Қызықты фонетика бағдарламасы 5-сыныпқа арналған

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

























Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп

Бекітемін:

Мектеп директоры

А.Жаныгулова

Келісемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

Э.Базылбаева

Қаралды:

ӘБ жетекшісі

А.Жексенова

БАҒДАРЛАМА

5 - сынып


Қызықты фонетика бағдарламасы 5-сыныпқа арналған










2014 - 2015 оқу жылы


Құрастырған: Павлодар облысы Май ауданы

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.К. Абеуова






Бұл бағдарлама әдістемелік бірлестікте қарастырылды

№ хаттама "__" "________" 2014 ж






































  • Сөздерді орфоэпиялық, орфографиялық нормаларға сай жазып, айта білуі.

Сөзжасам бойынша:

  • Сөздердің түрлі тәсіл арқылы жасалатынын білуі;

  • Жұрнақ арқылы жасалған сөздерді тани алуы,

  • Синтаксистік жолмен біріге, қосарлана, тіркесе жасалған сөздерді ажырата алуы,

  • Түбір сөз бен туынды сөздерді айыра алуы.

Біліктілігі:

Оқушы:

Лексика бойынша:

  • Лексикалық терминдердің мәнін ажырата алуы, орынды жұмсай алуы;

  • Лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңызын айта алуы;

  • Сөздерді лексикалық нормаларға сай қолдана алуы,

  • Тұрақты тіркестер мен мақал - мәтелдерді орынды қолдана алуы;

  • Лексикографиялық сөздіктермен жұмыс істей алуы;

Фонетика бойынша:

  • Тіл дыбыстарын классификациялай алуы;

  • Тіл дыбыстарының жасалу жолын дәлелдей алуы,

  • Жазба тілде орфографиялық заңдылықтарды сақтай білуі;

  • Ауызша тілді орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлей алуы;

  • Сөздіктермен жұмыс жасай алуы тиіс.


Түсінік хат

Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті авторлық бағдарлама» негізінде жасалған. Ұлттық мәдениетке, ұлт тіліне деген қоғамдық сұранысына орай ана тілі пәнін оқытуда жаңа бағытта жүргізіле басталды.

Тіл кез келген танымдық іс - әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы үлкен.

5 - сыныпқа арналған бұл бейімдік бағдарламада жаңа кезең талабына сай ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі түрде меңгерген, өз ана тілі - қазақ тілінің ерекшеліктерін білетін, тіл білімі салалары бойынша талдай алатын тұлға қалыптастыру.

Мақсаты:

  • Тіл білімі салалары бойынша талдауды үйрете отырып, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін ұғындыру

Міндеті:

  • Сөз мағыналарын үйрету

  • Сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін үйрету

  • Сөздердің жасалу жолын, түбір мен қосымшаларын ажыратуды үйрету

  • Тұрақты тіркестер мен олардың мағыналарын үйрету

Бағдарламаны меңгеру деңгейінің талаптары:

  • Лексика саласы бойынша сөздік құрам мен сөздік қорды ,

  • Сөздің тура және ауыспалы мағынысын,

  • Фонетика саласы бойынша дауысты және дауыссыз дыбыстардың жіктелуін

  • Буын, тасымал түрлерін үйретеді.

  • Күрделі сөздің түрлерін

  • Синтаксис бойынша сөз тіркесін,тұрақты тіркестерді,

  • Сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелерін үйрету көзделген.

Осы құрылған авторлық бағдарламам балалардың, яғни жеке тұлғаның жан - жақты дамуына және оқу үлгерімінің сапасын көтеруге қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенемін.




Оқушылардың дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар

Білім:

Оқушы:

Лексика бойынша:

  • Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, қолдана алуы;

  • Ауыспалы мағынадағы сөздер мен көп мағыналы сөздерді дұрыс қолдана алуы,

  • Сөздерді мағыналық топтарына қарай жіктеп, сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана алуы, омонимдер мен көп мағыналы сөздерді ажырата білуі;

  • Синонимдік қатардан контекске сай сөздерді іріктей алуы;

  • Тұрақты тіркестер мен мақал - мәтелдердің өзіндік белгілерін анықтап, оларды ауызекі сөйлеу және жазба тілдерінде орынды кірістіріп, қолдана алуы;

  • Қазақ тілінің сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын ажырата білуі;

  • Басқа тілден енген сөздердің емлесін игеруі;

  • Сөздіктермен жұмыс істей алуы.

Фонетика бойынша:

  • Фонетикалық терминдерді дұрыс ажыратып, қолдана алуы;

  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы мен бірлігін, арақатынасын білуі;

  • Сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алуы;

  • Сингармонизм, ілгерінді және кейінді ықпал туралы білімін сөйлеу тілінде дұрыс қолдана алуы;

Қос сөздер (1 сағат). Түбірлердің қосарлануы арқылы жасалған жаңа сөздер.

