Урок Көбейту кестесі 5кл

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Көбейту кестесі

Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушылардың сан есім бойынша алған білімдерін жинақтау, бекіту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге машықтандыру, жүйелі сөйлеу, мәнерлеп оқу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік : Отанды сүйіп, туған жерді аялай білуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

(Жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу)

Танысу

  • Менің атым Айнагүл Айтпайқызы. Мен 13 желтоқсан айында тудым.

  • Енді сіздермен танысайық.

  • Сен қай айда тудың? Мен қаңтарда тудым.

  • Сенің туған күнің қашан? Менің туған күнім - 12 қаңтар

І. Ой шақыру

К - бір аптада ... күн бар?

Ө- мынау ненің суреті?

Б- аптаның төртінші күні?

Е - «сказка» сөзінің аудармасы

Й - мынау ненің суреті

Т- « сутки» сөзінің аудармасы

У - сағат нені көрсетеді?



  • Сонымен біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты

  • Көбейту кестесі.

Мағынаны тану.

І. Мәтінмен жұмыс.

Көбейту кестесі.

Менің немерем зерек. Естігенін қолма- қол қайталап айтып береді. Ол өзі ынталы. Көп сұрайды. Ол білсем екен дейді де тұрады. Қазірдің өзінде бірнеше әріпті танып қалды. Онға дейінгі сандарды жақсы ажырата біледі.

  • Ата, мынау - бірінші автобус.

  • Ата, екі санда автобус келіп тоқтады.

  • Ата, тоғызыншы автобус келіп тоқтады, - деп тақылдап тұрғаны.

  • Ата, төртінші автобус келе жатыр, - деп машинаға ұмтылды. Мен автобустың маңдайындағы санға қарап:

  • Бұл төртінші автобус емес, жиырма екінші автобус, - дедім.

  • Бұл - төртінші. Сіздің өзіңіз маған екі жерде екі төрт болады деп үйреткен жоқсыз ба? - деді немерем.

  • Немереңіз есепке жүйрік болайын деп аялдамағылар күлісіп алды.

« Көктем» тобына тапсырма

Сан есімдерді теріп жазу ,сұрақтар қойыңдар.

« Жаз» тобына тапсырма

Мәтінді рөлге бөліп оқу

« Күз» тобына тапсырма

Мәтіндегі сан есімдерді құрамына қарай т а л д а ң д а р.

« Қыс» тобына тапсырма

Атасы мен немересінің әңгімесі не туралы?

Полиглот ойыны. Мақал - мәтелдерді оқу, берілген сан есімдерді үш тілде айту. (қазақ, орыс, ағылшын)

1.Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

Алтау ала болса , ауыздағы кетер.

2.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

3.Білгенің -бір тоғыз, білмегенің -тоқсан тоғыз

4.Бес саусақ бірдей емес.

5.Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

6.Тоқсан ауыз сөздің

тобықтай түйіні бар.

7.Екі кісі қағысса, Бір кісіге орын бар.

8. Бірінші байлық- денсаулық,

Екінші байлық- ақ жаулық,

Үшінші байлық- он саулық.

Бақытты сәт ойыны

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойыны. Жұмбақ жасыру

  1. Бір, үш, бес, он.

Жиырма, елу, жүз, текі жүз, мыңы бар. (теңге)

  1. Ағайыңды жетеуінің ,

Бесеуінің жұмысы бар,

Жұмысы жоқ екеуінің. Бұл не? (апта)

  1. Білімі жетсе, шамасы

Алатын алар аласы

Бір мен бестің арасы. Бұл не? (мектеп бағалары)



  1. Он екіге жетіп, жүрген кері кетіп. Бұл не? (сағат)

ІІІ. Ой толғау

« Сиқырлы сандар сөйлейді»

  • Балалар, бұл - сиқырлы сандар. Әр санның өз құпиясы бар. Сандардың құпиясына тоқталайық. Сандарды рет- ретімен ашамыз.

16 - желтоқсан. Тәуелсіздік күні.

1991- тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев сайланды

1993- Ұлттық валюта теңге қабылданды

1997- Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болды.

2006- еліміздің жаңа Әнұраны қабылданды

2011- Қазақстанда Астана - Алматы Азияда қысқы спорт ойыны өтті

  • Сонымен сабағымызды қорытындылай келе Қазақстан туралы әр топ шағын әңгіме, эссе жазу

(слайд, музыка)

Үйге тапсырма: 5,6 тапсырма 154 бет

Бағалау :

© 2010-2022