Сабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабы

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабыСабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабыСабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабыСабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабыСабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабыСабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабыСабақ жоспары: Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабыСабақтың тақырыбы : Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» кітабы

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік : Ж.Баласағұни өмірінен мағлұмат беру шығармашылығын талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту ;

Ә)Дамытушылық: тіл байлығын ,сөздік қорын , көркем сөйлеу дағдысын дамыту;

Б)Жаман әдеттерден аулақ болуға , достықты құрметтеуге тіл қадірін білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап ,ой қозғау,топпен жұмыс,шығармашылық іздену

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,кестелер ,сызбалар . «Ежелгі дәуір әдебиеті» кітабы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру . Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген шығармашылық жұмыстарын оқыту ,талдау.

Өткен сабақты қорыту : Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын салыстыра отырып қорытамын.

Жаңа сабақ: Ж.Баласағұни өмірі жайында мәлімет аз. Ол 1015-16 жылда Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген .Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Бірі Жетісу,Шу жағалауында десе ,екіншісі Жамбыл облысының аумағында дейді.Кейбір деректерде Баласағұн Қарахан мемлекетінң қолөнер сауда орталығы болғанын айтады.

Баласағұни-ақын,ойшыл.Ол 85 тараудан тұратын « Құтты білік» атты кітап жазған . Кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған . Оған «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.

«Құтты білік» поэмасы-ең алғаш ,ең көне ,түркі тілінде жазылған шығарма. Ол-түркі тектес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат. Онда жалпы адамзат баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу,білім,тіл өнері,ел басқару,тұрмыстық мәселелер қамтылған.Кітап ақыл-өсиет , өнеге-уағыз үлгісінде жазылған. Баласағұни осы кітабы арқылы
Ұлы Хас Хажиб (сарай министрі) атағын алған.

Ойшыл

Ғалым

АқынАссоциация:

Ж.Баласағұни

Білімпаз

Құтты білік

Хас Хажиб

Оқулықпен жұмыс: «Құтадғу билиг»

Транскрипциясы Аудармасы п

144.Төрүтти өзгүрди сечу йаңлуқұғ 144.Тәңірі адамдарды жаратты үздік етті,

Аңар берди ердам билиғ өг уқуғ Оған өнер,білім ақыл,ой берді

145.Көңүл берди хам ма йурытты 145.Көңіл берді әрі тілін сайратты

тилиг

Овут берди қылқ хам қылынчы силиг Ұят берді: «Сондықтан! Мінезі мен қылығы сынық

Кітаптан үзінділерді өзім де ,оқушыларға да мәнерлеп оқытамын.Онда адам бойындағы жаман қасиеттер туралы ,достық тіл туралы айтылғанын түсіндіремін.

Венн диаграммасы:

І топ ІІ топ

Ж.Баласағұни

Өлеңі

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап

...................

Ұқсастығы

Абай өлеңі

Бес нәрседен қашық бол

.......................

Ж.Баласағұни сөзі

........................

Тіліңді бақ,тісің сынып қалмасын

Ұқсастығы

А.Йүгінеки сөзі

.....................

Тіліңді тарт,тісің сынбасын

Білімді бекіту:

І топ Түсіндірме кұнделігін жазу ІІ топ Екі жақты бақылау күнделігін жазу

Маған ұнаған жері

Неліктен ұнады?

Мәтіннен үзінді

Оқушы пікірі

Мақал-мәтел



Бағалау.

Үйге тапсырма:Үзіндіні оқу,сөзжұмбақ құрау.

© 2010-2022