Екі сөйлеу ерге сын Урок самопознание

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: «Екі сөйлеу-ерге сын»

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет

Қасиеттер: Адамгершілік, әдептілік, адалдық, мейірімділік, сыпайылық, шыншылдық

Сабақтың мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

- «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру;

- адамгершілік қасиеттерін дамыту;

- адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: перезентация

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Сыныптың жалпы сабаққа дайындығын тексеру.

- Тыныштық сәті «Теңіз түбіне саяхат»

Ырғақты баяу музыка қосылып тұрады

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаныңыз: денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпынына шағалалардың шуылына құлақ түріңіз.Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз.Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз:ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз,мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің жайланып отырып,өзіңді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет жағыңызға қараңыз; мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасаен зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз...бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлемсіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз?(мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады.)

Ал қазір жоғарыға өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз субетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұқағали Мақатаевтың «Шындық туралы» атты өлеңін оқу, талдау.

  • Шығармадағы шындыққа қатысты сөз тіркестерін теріп алып, оның мағынасын түсіндіріңдер.

  • Шындықты бетке айту дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

Сен өзіңді алдайсың ба?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұқағали Мақатаевтың «Шындық туралы» атты өлеңін оқу, талдау.

  • Шығармадағы шындыққа қатысты сөз тіркестерін теріп алып, оның мағынасын түсіндіріңдер.

  • Шындықты бетке айту дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

Сен өзіңді алдайсың ба?

  1. Әңгiмелеу.

  • Өз-өзіңізді алдаған кезіңіз болды ма?

  • Болса, ондай кезде қандай сезімді басыңыздан өткіздіңіз?

  • Адамдар неліктен өзін алдайды деп ойлайсыз?

  • Шығармашылық жұмыс.

«Екі сөйлеу- ерге сын» тақырыбында шағын эссе жазу.

  1. Топпен ән айту.

Б. Тәжібаевтың «Асыл арман» өлеңі орындалады.

  1. Үй тапсырмасы.

І.Омаровтың «Жастарға хат» мәтінін оқу, талдау.

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

© 2010-2022