Мектеп аруы-2015 6-7 кластар аралығында

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Мектеп аруы - 2015» байқаудың сценарийі


Фанфары

1-жүргізуші: Ару қыздар гүлдей нәзік қылықты,

Көздеріңе бар сұлулық тұныпты

Жалт - жұлт еткен жанарыңның жарқылы

Талай жанның мұз жүрегін жылытты.

Жазылмаған кәусар керім жырсыңдар

Ашылмаған - шашылмаған сырыңдар.

Арман болған көз алдымда қыздар - ай

Арман қыздар періштедей сырғалы

Бұратылған тал шыбықтай тұлғалы

Құлпырғанда сендер алау шашқанда

Әсемдігін жоғалтады гүл дағы.

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Мектеп аруы - 2015» байқауына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Атамыз қазақ ерте заманнан - ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген. Сонымен бірге «Қыз - қонақ», «Қыз өссе - елдің көркі», «Қызды қырық үйден тыю» деген мақал - мәтелдер бекер айтылмаса керек.

2-жүргізуші: «Мектеп аруы - 2015» байқауының да көздеген мақсаты да осындай асыл қасиеттерді ару қыздарымыздың бойынан байқап көру. Сайысымызға 6 - 7 класстарының қыздары қатысады.

Екі жүргізуші бірге: Олай болса, байқауымызды ашық деп жариялаймыз!!!

1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

2-жүргізуші: Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы да сай келетін

Бірінші келе жатқан - біздің Мөлдір.

1-жүргізуші: Шығады мың бұралып Аружан биші,

Өнерді Аружан сүйген бәрің сүйші.

Қыздары біздің топтың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші.

2-жүргізуші: Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Арманың орындалсын Жансая қыз,

Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.

1-жүргізуші: Атыңнан айналайын Слушаш деген,

Сенің ісіне жақсы баға берем.

Жеңіс туын тігерсің болашақта,

Үміті зор осы мектептің саған деген.

2-жүргізуші: Білімді оқу озаты сыныптағы,

Талай қиын істерді құрықтады.

Аружанның алдында талай іс тұр,

Болашақта жандырар үміт отты.

1-жүргізуші: Сабырлы, әрі салмақты,

Өзі өнерлі жан - жақты.

Келе жатқан Инкар,

Жарысты бүгін жалғапты.

2-жүргізуші: Аққу құстай қанат қағып самғаған,

Адал жолмен арам іске бармаған.

Адамдықты жаны сүйген қашаннан,

Алтынай да қатарынан қалмаған.

1-жүргізуші: Зухра қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

Меңгерген бар ілімді

2-жүргізуші: Аяжан қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

Ұқсайды хор қызына

1-жүргізуші: Міне сахнамызда мектептің ең әдемі, ең сұлу, ақылды, инабатты, әсем, өнерлі ару қыздарымыз жиналған. Ендеше осы ақ аруларға сабырлық, шыдамдылық, сәттілік тілейміз!

2-жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруларға

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Ару қызды таңдап бүгін алайық.

1-жүргізуші: Ал, енді, қыздарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар:

  • Музыка пәнінің мұғалімі Адилова Мағрипа Балисанқызы;

  • Технологя пәнінің мұғалімі Еркусимова Гаухар Темуровна;

  • Бейнелеу пәнінің мұғалімі Кульдирова Алима Есентайқызы.


2-жүргізуші: Ендеше «Мектеп аруы - 2015» байқауының шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыстың шарты 6 кезеңнен тұрады:

  • І кезең «Таныстыру» - қыздар өз-өздерін таныстырады;

  • 2-кезең «Қызықты сұрақтар» - сайыскерлер конверттерді таңдап, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру керек;

  • 3-кезең «Үй жұмысы «Қол өнері» - байқаудың қатысушылары жасалған қол өнерлерін көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстыру керек;

  • 4-кезең «Үй жұмысы «Ерекше тағам» - байқаудың қатысушылары жасалған тағамды көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстыру керек;

  • 5-кезең «Өз өнері» - аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді;

  • 6-кезең «Сән үлгісі» - өз қолымен жасалған көйлектерімен дефиле көрсетеді.

- Әр кезең 1-ден 5-ке дейін ұпаймен бағаланады. Әр кезеңде әділқазылар бағаларымен таныстырады. Байқаудың соңында «Мектеп аруы - 2015» анықталады. Ал енді сайысымызды бастайық!!!

