Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КММ «Тополевка орта мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Қалдыбаева Майра Орынғалиқызы

Сынып: 6

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушылардың ұлы ақын жайлы білетін білімдерін жинақтап, оларды толықтыру, шығармашылығымен таныстыру; Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ауызекі тілде сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру; Тәрбиелік: Ақынның табиғат лирикасын оқыту арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, туған елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу

Негізгі дереккөздер: Ақынның шығармалар жинақтары, слайдтар, ақынның портреті, қорықтардың суреттері, бағалау парақтары, стикерлер

Сабақтың түрі: біріктірілген

Сабақтың әдіс- тәсілдері:мотивациялық сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыстар

Сабақтың барысы: І Психологиялық ахуал. Сынып оқушылары бір бірлерінің қолдарынан ұстап, дөңгелене тұрады. Сағат тілінің бағытымен қарай бір бірлеріне жақсы, жылы сөздер айтады. ІІ Үй тапсырмасын тексеру: а) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы өткен мәліметтер бойынша әңгімелету; ә) Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында тест жұмыстарын жүргізу. Жұмыстарын берілген жауап парақтары арқылы тексеріп, бағалау парақтарына өз өздеріне баға қояды; ІІІ Жаңа сабаққа кіріспе: Оқушыларға «Қорық дегеніміз не?», «Қазақстанда қандай қорықтар бар?», «Ол қорықтар не үшін қажет?» деген сияқты сұрақтар қойып, берілген жауаптарын жинақтай келе, бүгінгі сабақтың тақырыбына келу (оқушылардың жауаптарынан кейін қорықтардың суреттерін, олар бойынша мәліметтер көрсету); ІV Жаңа тақырыпқа түсінік: Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында. V Оқулықпен жұмыс. Ақынның табиғат лирикасына байланысты берілген өлеңдерді мәнерлетіп оқыту, өлеңдерге талдаулар жасату (ұйқас түрлеріне байланысты, тармақ, бунақ түрлеріне, айшықтаудың түрлеріне байланысты);

VІ Сергіту кезеңі. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін нақышына келтіріп орындату; VІІ Топтық жұмыс Сынып оқушыларын түрлі түсті қағаздар арқылы екі топқа бөлу. Топтық жұмыс орындату; Абайдың табиғат лирикасына байланысты ұнаған өлеңдерінің бірін постерге бейнелеу арқылы көрсету;

VІІІ Сабақты бекіту. Сабақты «Абай кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы бекіту;

ІХ Бағалау критерийлері: Үй тапсырмасының орындалуы Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс Оқушылар бағалау парақтарына қойылған бағаларын қорытындылап, өткізеді.

Х Рефлексия: Оқушылар алдыларында сабақтың басында таратылып берілген стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, ұнаған, ұнамаған жақтарын белгілеп, көрсетіп, тақтада ілулі тұрған вазадағы гүл сабақтарының біріне жабыстырады.









Сабақтан көрініс

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарҚазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспарҚазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар







© 2010-2022