Біріккен сөздер (1 сағат). Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер.

Қысқарған сөздер (1 сағат).

Тіркесті сөздер (1 сағат).

Сайыс сабағы: (1 сағат). «Сөз мергені»

Жай сөйлем түрлері (1 сағат). Сөйлемдер құрамына қарай, сөйлем мүшелерінің қатысына қарай жақты, жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз болып бөлінетіндігі.

Тұрлаулы мүшелері(1 сағат). Бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы болатын себептері. Бастауыш, бастауыш болатын сөз таптары. Бастауыштың сұрақтары, сөйлемдегі орны. Баяндауыш, баяндауыш болатын сөз таптары. Баяндауыштың сұрақтары, сөйлемдегі орны.

Тұрлаусыз мүшелер (1 сағат). Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштардың тұрлаусыз аталу себептері. Толықтауыш және оның түрлері. Толықтауыштың сұрақтары, жұмсалу ерекшеліктері, мағынасы. Пысықтауыштың сұрақтары, мағыналары. Анықтауыш болатын сөз таптары. Анықтауыш сұрақтары, мағыналары.

Бірыңғай мүшелер (1 сағат). Бірыңғай мүше болудың шарттары: бір сөз табынан болатындығы, бірдей сұраққа жауап беретіндігі, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратындығы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгілері.

Сайыс сабағы: (1 сағат). «ХХІ ғасыр көсбасшысы»


5- сынып

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Қазақ тіл білімі туралы (1 сағат)

Кірме сөздер (1 сағат). Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары(сол қалпында, дыбыстық өзгеріске ұшырап енуі). Олардың сөздік құрамнан алатын орны. Басқа тілден енген сөздердің емлесі, орфоэпиялық нормасы.

Көнерген сөздер (1 сағат). Көнерген сөздердің тарихи және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық - әлеуметтік атауларға, ал архаизмдердің халықтық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптық атауларға қатыстылығы. Қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздердің «жаңғңыру» үрдісі, этнолингвистикалық атаулардың қайта жандануы.

Жаңа сөздер (1 сағат). Жаңа сөздердің жасалуы. Жаңа сөздердің ең әуелі баспасөз, ақпарат құралдары арқылы таралып, тілге сіңісетіндігі, бірте - бірте жалпылама лексикаға ауысатыны.

Термин сөздер (1 сағат). Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы. Терминнің қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі. Терминдердің жасалу жолдары.

Кәсіби сөздер (1 сағат). Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке байланысты қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Кәсіби сөздердің термин сөздерге жақындығы.

Диалект сөздер (1 сағат). Диалект сөздердің өзіндік белгілері. Диалектілердің тарихпен, аймақтық ерекшеліктермен байланысы. Диалект сөздердің тіл мәдениетімен қатысы. Диалектілердің қолданылу өрісі. Диалектологиялық сөздік.

Тұрақты тіркес (1 сағат). Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы. Фразеологизмдердің синониммен, антониммен байланыстылығы. Фразеологиялық сөздік.

Сайыс сабағы: (1 сағат). «Мың бір мақал»

Көп мағыналы сөздер (1 сағат). Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болатындығы. Бұлардың әр сөз табына емес, бір ғана сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шығатындығы.

Омонимдер (1 сағат). Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да болатындығы, түбірлердің сөз тудыруға ұйытқы болатындығы. Омонимдер сөздігі.

Синонимдер (1 сағат). Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап, саралап қолданудың мәні.синоним сөздердің бір ғана сөз табына қатыстылығы. Синонимдер сөздігі.

Антонимдер (1 сағат). Антонимдердің қарсы мәндес сөздердің жұбынан тұратындығы. Антонимдердің көп мағыналы сөздерге, синонимдерге, омонимдерге қатысы. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі жеткізудегі мәні.

Сайыс сабағы: (1 сағат). «Алтын қақпа»

Дыбыс және әріп (1 сағат). Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіру. Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалуы. Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін білудің мәні.

Дауысты дыбыстар (1 сағат). Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы. Дауысты дыбыстардың жіктелуі.

Дауыссыз дыбыстар (1 сағат). Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен салдырдан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, буын құрай алмайтындығы. Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай жіктелуі.

Буын мен тасымал (1 сағат). Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық, тұйық және бітеу. Сөздерді тасымалдау тәсілдері.

Ілгерінді ықпал (1 сағат). Ілгерінді ықпал анықтамасы, оның ерекшелігі, қолданылатын орындары.

Кейінді ықпал (1 сағат). Кейінді ықпал анықтамасы, оның ерекшелігі, қолданылатын орындары. Сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін сақтап айтудың тіл мәдениетімен байланысы.

Сайыс сабағы: (1 сағат). «Білім шыңы»

Түбір мен қосымша (1 сағат).

Жұрнақ (1 сағат). Жұрнақ туралы түсінік. Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер.

Жалғау (1 сағат).











© 2010-2022