Етістік - ашық сабақ. 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « Етістік»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру. Тапсырмалар беру арқылы меңгерту, алған білімдерін пысықтау. Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыра отырып, етістікті сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық:

Оқушыларға лексикалық тақырыпты меңгерту арқылы алған білімдерін жинақтай отырып, сөйлеу әрекетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Олардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік:

Топтық жұмыстар жасату жасату арқылы оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.Оқушыларды туған жерінің салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарымен таныстыру арқылы ұлттық қазынаны қастерлеп-қадірлеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: иллюстрациялы-демонстрациялау, модульдік технология, аудармамен жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

Техникалық көрнекіліктер: 1) мультимедия 2) компьютер

Әдістемелік көрнекіліктер: тақырыптық-сюжеттік суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Кезекшімен тілдесу.

ІІ. Жаңа сабаққа шығу.

-Балалар, жаңа сабақтың тақырыбын табу үшін мына слайдтағы сөзжұмбақты шешейік

1 слайд Сөзжұмбақ шешу

1. Қазақстанның рәмізі (елтаңба)

2. Зат есімнің жалғауы (тәуелдік)

3. Кімнің? Ненің? сұрағына жауап беретін септік (ілік)

4. Заттың сынын, сапасын, дәмін білдіретін сөздер (сын есім)

5. Төрт түліктің бірі (түйе)

6. «вешалка» сөзінің аудармасы (ілгіш)

7. Кіммен? Немен? Сұрағына жауап беретін септік (көмектес)

- Грамматикалық тақырыбымыздың аты " Етістік". Енді екінші слайдтағы сөзжұмбақты шешу арқылы сабағымыздың лексикалық тақырыбын табайық.


2 слайд Сөзжұмбақ шешу

1. Қазақстанның рәмізі (әнұран)

2. «дос» сөзінің синонимі (жолдас)

3. Диқандар күзде жинайды (астық)

4. Қазақстанның астанасы (Астана)

5. «игры» сөзінің аудармасы (ойындар)

6. Қыста қардан жасайды (аққала)

- Лексикалық тақырыптың аты "Ұлттық ойындар"

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсаты, барысы.

(Зат есімді қайталап өту: ережесі, сұрақтары, мысалы)

Грамматикалық тақырып: Етістік


Заттың қимылын, жай-күйін білдіретін сөздерді етістік

деп атайды. Сұрақтары: не істеді? Не қылды? Қайтті?

Мысалы: Балалар ойнады. Ат шапты. Жаңбыр жауды.

Етістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сынып

Етістік сөйлемде баяндауыш болады.

Етістік (морфол-қ тұлға жағынан)

Етістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сынып

Дара Күрделі

айтты айтып отыр

көрді көріп келді

жазды жазып отыр

күлді күліп жүр


ІV. Грамматикалық тапсырма

3- слайд Суретпен жұмыс

1) -Әр оқушы өзінің таңдаған суреті б-ша сөйлемдер құрастырып жазады. Етістікті тауып, сұрақ қояды.

2) Таңдаған сурет б-ша қысқа әңгіме құрастырады

Етістік - ашық сабақ.5-сынып

Етістік - ашық сабақ.5-сынып






Етістік - ашық сабақ.5-сынып

Етістік - ашық сабақ.5-сынып










Сөздік

бұлтты- облачное

қолшатыр- зонт

көмектесті-помог

алғыс айтты- поблагодарила

аула- двор

секіру- прыгать

скакалка- секіргіш

емдейді-лечит

тыңдады- послушала

дәрі- лекарство


V. Лексикалық тапсырма. Ұлттық ойындар

-Қазақтың ұлттық ойындары төрт түлік малмен байланысты болған. Төрт түлікке нелер жатады? Олардың пайдасы қандай? Олардың төлдерін ата

Осы сұрақтарға жауап беру үшін мына слайдты қараймыз.

4-слайд

Төрт түлік және оның төлдері.

Етістік - ашық сабақ.5-сынып











-Енді осы төрт түлікпен байланысты ұлттық ойындармен таныс болайық


5-слайд Ұлттық ойындар


Бәйге Көкпар

Етістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сынып


Етістік - ашық сабақ.5-сынып


Ұлттық ойындар

АЕтістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сыныплтыбақан Қыз қуу

Етістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сынып

Етістік - ашық сабақ.5-сынып

Тоғызқұмалақ

Асық Ханталапай






6-слайд Ойындардың суреті


Етістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сынып


Етістік - ашық сабақ.5-сыныпЕтістік - ашық сабақ.5-сынып


Етістік - ашық сабақ.5-сынып

Етістік - ашық сабақ.5-сынып



Етістік - ашық сабақ.5-сынып




VІ. Сергіту сәті. «Бәйге» ойыны

-Қоржынға сұрақтар жасырылады. Әр қатардан оқушылар шығып, сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап үшін асық алып отырады. Кім асықты көп жинаса, сол қатар жеңеді. Мәреге бірінші жетеді.

VІ. Қорытындылау (Сұрақ-жауап әдісі арқылы)

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бағалау.

VІІ. Үй тапсырмасын беру.

Ереже жаттау. 88-бет, 3-тапсырма(жазбаша)


Өткізген: орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Табылғанова Гүлжан Шакерқызы

© 2010-2022