Ынтымағы жарасқан, туған өлкем

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығарма

«Ынтымағы жарасқан , туған өлкем»





Павлов Александр 8 «А» сынып.

Мұғалім: Жанзақова Л.Ж.

Сарыкөл ауылы 2015ж

Шығарма

Ынтымағы жарасқан , туған өлкем.

Біздің ұрпақ білімді ,

бай және күшті болу керек. Білімді болу үшін оқу керек , ал күшті болу

үшін бірлік , ынтымақ керек .

А.Байтұрсынов.

Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын . Менің елімнің жері кең, тынысы мол , жайдары . Өзім қазақ жерінде жаралғаныма қуанамын , өйткені менің елімнің тарихы , салт - дәстүрі , әдет - ғұрпы өте бай. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады . Біз әрұлтты мемлекетпіз . Елімізде тұратын ұлттардың өз ассамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті . Біздің құқығымыз заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да құқықтары солай қорғалады . Қазақстан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында біздің мектепте қазақ , орыс , өзбен , татар , ұйғыр , әзірбайжан , башқұрт , неміс , украин , белорус балалары татулықта , сыйластықта бабалық шағымыз өтіп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп , жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта " Отаны бірдің тілегі бір , жүрегі бір" деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да , жүрегі бір , тілі басқа болса да , тілегі бір, атасы басқа болса да , Отаны бір. Біз қаншама ұлттар біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз- біздің байлығамыз , мақтанышымыз. Біз- Қазақ Елі- олармен әрқашанда да достық қарым - қатынастамыз . Олар біздің елімізде тұрса да, өз тілдерінде сөйлеуге , салт - дәстүрін сақтауға ерікті, сонымен бірге олар біздің елімізде туып- өскендіктен «Менің елім- Қазақстан»- деп айта алады . Мінсіз , жер бетіндегі барлық халықтар да достықта , ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс . Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін , дінін , мәдениетін сақтауға жағдай жасалған . Біздің Отанымыз көптеген ұлт өкілдерінің алтын бесігі . Барлығымыз бір үйдің баласындай - бір шаңырақтың астында татулықпен өмір сүреміз . Әр ұлт өкілдері бірлігі мен ынтымағы , туыстығы мен достығы жарасқан бақытты де жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде. Достық , ынтымақтастық олардың бастарын біріктіреді.

Менің мектебімде де мектепшілік балалық «кіші» Ассамблеясы өз жұмысын атқарады . Бір бағытта "Атамекен", екінші - "Шежіре" , "Біз - еліміздің болашағымыз","Халық даналығы","Отбасындағы тәрбие" және де қазақ ,орыс мәдениеттерінің орталықтары жұмыс істейді. Басты мақсаты - бейбітшілік , келісім .

Белгілі қостанайлық ақын Ақылбек Шаяхметов өзінің шығармашылығында есте қалатын мынадай ғажайып даналық сөздерін жазған : "Древние мудрецы тремя главными достояниями называли язык , землю и народ . Скверно отзовёшься о своём народе - быть тебе без погребения , не убережёшь этой земли - пробудешь нищим , станешь глумиться над народным языком , - утратишь человеческое достоинство . Для сохранения этих достояний и для гарантии государства нужно Единство . Народ , не знающий единства , с нуждой дружит ; народ , сильный единством , со счастьем дружит" Меніңше , осының бәрі бізге жақсы өнегі , үлгі болады . Жуырда кең тойланып өткен Тілдер мерекесінде мектебімнің әр ұлт өкілдері өз тілінде амандасып , ән айтып , би билеп ,қуанышпен мерекені қарсы алып жатыр . Елімізде тату - тәтті тұрып жатқанымыз қандай жақсы ! Ең бастысы да осы емес пе ? Ал шет елдердегі соғыс жағдайын көріп отырмыз - ғой . Бейбіт өмір оларда жоқ .

Бір шаңырақта табысқан ,

Дос , бауыр көп туысқан ,

Отан - ортақ үйіміз ,

Көңілді ән мен күйіміз .

Ақпыз , қара , сарымыз ,

Ағайыңбыз бәріміз !

Біз білмейтін талай елдердің соғыстарын , террорлық істерді көргенде шошисын . Бізде бейбітшілік болып тұрғанға қуанасын , оның бәрі Елбасымыздың бейібітшіл саясатының арқасы деп ойлаймын . Бейбіт өмір, халықтар арасындағы достық , ынтымақтастық болсын деймін . Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз !

© 2010-2022