1-жүргізуші: Ақ арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға,

Қорықпастан сахнаға келіп жетті.

Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе қыздарымыз өздерін таныстырып өтсін.

2-жүргізуші: Сонымен ортаға номер бірінші сайыскеріміз 6 «А» класс оқушысы Чингисханова Мөлдірді шақырамыз.

1-жүргізуші: Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен

Көпшілікке таныстыршы өзіңді -деп ортаға номер екінші сайыскер ару қызымыз Избасар Аружанды шақырайық.

2-жүргізуші: Аружанға көп-көп рахмет. Ортаға 6 «Г» класс оқушысы Жарылғап Слушашты шақырамыз.

1-жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнер жетер дейміз.

Сайысқа келген төртінші ару

Таныстырып жіберсінші дейміз - деп ортаға Амантаева Аружанды шақырайық.

2-жүргізуші: Келесі сөз кезегі 5-ші номерлі ару қыз Чаканбетова Инкарға береміз.

1-жүргізуші: Ал енди 6 номерлі аруымыз Сарина Алтынайды қошеметтеп шақырайық.

2-жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада

Өмірде сақталсын ұлт әдебі -деген өлең жолдары соңғы сайыскер ару қызға арналады. Сахнада - 7 «В» класс оқушысы Шырақбаева Зухра.

1-жүргізуші Ал енди 8 номерлі аруымыз қошеметтеп шақырайық.

2-жүргізуші: Келесі сөз кезегі 9-шы аруымыз Құрманғазықызы Аяжанға беремиз

1-жүргізуші: Бірінші кезең аяқталды, ал енді әділқазылар бағаларымен таныстырса.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

1-жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ - жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте аруларымыз сұрақтарға жауап беру керек.

2-жүргізуші: Құрметті арулар, барлығыңызды ортаға шақырамыз. Бір бірден келіп, конверттерді алуыңызды сұраймыз. Ойлануға екі минут беріледі. Егер жауабыңыз дайын болса, ортаға шығып, айтуға болады.

1-жүргізуші: Екінші кезең аяқталды, ал енді әділқазылар бағаларымен таныстырса.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

1-жүргізуші: Арулар - асыл жандар,

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар,

Арулар - асыл жандар,

Арулар - асыл жарлар.

2-жүргізуші: Шарт бойынша келесі кезеңіміз - «Қол өнері». Байқаудың қатысушылары жасалған қол өнерлерін көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстырып өтсін.


1-жүргізуші: Үшінші кезең аяқталды, ал енді әділқазылар бағаларымен таныстырса.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

1-жүргізуші: Келесі төртінші кезеңіміз «Ерекше тағам». Байқаудың қатысушылары жасалған тағамды көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстырып өтсін.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

1-жүргізуші: Төртінші кезең аяқталды, ал енді әділқазылар бағаларымен таныстырса.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

.1-жүргізуші: Өнер - білім тапқырлықтың тарлан

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та. - дей келе бесінші кезеңге көшейік. Шарт бойынша ару қыздар өз өнерлерімен таныстырады.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

1-жүргізуші: Бесінші кезең аяқталды, ал енді әділқазылар бағаларымен таныстырса.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

.


1-жүргізуші: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі сәнін,- дей келе аруларымыз сән үлгілерін көрсетеді.

2-жүргізуші: 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

.

1-жүргізуші: Байқаудың соңғы кезеңі аяқталды, ал енді әділқазылар бағаларымен таныстырса.

2-жүргізуші 1) Чингисханова Мөлдір

2) Избасар Аружан

3) Сейілханова Жансая

4) Жарылқап Слушаш

5) Амантаева Аружан

6) Чакамбетова Инкар

7) Сарина Алтынай

8) Шырақбаева Зухра

9)Құрманғазақызы Аяжан.

.

1-жүргізуші: Байқаудың қатысушыларына рақмет. Сайыстың кезеңдері аяқталды. Ал енді әділқазылар қорытынды шығарғанша биді тамашалайық.

Қазіргі заманғы би

2-жүргізуші: «Мектеп аруы - 2015» байқауды қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

1-жүргізуші: Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет. Осымен «Мектеп аруы - 2015» байқауды жабық деп жариялаймыз!

Екі жүргізуші бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!


1-жүргізуші - Елюбаев Алишер

2-жүргізуші - Султангереева Нұршат



© 2010-2022