Планы для 0 класса 3

Мерзімі 3.09.2014 ж Білім беру саласы: «Қатынас». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі». Тақырыбы: Сәлем! Сәлеметсіз бе! Мақсаты: амандасу үлгілерін үйрету. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: ата, әже және кішкентай ұл мен қыздың суретінен тұратын слайд. Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптер, үлестірмелі материал, түрлі түсті қарындаштар. Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.... Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық Педагог топтағы балаларды амандасу үлгілерімен таныстыру үшін топқа бір үлкен кісіні (тәрбиеші, күтуші) және ересек топтан бір баланы қонақка шақырады. Ең алдымен үлкен кісі топқа кіріп, балалармен амандасады. Балалар топқа кірген қонақпен «Сәлеметсіз бе!» деп аман­дасады.   Ұйымдастыру-шылық-ізденістік   Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» тақырыбына арналған оку іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша амандасу үлгілерін қайталатады. Балаларға өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын түсіндіреді. Топтагы бала­лар «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін хормен бірнеше рет кайталайды.   Рефлексиялық-түзетушілік   Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналыскандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды     Күтілетін нәтиже: Біледі: балалар өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын меңгереді. Игереді: «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін үйренеді.                         Мерзімі 4.09.2014 ж   Білім беру саласы: «Қатынас». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі». Тақырыбы: Сәлем! Сәлеметсіз бе! Мақсаты: амандасу үлгілерін үйрету. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: ата...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы

Оқу іс-әрекетінің мазмұны

caғат саны

Мерзімі

Түзету

I тоқсан

3

Сәлем!

Сәлеметсіз бе!

Амандасу үлгілерін үйрету. Оларды күнделікті өмірде орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

3



6

Сау бол! Cay болыңыз!

Қоштасу үлгілерімен таныстыру. Амандасу, қоштасу үлгілерін орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тэрбиелеу.

3



9

Сенің атың кім?

Танысу үлгісін үйрету. Балаларды өзара достық қарым-қатынасқа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

3



12

Үй. Балабақша

Балаларды үй, балабақша сөздерімен таныстыру. «Мынау» сөзімен байланыстыра қолдануға үйрету. Өз үйлеріне, балабақшаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

3



15

Мынау не?

Ойыншық атауларын үйрету. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойыншықтарды таза, үқыпты ұстауға баулу.

3



18

Доп берші

Ойыншық атауларын қайталау. Оларды берші сөзімен байланыстара қолдануға, ойнағысы келген ойыншықты сұрап алуға үйрету.

3



21

Ақ. Қара

Балаларға түс атауларын (ақ, қара) үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

3



24

Қандай?

Балаларға түс атауларын (қызыл, сары, көк, жасыл, қоңыр) үйрету. Оларды басқа сөздермен байланыстыра қолдану дағдыларын қалыптастыру. Балаларға эстетикалық тәрбие беру.

3



27

Бір. Екі.Үш

Үшке дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру.

3



II тоқсан

30

Төрт. Бес

Беске дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру.

3



33

Алты. Жеті

Беске дейін санауды үйрету. Отыр, тұр, секір, жүгір сөздерімен таныстыру. Оларды іс-қимыл арқылы есте сақтауға дағдыландыру.

3



36

Сегіз. Тоғыз. Он

Онға дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру.

3



39

Тоқта!

Бағдаршамның түстері арқылы қызыл, сары жасыл түстерді қайталау. Тоқта, дайындал, жүр етістіктерін үйрету. Ұжымда бірлесіп әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру.

3



42

Қандай? Неше?

Түстерді және онға дейінгі сан-дарды қайталау. Ұжымда бірлесіп әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру.

3



44

Мынау кім?

«Кім?» сұрау есімдігін қолдана алуға үйрету. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға, сыйлауға тәрбиелеу.

2



III тоқсан

45

Мынау кім?

«Кім?» сұрау есімдігін қолдана алуға үйрету. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Отбасы мүшелеріне құрметпен қарауға, сыйлауға тәрбиелеу.

1



48

Менің отбасым

Отбасы мүшелері атауларын үйрету. Өз отбасы мүшелерін атай алуға жаттықтыру. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3



51

Менің қарындасым

Отбасы мүшелері атауларын үйрету. Сөздік қорларын аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас сөздерімен толықтыру. Қарындас, сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсіндіру.

3



54

Мынау не?

Аң атауларын үйрету. Аңдар туралы түсінік беру. Аңдарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

3



57

Неше піл?

Аң атауларын қайталау. Сандарды еске түсіру. Аңдарға деген қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

3



60

Мынау не?

Үй жануарлары атауларын үйрету. Сөздік қорларын арттыру. Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

3



63

Үлкен. Кішкентай

-

«Үлкен, кішкентай» сөздерімен таныстыру. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру. Үй жануарлары мен аңдарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

3



66

Мынау - алма

Бакшадағы жеміс-жидектер түрімен таныстыру. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3



69

Мен алма жеймін

Жеміс-жидектердің атауларын қайталау, оның түсін ажырату. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3



72

Мынау - сәбіз

Балаларды көкөніс атауларымен таныстыру. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұкыптылыққа тәрбиелеу.

3



73

Қоян сәбіз жейді

Аңдардың, жемістер мен көкөністердің атауларын кайталау. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1



IV тоқсан

75

Қоян сәбіз жейді

Аңдардың, жемістер мен көкөністердің атауларын кайталау. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

2



78

Мынау - сүт

Азық-түлік, тағам, сусын атауларымен таныстыру. Оларды жеймін, ішемін сөздерімен байланыстыра қолдануға үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

3



81

Балмұздақ

Балаларға балмұздак сөзін, оның тәтті, суық болатынын үйрету. «Балмұздақ тәтті. Мен балмұздақ жеймін» деген сөйлем үлгілерін үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

3



84

Бас. Қол. Аяқ

Балаларды бас, қол, аяқ Деген сөздермен таныстыру. Оларды басқа сөздермен байланыстыра қолдану дағдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

3



87

Он саусақ

Балаларды саусақ деген сөзбен таныстыру. Онға дейін санауды үйрету. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру.

3



90

Киімдер

Балаларды киім атауларымен таныстыру. Оларды түсімен атауға үйрету. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

3



92

Ақ көйлек. Көк көйлек

Көйлек туралы тақпақты үйрету. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

2



94

Астана. Алматы

«Мынау - Астана қаласы», «Мынау - Алматы қаласы» деген сөйлемдерді үйрету. Тақпақты жаттату. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

2



96

Қазақстан

«Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан - үлкен, әдемі» деген сөйлемдерді айта алуға үйрету. Сөздік қорларын арттыру. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

2



98

Қыс. Жаз

Қыс және жаз мезгілімен таныстыру. «Қазір қай жыл мезгілі?» деген сұраққа қысқа жауап бере алуға үйрету. Сөздік қорларын арттыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

2



100

Көктем. Күз

Көктем және күз мезгілімен таныстыру. Жыл мезгілдерін атай алуға үйрету. Байланыстыра сөйлеу дагдыларын қалыптастыру. Балалардың танымдық білімдерін кеңейту.

2



102

Табиғат

Табиғат туралы түсінік беру. Сөздік қорларын арттыру. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

2




© 2010-2022