Конспект урока по казахскому языку «Ана тілім - әнім»

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім-әнім.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: септіктерді қайталау, тақырып бойынша сөздік қорын молайтып, тіл туралы білімдерін тереңдету, өз ойларын сауатты жазуға, ауызекі тілде дұрыс сөйлеуге үйрету.

2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз бетінше білім алып, ізденіп, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер, презентация

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдерi

Мұғалiмнiң iс-әрекетi

Оқушылардың iс-әрекетi

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, отырғызу.

2. Өткенді қайталау кезеңі.

Үй жұмысын тексеру

Фонетиканы, морфологияны қайталау;

Сөйлеу минуті.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өздері бір-біріне құрақтар қояды.

3. Жаңа тақырыпқа дайындалу кезеңі


сергітусәті

Тіл дамыту:

Сұрақ-жауап өткізу:

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Күзден кейін қандай мезгіл келеді?

  • Қыс айлары қандай?

  • Қыста күндер қандай болады?

  • Қыста адамдар не істейді?

  • Қыста қандай өзгерістер болады?

  • Қыс қандай жыл мезгілі?

  • Саған қысқы күндер ұнайды ма?

4.Сөздік диктант

(есте сақтау)

Үздік,әдепті,мінез-құлық,құстар,бөлінеді

үлгілі,жағымды

Есте сақтау арқылы жазу, сөйлем құрастыру, сұрақ қою.

4. Жаңа тақырып

Сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

- Сен қандай мемлекетте тұрасың?

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Қазақстанның ел басшысы кім?

- Қазақстанның астанасы қай қала?

- Қазақстанның рәміздері қандай?

- Сен Қазақстанның қай облысында тұрасың?

- Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?

- Сен қазақ тілінде сөйлей аласың ба?

- Сенің ана тілің қай тіл?

- Өз ана тіліңді жетік білесің бе?

Мәтінмен жұмыс (тыңдалым)

Ана тілім-әнім.

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана тілі -атаңның , анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Өнерлі , білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады.

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Мұнда қазақ, орыс, кәріс, неміс, украин, татарлар тұрады. Олар-өте тату тұрады. Қазақ тілі -мемлекеттік тіл. Қазақ тілі - қазақ халқының тілі. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі

INSERT стратегия арқылы мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, мағынасы түсініксіз сөздердің астын сызу, сөздік арқылы аудару

Жаңа сөздермен жұмыс:

  • сөздікке көшіріп алу;

  • аудармасын жазу;

Тапсырма парақшаларымен жұмыс:

1. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастыр:

2. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

3. Кестені толықтыр: жалғаулары бар сөздерді

теріп жаз.

4. Диалогті сұрақпен толықтырып, сұхбаттқа айналдыр.

5. Берілген сөздерді сөз құрамыны талда.

6. Мәтін бойынша жоспар құрастыр. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеп бер.

1

Берілген сұраққа оқушылар жауап береді.



Мұғалім мәтінді 2рет оқиды ал оқушылардың мақсаты түсінгендерін айтып беру. (сұрақтар құрастыру,негізгі ойын анықтау)

Оқушылар өз бетінше мәтінді оқиды, мағынасы түсініксіз сөздердің астын сызады,сөздікке көшіріп жазады.

Оқушылар жаңа сөздерді пайдаланып ауызша сөз тіркестер мен сөйлемдерді құрастырады.

5. Бекіту кезеңі

мемлекеттік -сөзінен бірнеше жаңа сөздер құрастыру.

Оқушылар өз бетінше сөздерді жазады.

6. Үй жұмысын беру

Айтылым. Жазылым. Мәтін бойынша жоспар құрастыр. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеп бер.

Күнделіктерді ашып, үй тапсырмасын жазады.

7. Бағалау

Сабаққа белсендi қатысқан оқушыларды бағалау.


















Ана тілім-әнім.

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана тілі -атаңның , анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Өнерлі , білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады.

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Мұнда қазақ, орыс, кәріс, неміс, украин, татарлар тұрады. Олар-өте тату тұрады. Қазақ тілі -мемлекеттік тіл. Қазақ тілі - қазақ халқының тілі. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.

Сөздік: ізгілік-доброта, қастерлеу-дорожить,уважать, ұлт өкілдері- представители национальностей , азамат- гражданин, арқылы- с помощью,игілігі-достояние, дамиды- развивается

Тапсырма парақшасы:

1. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастыр:

2. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

3. Кестені толықтыр: жалғаулары бар сөздерді теріп жаз:

Көптік жалғау

Септік жалғау

Тәуелдік жалғау

Жіктік жалғау

адамға

-

ға-Б.с.

-

-

4. Диалогті сұрақпен толықтырып, сұхбаттқа айналдыр.

- ......................................................................... ?

- Қазақ тілі тілі - қазақ халқының тілі.

- ........................................................................... ?

- Мен мемлекеттік тілді құрметтеймін.

- ............................................................................. ?

- Менің досымның ана тілі-орыс тілі.

- ........................................................................ ?

5. Берілген сөздерді сөз құрамыны талда.

Елімізде, баласының, атаңның, ана сүтімен.

6. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Конспект урока по казахскому языку «Ана тілім - әнім»

© 2010-2022