдердің университеттеріндегі ғылымды қаржыландыру дағдарысы университтеттердің білім беру жүйесін коммерцияландыруға көшірді. Екіншіден, жаңа өнімдердің технологиясының күрделенуі ҒЗЖ-на шығындарды ұлғайтуға әкелді. Үшіншіден, ақпараттық технологиялар мен биотехнологиялар саларындағы техникалық мүмкіндіктер зертханалардан тікелей ғылыми өнімдердің комерциялануына әкелді.

Нарықтық экономикада технопарктер салыстырмалы түрде жаңа құбылыс ретінде саналады. Алғашқы технопарктер өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдары пайда болды. Пайда болуының заңды күшінде локомативті инновациялы дамудың және ғылыми сиымды өндірістердің локомотиві болды, мысалы, өнімінің жалпы көлемі қарастырылып жатқан өңірдегі иннновациялы фирмалармен өндірілген Калифорниядағы белгілі «Кремнилі жазықтық» кейбір Еуропа елдеріндегі ішкі валды өнімінен жоғары.

Алғашқы ғылыми парктің негізін қалаушы ретінде Стэндфорд университетін атайды. Қызметінің бастапқы кезеңінен бастап, яғни 40-шы жылдардың соңы мен 50-ші жылдардың басында Стэндфорд паркі университет лабораториясындағы талантты ғалымдардың ғылыми зерттеулер нәтижесінің көзі болып табылатын коммерциялық қызмет орны болып келді. Парктегі басты фирмалардың көбі кейін ірі көпұлтты корпарацияларға айналып кетті. Парк 1981 жылы 80 компания мен 26 мың жұмыспен қамту бөлімдерімен толықты. Бұл компаниялардың ішінде АҚШ-тағы геологиялық қызметтің үш басты мекемесі, электроникалық ірі компаниялар (IBM, Hewlett Packard), аэроғарыштық компаниялар («Локхид»), химиялық және биохтехнологиялық компаниялар болды. Жан-жақты қарастырсақ, Стэндфорд ең ірі ғылыми парк болып саналады.

Европада технопарктер 70 жылдардың басында пайда бола бастады. Олардың ең алғашқысы болып Эдинбургтегі Хэриот-Уатт университетінің зерттеу паркі; Кембридждегі Тринити-колледждің ғылыми паркі; Бельгиядағы Левен-ла-Нев; Ниццадағы Софья-Антиполис және Греноблдегі ғылыми және техникалық жаңа енгізулер мен өндірістің Аймағы (ZIRST) болды. Олар АҚШ-тың бұрынғы технопарктерінің моделдерін қайталады, оның ерекшелігі - бір демеушісінің болуында, ал іс-әрекетінің негізгі түрі - ғылыми сиымдылықты фирмалардың жекеменшіктеріне жерді жалға беру болып табылады.

80 жылдары технопарктің идеялары экономикалық дамыған елдерден де асып тез тарала бастады. Технопарктер Канадада, Сингапурде, Австралияда, Бразилияда, Индияда, Малайзияда, Қытайда және Жапонияда құрала бастады.

Ғылыми парктерді үш модельге бөлуге болады: американдық - (АҚШ, Ұлыбритания), жапондық және аралас - (Франция, Германия).

Американдық модель. Университет аумағында компанияның кәсіпорындары мен өндірістік зертханалары емес, өндіріспен тығыз байланысқан бейкоммерциялық түрдегі зерттеу институттары (Иллиной Технология Институты орталығы - жылдық бюджеті 68 млн. Доллар АҚШ жеке зерттеу орталығы) орналасқан «зерттеу паркінің» кәдімгі түрі.

Жапондық ғылыми парктер моделі американдыққа қарағанда мүлдем жаңа қалалар - «технополистер» құрылысына көңіл аударады. «Технополис» жобасы - технопарктер пайда болу жобасы қолданысқа 1982 жылы қабылданды. «Технополистер» құрылысына төрт аралда бірбеткей таратылған 19 зона таңдалды.

80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басында ресейлік технопарктердің қалыпстасуының бірінші толқыны басталды. Олардың көбі жоғары мектепте ұйымдастырылды. Бұл технопарктердің дамыған инфрақұрылымы, қозғалмайтын мүлкі, даярланған менджерлер командасы болмады. Олар жоғары оқу орнының бір бөлімі ретінде қалыптасты және қарастырылды. Бұл тек технопарк құруға тапсырыс ретінде ғана болды[2].

