Сабақ жоспары: Қазақстанда қысқы олимпиада өтті

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.01.2016 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Қазақстанда қысқы олимпиада өтті

Сабақтың мақсаты :

а) қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : орыс тілі, дене шынықтыру

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

2011жылы қысқы Азия ойындары ҚР- нда өтті. Азия ойындарын өткізуге дайындық ерте басталды.

Осы уақытқа дейін Азия ойындары Жапония, Қытай, Корея елдерінде өткізіліп келді. Алғашында бұл спорттық додаға 4 мемлекет қана қатысса, кейін оның саны 17-ге дейін өсті. Алғашқы Азия ойындары 1986 жылы Жапонияның Саппаро қаласында өткізілді. Онда спорттың 7 түрі бойынша сынға түсті.

Қысқы Азия ойындарына 800 спортшы, 700 жаттықтырушы, 1000 - ға тарта БАҚ өкілдері, 700 еріктілер мен 1500-дей қызметші адамдар және 5000-ға жуық полиция қызметкерлері қатысады деп күтілген болатын.

Қысқы Азия ойындарының салтанаты ашылу рәсімі 2011 жылы қаңтардың 30-да, ал жабылу салтанаты және туды беру рәсімі ақпанның 6- да Алматы мен Астана қалаларында өтті.

Жаттығумен жұмыс:

1-жаттығу . Жаңа сөздердің мағынасын түсініп, жаттап алыңдар.

2-жаттығу. Мәтінді оқып, түсіндеріңді айтып беріңдер.

3- жаттығу. «Медеу» мұз айдынындағы ерекше серуен туралы әңгімелеңдер.

4-жаттығу. Мәтінді тағы да қайталап оқыңдар, тақыоыпшаларға бөліп, ат қойыңдар.

5- жаттығу. Берілген мәтінді пайдаланып мына сұрақтарға жауап беріңдер.

6-жаттығу. Мәтінді оқи отырып, мына сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын тексеріңдер.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Үйге тапсырма : 7-жаттығу.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



© 2010-2022