Баяндама

Баяндаманың мақсаты: оқушылардың алған білімдері негізінде өздігінен білімін жетілдіру, оны қолдануға жағдай жасау. Шығармашылық жұмыстың тақырыбын анықтау. Оқушылардың ақпарат көздерімен жұмысты ұйымдастыра алу қабілеттерін қалыптастыру.Міндеттері: өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру; ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру; сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушының болашақта әртүрлі жағдаяттарда, әртүрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білеуге бейімдеу...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаБаяндамаСабақ барысында жоба әрекетін қолдану арқылы оқушының білімін жетілдіру

Дүзкеева А.Т. Нургалиева Б.А.

№12 орта мектебінің қазақ тілі және

әдебиет пәні мұғалімдері

Ақтөбе қаласы

Эпиграф: «Естігенімді-ұмытамын,көргенімді-есте сақтаймын,өз істегенімді-меңгеремін»

Конфуций

Баяндаманың мақсаты:оқушылардың алған білімдері негізінде өздігінен білімін жетілдіру, оны қолдануға жағдай жасау. Шығармашылық жұмыстың тақырыбын анықтау. Оқушылардың ақпарат көздерімен жұмысты ұйымдастыра алу қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру;

  • ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру;

  • сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушының болашақта әртүрлі жағдаяттарда, әртүрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білеуге бейімдеу;

  • оқушының қызығушылық ынтасын дамыту.

Өзектілігі:баланы оқи білуге үйрету;баланы ойлауға үйрету;баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының ізденушілік,зерттеушілік және шығармашылық деңгейі бір дәрежеде қалыптасады.

  • Оқушы мұғалім әрекетінің әсерін толық сезінеді және бағыт-бағдарды басшылыққа алып ,жүзеге асырады.

  • Оқушылардың өз бетінше ізденуіне,зерттеуіне жол ашылады, алдына қойған жұмыстан белгілі бір дәрежеде нәтиже шығара алады.

  • Бір немесе бірнеше көзден ақпарат алу,алынған ақпаратқа сыни тұрңыда қорытынды жасай білу.

XXI ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі-мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені-бүгінгі күн талабы.

Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Жобалау-бағдарлау технологиясы-білімнің тиімділігі мен сапасын оқыту үрдісінде тиімді ұйымдастырумен бірге ақпараттық,зерттеулік,шығармашылық,тәжірибе-бағдарлық жобаларды сапалы түрде жасап ,ақпараттық көздерді кеңінен қолдана білуден тұрады.Жалпы әлемдік педагогикада осы технология ешкімге жаңалық емес,барлық елде,әртүрлі салаларда жобалау технологиясын қолдану кең тараған.

Жобалау технологиясының негізін салушы американдық философ-педагог Джон Дьюи. Жоба- «әс-әрекет жасау арқылы оқыту» деген ұғымды білдіреді. Жобалау-бағдарлау технологиясының негізінде оқыту моделі-бұл оқушы тұлғасына бағытталған, жоспарланған оқытудың түрі.Әрине бұл модель оқушы тұлғасының болашағына,өмірден алған тәжірибесі мен мәселелердің сабақтастығына бағытталған.Сондықтан болар осы технологияның «Барлығы өмірден және барлығы өмірге» деген ұраны интерактивтік,ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы жобалау әдісімен таным үрдісінде зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортаны зертхана ретінде қолданып, қорытынды шығаруға жетелейтін технология.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылардың тілге деген қызығушылығының ,ынтасының артуы.

  2. Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы.

  3. Тілдік қорының кеңеюі.

  4. Еңбекті бағалай білетін тұлға.

Оқыту,зерттеу үрдісінде мұғалім мен оқушының рөлі неде?-деген сұрақ туындайды.

Мұғалім:

  • Мақсат,міндет қояды;

  • Оқушымен бірлесіп, мәселе қалыптастырады;

  • Идеялар ұсынады;

  • Берілген шаблон бойынша жобаны суреттейді;

  • Кеңес беруші,сарапшы,менеджер рөлін атқарады,оқушылардың іс-әрекет жетістіктерін және шығарған қорытындыларын бағалайды,әртүрлі сайыстарға жобаларды ұсынады.

Оқушы:

  • Мәселені талқылайды;

  • Міндеттерді қалыптастырады;

  • Жоспарлайды;

  • Қажетті ақпаратты таңдап,жинайды;

  • Зерттеу әдістерін іздестіреді;

  • Өздігінен жинаған мәліметтерін талдайды;

  • Аралық қорытындыларды талқылайды;

  • Мультимедиялық рпезентация,фильм,шығармашылық есеп жасап қорғайды.

Жобалардың классификациясы:

  • Оқушылардың санына байланысты жоба жеке немесе топтық болады;

  • Жоба қысқа,орта,ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

  • Қысқа мерзімді жобалар мерзімі-1 апта.

  • Орта мерзімді жобалар мерзімі- 1-4 апта.

  • Ұзақ мерзімді жобалар мерзімі- 4 аптадан 1 жылға дейін.

Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау-жобалау технологиясының негізі.Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті,яғни сиқыршының көжекті цилиндрдің астына салу үшін ұзақ мерзім көлемінде атқарған еңбегі тәріздес.

Конфуцийдің «Естігенімді-ұмытамын,көргенімді-есте сақтаймын,өз істегенімді-меңгеремін» дегені-бұл технологияның негізгі ұстанымы.

Жан -жақты білім алады

Мақсатты білім алуға ұмтылады

Шешім шығарады

Зерттейді

Салыстырады

Қосымша білім алады

Талдайды

Өзін-өзі басқарады

Ой түйеді

Бағалайды

Оқушының ізденісі арқылы





Зерттеуші

Бағыттаушы

Түзетуші

Бақылаушы

Үйретуші

Ғылыми жетекші

Жобалаушы

Кеңесші

Мұғалім













Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті түбегейлі өзгереді.

Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып,жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса-ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

Жобалау технологиясының тұжырымы:

Сонымен , жобаның тиімділігі-көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске,іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Сөз соңында айтарымыз, егер мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт, рухани азық беріп, іздену-зерттеу жұмыстарымен, шығармашылыққа жетелесе, жақсы оқытса, оқушылар да жан-жақты, білімді дара тұлға болып қалыптасады. Тек осылай ғана әрбір технологияның тиімділігі анықталады.

© 2010-2022