Технологиялық парк - инновацияның шығуы мен дамуына белгілі-бір мүмкіндіктер ашатын арнайы алаң. Дүние жүзі елдерінің тәжірибесінде технопарктерді алатын орны айрықша екенін бағамдауға болады. Мәселен АҚШ-та технопарктердің саны - 140-тан асса, Қытайда 130-ға жетіп жығылады екен. Бір ғана Германиядағы 20 шақты техникалық университеттің өз технопаркі бар. Ең жаңа құрал-жабдықтарға ие бұл технопарктерге салық және кедендік баж салығы жағынан үлкен жеңілдіктер берілген. Сондықтан инновациялық компаниялар университеттің іргесіндегі технопарктерде жұмыс істеуге айрықша мүдделі. Ал Қазақстанда 2007 жылдары 12 технопарк тіркеліпті.

Қазақстанда технопарктерді құруда біршама кедергілер бар, олар негізінен инновациялық инфрақұрылымның дамуына тәуелді:

  1. инновацияларға жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі мемлекеттік ғылыми орталықтармен құрастырылатын инновациялық технологиялары мен өнімдерінің бөлігінің сұранысқа ие болмауына әкелді, себебі олар өнеркәсіптік кәсіпорындардың арнайы қажеттіліктеріне бағытталмаған;

  2. Қазақстанда жұмыс істеп отырған технопарктер мен бизнес инкубаторлардың көп бөлігі инновациялы өндіріс пен кәсіпорындарды орналастыруға бағытталмаған;

  3. жоғары технологиялар саласындағы инновациялардың Қазақстанда болмауы оларға деген сұраныстық жоқтығымен сипатталады;

  4. елдегі инновациялық өндіріс пен кәсіпорындардың әлсіз дамуы технологиялық және инновациялық өнімдерге сұраныстың төмендігімен анықталады. Себебі елдің экономикасының құрылымы минералды ресурстарды өндіруге бағытталған;

  5. әлемдегі инновациялардың көп бөлігі процесті инновациялар, яғни процестерді, инженерлік құрастырылымдарды жетілдіруге бағытталған.

Қазақстандағы технопарктердің құрылуы екі деңгейде болуы керек:

  1. Ұлттық технопарктер;

  2. Аймақтық технопарктер.

Технопарктерді дамытудың осындай тұжырымдамасы аймақтық дәрежедегі инновациялық белсенділіктің дамуына ықпал етуі қажет. Ұлттық технопарктер Қазақстанда біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа салаларды құруға бағытталуы керек. Ұлттық технопарктерді құрудың негізі трансұлттық корпорациялар болуы керек. Аймақтық дәрежеде технопарктердің негізін аймақтардағы өнеркәсіпорындары, ғылыми және академиялық ұйымдар құрастыруы қажет. Аймақтық технопарктер экономиканың технологиялық деңгейін кезеңді жоғарылатып, ғылымға сиымды және технологиялық орта мен шағын бизнеске арналған жағдайлар құруға шоғырлануы қажет.

Бүгінде Қазақстанда инфрақұрылымды қолдаудың 48 арнайы объектілері қызмет етеді, олардың 44 бизнес инкубаторлар мен 4 технопарктер. Қазіргі уақытта олардың барлығын индустриалды парктер деп сипаттауға болады. себебі бизнес инкубаторлар бірінші кезекте кәсіпорындардың аяғына нық басуына әсер етеді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шын мәнінде сәтті қызмет ететін технопарктер саны аз. Күтілетін нәтижелер мен алынған қорытындылар арасында өте үлкен алшақтықтар кезедеседі. Технопарктерді құру тек инфрақұрылымдар құрылысымен шектелмейді.

Батыс елдері мен Оңтүстің шығыс Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, технопарктердің оның ішіндегі кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін бірінші кезекте бюджеттік бағдарламалар ретіндегі мемлекеттік инвестициялар немесе даму институттарының қаржы құралдары қажет болады.

Технопарктердің сәтті қызмет етуінің бір критериі өткізу нарығының болуы. Қазақстандық экономика субъектілерінің қажетті көлемде инновациялар, ғылыми сиымды және жоғары технологиялық өнімдер тұтынатын кезеңіне жеткен жоқ. Технопарктерге еңгізілетін кәсіпорындардың критериі ретінде экспортқа 60% бағытталған өндірістің болуы жатқызылады. Осы тұрғыдан қазақстандық өнімдерді сырқы нарыққа бағыттауда мемлекет көмекші қызмет атқаруы қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының территориясында алты арнайы экономикалық зона қызмет етуде: «Морпорт Ақтау», «Астана - жаңа қала», «Ақпараттық технологиялар паркі», «Оңтүстік», «Ұлттық мұнай химиялы технопарк» және «Бурабай». Осы экономикалық зоналар алдында ауқымды және нақты мақсаттар тұр. Олардың шешімдері аймақтың экономикалық потенциалын жүзеге асыруға, инвестициялық және бизнес климатты жетілдіруге әсер етеді.

