Сыныптан тыс шара: М. Мақатаев оқулары

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

27 11. 13 жыл

Қазақ сыныптары арасында. Оқ. Избастинова Б.Ш.

Сын. тыс шараның тақырыбы: М. Мақатаев байқауы

Мақсаты:1.Оқушылар арасында М. Мақатаевтің шығармаларын

насихаттау.

2. Оқушыларды поэзияға деген құштарлықтарын арттыру.

3. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Байқаудың барысы:

1 жүрг.: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ақиық ақын

М. Мақатаевтің байқауына қош келдіңіздер!

Байқау 5 кезеннен тұрады:

  1. « Зымыран» сұрақтар. ( әр жауап 5 ұпай)

  2. Топтастыру. «Мұқағали кім?» (5 ұпай)

  3. Ән тыңдап, әннің атын табу (әр жауап 5 ұпай)

  4. Өлеңді мәнерлеп оқу (5 -10 ұпай)

  5. Сөзжұмбақ шешу (әр дұрыс жауап 5 ұпай)

2 жүрг. Әр сайысты өткізген кезде әділ қазылардың орны бөлек. Жамбыл атамыз толғағандай:

«Басшы әділ болмаса,

Жұртқа әділдік орнай ма?» дегендей, әділ қазылар алқасының

мүшелерімен таныс болыңыздар:

1. 11 «а» сынып оқушысы 2. 11 «а» сынып оқушысы

3. 11 «а» сынып жетекшісі 4. 11 «а» сынып оқушысы

2 жүрг.: . Бірінші айналым « Көп ішінде сөйлеген

Көсемдіктің белгісі,

Көпке сөзі ұнаған

Шешендіктің белгісі» дегендей, сайысымыздың бірінші айналымын бастауға рұқсат етіңіздер.

«Зымыран» сұрақтар

1. Анасының аты кім? Нағиман

2. « Райымбек! Райымбек!» Поэма ма, әлде өлең бе? Поэма

3. Алғаш Мұқағали талантын кім бағалады? Ә. Тәжібаев

4.Ақынның көз тірісінде неше аударма кітабы жарық көрді? 3

5.М. Мақатаев қай қалада дүниеден өтті? Алматы

6.1999 жылы М. Мақатаевтің қай кітабы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды? « Аманат»

7. М. Мақатаевтің шын туған күні қай күн? 8 наурыз

8. Әжесінің аты кім? Тиын

9. 1941 жылы әкесі қай майданда қаза тапты? Калининград

10. « Аққулар ұйықтағанда» Өлең бе, әлде поэма ма?

2 жүрг.Екінші айналым Әділқазылар алқасы ұпайларыңды санап, қорытынды жасағанша, сіздер «Мұқағали кім?» деген сұраққа жауап беріп,топтастыру жасаңдар.

1 жүрг. Үшінші айналым Бәрекелді! « Өнерлі өрге жүзеді» деген осы! Келесі тапсырмаға назар салуларыңызды өтінемін. Ән тыңдап, әннің атын табу (әр жауап 5 ұпай)

2 жүрг. Төртінші айналым

Жарайсыңдар! «Тіліңменен жүгірме,

Біліммен жүгір» деп дана халқымыз жай айтпаған ғой! Әділқазылар қорытынды ұпайларыңызды санағанша, әр сайыскер өзінің дайындаған өлеңін мәнерлеп оқиды. (5 -10 ұпай)

1 жүрг.Төртінші айналым

«Тұмсықтының тамағы,

Шоқуменен табылар,

Өнер- білім дегенің,

Оқуменен табылар» деп, Ыбырай атамыз айтқандай, келесі тапсырма сіздерге сөзжұмбақ түрінде беріледі. Орындауға 5 мин уақыт беріледі. (әр дұрыс жауапқа 5 ұпай)

2 жүрг. Бәрекелді! Азаматсыңдар! « Тауып сөйлесең- күміссің,

Таппай сөйлесең- мыссың.»» деген осы!

1 жүрг. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

2 жүрг. Назарларыңызға рахмет!







© 2010-2022