Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары Фонетика 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Дыбыстар, буындар
Сабақтың мақсаты:
Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Фонетика бойынша алған білімдерін, сөз байлығын дамыту,қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Слайд-суреттер арқылы берілген суреттерді тақырып бойынша топтау, сөйлемдерқұрап, аудару,

тапсырмалар орындау
Сабақтың түрі: Білімдерін пысықтау
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, аударма, тапсырма орындау
Оқыту формасы: Жеке, топтық, ұжымдық
Көрнекілігі: Презентация, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІІ. Жаңа сабақ

1. Фонетика бойынша сұрақ - жауап

  • Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

  • Дыбыстар қалай бөлінеді?

  • Дауысты дыбыс нешеу?

  • Дауыссыз дыбыс нешеу?

  • Фонетикаға нелер жатады?

2. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы (твердый)
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и (мягкий)
Жақтың ашылу қалпына қарай қалай ашық және қысаң болып бөлінеді

Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е (открытый)
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и (закрытый)

Еріннің қатысу қалпына қарай қалай еріндік және езулік болып бөлінеді

Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у (губной)
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и (не губной)

Дауыссыз дыбыстар қалай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді
Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц. (глухой)
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ. (звонкий)
Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң. (сонорный)
3. Буынның түрлері
Бір дауыстыдан тұратын, не дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын

буынды ашық буын дейміз.
Мысалы: а-та, ә-ке, і-ні, ба-ла.

Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын
тұйық буын деп аталады.
Мысалы: ат,ет,ұн,ант,ұлт,өрт, ас-тық

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды
бітеу буын дейміз.
Бітеу буында кемінде 3 дыбыстар болады: дауыссыз-дауысты-дауыссыз.
Мысалы: мал, құс, қыс, тарс, жалт.

III. Қызығушылықты ояту кезеңі

Ойын «Мұғалім, саспаңыз»

Ойынның шарты: Ойынға қатысушы сұрақтың тақырыбы мен ұпайын таңдайды. Ойыншы егер дұрыс жауап берсе келесі сұрақты таңдайды. Жауабы дұрыс болмаса немесе жауап бере алмаса келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

Жаттығу жұмыстары
1- тапсырма. Буынға бөлу, түрлерін ажырату
"Кім жылдам?"

Берілген сөздерді жуан, жіңішке буынды сөздерді екіге бөліп жазамыз.
Бүгін, бес, есеп, тақта, домбыра, сызғыш, пән, ұнайды, ән, терезе, өшіргіш,

күнделік, мектеп, оқушы, жазушы, қалам, достар

Жуан буынды сөздер:
Жіңішке буынды сөздер:


2-тапсырма. Фонетикалық талдау Жүзім, мұғалім


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Қазақ тілі сабағында біз ... сөйлейміз. Орыс тілі сабағында біз ... сөйлейміз.

Математика сабағында біз ... шығарамыз. Ән сабағында біз ... айтамыз.

Керекті сөздер: есеп, ән, орысша, қазақша.


IY. Қорытынды

Сұрақ-жауап

- Буын түрлерін ата

- Ашық буын мысал келтір

- Тұйық буын мысал келтір т.б.
Апта күндерін, ай аттарын қайталау

© 2010-2022