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық зонасы 2001 жылдың маусым айында 2010 жылға дейін астананың әкімшілік іскерлік орталықтарын дамыту, қазірге тән инфрақұрылым қалыптастыру, объектілерді салу қамтамасыз ету үшін құрылған. Арнайы экономикалық зонаның қызмет етуі кезінде 863,9 млрд. теңге қатыстырылды, олардың 60% жеке инвестициялар. Қазіргі уақытта аймақта 136 объект, оның ішінде 2008 жылы 14 объект қолданысқа еңгізілген. 108 объектінің құрылысы жалғасуда. 2009 жылы «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық зонасының территориясында бірқатар ірі проектілердің құрылысы жоспарлануда: «Абу Даби Плаза», көп қызметті әлеуметтік және мәдени маңызды элементтері бар тұрғын үй комплексі «Централ Парк», «Көп қызметті комплекс «Дамак» және т.б. Оларды жүзеге асыру 3-тен 5 жылға дейін қамтиды. Берілген жобаны жалғасытру жоспарлануда.

«Морпорт Актау» арнайы экономикалық зонасы 2002 жылы сәуір айында көлікті-логистикалық орталықтарды, жоғары тиімді өндірістерді құру, инвестицияларды тарту, жаңа өнімдерді құру мақсатында қалыптастырылған. Мерзімі 2015 жылға дейін. Жобалар бойынша инвестициялар көлемі 9,3 млрд. тенгені құрайды, 45 млрд.тенге соммасына өнім өндірілді, салық төлемдері 5,73 млрд.тенге болды. Қазіргі уақытта 1163 жұмыс орындары құрылған. Жергілікті бюджеттен 66 млн. тенге бөлінген.

Қазіргі уақытта аймақта 3 жоба жүзеге асырылды:

1) теңіз металл конструкцияларын шығаратын зауыттар (ЖШС «Keppel Kazakhstan);

2) шыныталшықты құбырларды өндіретін зауыттар (ЖШС «АЗСТ»);

3) мұнай құбырларын шығаратын зауыт (АҚ «Арселор Миттал Актау»).

Сонымен бірге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық зонасы 2005 жылдың шілде айында 2015 жылдың шілдесіне дейін құрылған. Жобалар бойынша мемлекеттік бюджеттен бөлінген инвестициялар көлемі 5 781 млн. тенгені құрайды. Аймақ территориясы көлік инфрақұрылымына қатысты тиімді орналасқан. Бүгінгі күні аймақта 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда: ЖШС «Хлопкопром-целлюлоза», ЖШС «Ютекс-KZ», ЖШС «Oxy Textile», ЖШС «Есенжол-Назар», ЖШС «Орта Азия Текстиль Санаи». Нақты құрылған жұмыс орындар саны 400 бірлік. 2009 жылдың соңында жоғарыда аталғанның үш жобасын жүзеге асыру 2 000 жұмыс орнын құру жоспарлануда. «Бурабай» арнайы экономикалық зонасы 2008 жылдың қаңтарында тиімділігі жоғарыжіне бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында 2017 жылға дейін құрылды. Аймақтың тиімділігі үшін нормативті-құқықтық база құрылып, 62 424 мың тенге бюджет қаражаты бөлінді.

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық зонасы 2003 жылы тамыз айында экспортқа бағытталған жоғары технологиялы және жоғары тиімді өндірістерді құру, инвестицияларды тарту, жаңа өнімдерді құру мақсатында 2013 жылға дейін қалыптастырылған. Жобалар бойынша инвестициялар көлемі 5 139 млн. тенгені құрайды. 2008 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша 29 инновациялық жоба жүзеге асырылды, 270 жұмыс орны құрылды[4].

Айта кететін жайт, нарықтық қатынас жағдайында технопарктер түрінде біз жоғары білімнің, ғылымның, өндірістің, кәсіпкерліктің, қаржыландыру көздерінің аудандық және жергілікті басқару және билік органдарының интеграциясының жаңа түрі мен құрылымын иемденеміз, ал бұл өз кезегінде ХХІ ғасырдың индустриялды дамыған елдеріне тән технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Өз қызметінің мақсаттарының тиімді жүзеге асырылуы үшін технопарк өте заманауи байланым құралдарымен, компьютерлік және ұйымдық техникамен, кітапханалармен, мәліметтер банкімен, сонымен қатар зерттеу зертханалары, тәжірибелік эксперименттер және өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат жіберу және жасап шығару зерттеуін жүргізу үшін қажетті барлық құралдармен жұмыс жасайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ә. Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҚУ баспасы, 2009. -37-52 б.

  2. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов /Отв. Ред. Абалкин Л.И., пер. с англ., в 2-х т. - Т.1. - М.: Наука, 1993. - С. 11-106.

  3. Дзекунов В., Пердебаева Р. Формирование технопарков и технологических бизнес-инкубаторов.// Промышленность Казахстана. 2003 г., №11- С. 40-50.

  4. Есилов.А Основные направления использования инновационных проектов в системе малого бизнеса в Казахстане // Транзитная экономика. 2006, №3 - С. 15-17.



© 2010-2022