Ашық тәрбие сағаты: Қазақстан -достықтың киелі бесігі»

Мақсаты: еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын атап көрсету. Отанды сүюге, достыққа, ұлтжандылыққа, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сурет көрмесі, шарлар. Өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: А) оқушылармен амандасу; ә) Қазақстанның атаулы мерекесімен құттықтау. ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: »Қазақстан - достықтың киелі бесігі»

Мақсаты: еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын атап көрсету.

Отанды сүюге, достыққа, ұлтжандылыққа, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сурет көрмесі, шарлар.

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен амандасу;

ә) Қазақстанның атаулы мерекесімен құттықтау.

Әнұран орындалады.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», дейді қазақ мақалы. ҚАЗАҚСТАН - көп ұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, қырғыз, түрікмен, шешен, белорус, украин, чуваш, азербайжан, өзбек, т.б. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық араласып, өмір сүрудеміз.

Ән. «Қараңгы түнде тау қалғып»

Мұғалім сөзі: Осы әніміз бен сәнімізді бұзбау 0статностың да қауіпсіздігі.

Иә, шынында да, біз қауіпсіздік, тыныштық, татулық, бірлік халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасының өрге басуының аса маңызды факторларының бірі болып табылатынын түсінуге тиіспіз. (Слайд көрсетіліп тұрады).

Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблеяның құрамына 33ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 621-ге жуық этно-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық «Қазақ тілі», «Русская община» мәдени орталығы, «Стоки» мәдени-ағарту қоғамы, республикалық татар мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі, өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, венгр, күрт, ұқытай мәдени орталықтары жұмыс істеуде.

Қазақ және орыс тілді БАҚ қоспағанда 11тілде газет-журналдар шығарылып, 8 тілде радиобағдарламалар мен 7 тілде телебағдарламалар жұмыс істейді.

Бүгінгі таңдаелімізде сабақтар түгелдей өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар, 108 мектепте 22 этностың ұлттық тілдері таңдау пәні ретінде оқытылады. Сонымен қатар, 195 арнайы мамандандырылған лингвистикалық орталықтарда 30 этностың тілін оқып-үйренуге жағдай жасалған.

Қазақ және орыс театрларын қоспағанда отанымызда кәріс, неміс, өзбек, ұйғыр театрлары жұмыс істейді. Осының бәрі ынтымақ пен бірліктің белгісі емес пе?

Ел президенті Н.Ә.Назарбаев 2009жылы 26 қазанда болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы 15-сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ассамблея - еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды»,- деп атап көрсетті.

1-оқушы: Сәулесі мен жарқынын,

Төксін ләйім күн нұры.

Қазақстан халқының,

Арта берсін бірлігі.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Мұғалім сөзі: Енді әр ұлт өкілдеріне сөз берейік. Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы, - деп орыс мәдени орталығына сөз береміз.

2-оқушы: Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезеңде біздің орталық өлке жұртшылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жоқ. Әрине, негізгі мақсатымыз - славян мәдениетін дамытуға, орыс тілін оқытуға, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан қашан да осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Барлық мерекелерде басқа халықтармен бңрге өзіміздің өнерімізді көрсетіп ән салып, би билеп, той тойлаймыз.. Біз үшін басты мәселе өзара түсіністігімізді дамыту. Қазақстан жасасын!

Орыс ойыны: «Қылқанды ормандағы аюға барғанда»

3- оқушы: (Өзбек мәдени орталығының өкілі) Ең алдымен, өзіміздің Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызды мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Қазақ пен өзбек бір тамырдан шыққан халықпыз ғой, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Жүрегі кең, бауырмал қазақ елінен өз тарапымызға айтылған ауыр сөз, бөтен ой естіген емеспіз. Мен елміздің амандығын, осы бетпен алға жүре беруін тілейміз.

Өзбек ойыны: «Ақ терек, көк терек»

4- оқушы: (Түрік мәдени орталығының өкілі) Біз қазақ халқының шексіз дархандығын айтқымыз келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады. Өйткені достығы, бірлігі мықты ел қашан да дараланып тұрады.

Қазақстанның халықаралық беделін одан әрі арттырамыз!

Би: «Түркі биі»

5- оқушы: (Татар мәдени орталығының өкілі) Қазақстан Республикасында тұратынын мақтан тұтатын қлттың бірі - біздер татарлар. Дініміз бөлек болса да, түпкі тіліміз бір болғандықтан қазақ тілін үйренуге балаларымыз да бейім. Қазақ жеріндегі жақсы тұрмысымыз туралы сырттағы бауырларымыздың аузынан естіп төбем көкке бір елі жетпейді. Жасасын Қазақстан!

Татар ойыны: «Орынға тұра қал»

Қорытынды. Мұғалім сөзі: Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы «Қазақстан - 2050 стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбында өтті. Елдің елуінші жылға дейінгі бағдарлы құжатын орындауға ассамблеяның айрықша үлесі бар. Кез келген елдің дамуы алдымен татулықтың, онан соң тұрақтылықтың арқасында екендігі дәлелденген қағида. Оны сақтай білу - бүгінгі Қазақстан қоғамының алдындағы құнды парыз.

Бүгінгі сабағымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзімен қорытындыламақпын. «Береке басы - бірлік», дейді қазақ. Ал береке-бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр. Біз дүниежүзі бір-бірімен етене араласып, біте қайнасқан кезеңде өмір сүрудеміз. Әлемді шарпыған дағдарыс әлі аяқталмаған жоқ. Жаһандық сипатқа ие болған қиындықтар қайта айналып соғуы мүмкін. Сондықтан, ең қастерлі қазынамызды - Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, мемлекетімізді нығайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік қажет! Олай болса, қашан да еңселеріңіз биік, татулығымыз баянды болып, ел келешегі жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін.

Құрметті оқушылар! Сіздер де тәуелсіз Қазақстанның азаматтары ретінде татулық пен бірлікті ту етіп ұстап елімізді өркендетуге өз үлестеріңізді қосатындарыңызға біз шек келтірмейміз.

Тұратын сан алуан ұлттан, ұлыстан,

Аман болсын даудан, алыс-жұлыстан.

«Ырыс түбі - ынтымақ» деп жарасып,

Қазақстан болсын жайнап Гүлстан.

Біздің бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан - достықтың киелі бесігі» атты ашық тәрбие сағатымыздың соңғы нүктесін қазақ халқының екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнімен тамамдамақшымыз. Қабыл алыңыздар!






Жалпы білім беретін Шипов орта мектебі











Ашық тәрбие сағаты: Қазақстан -достықтың киелі бесігі»

(Ашық тәрбие сағаты, 5-сынып)






Өткізген: Ниталиева А.О.




2014-15 оқу жылы





© 2010-2022