Баяндама: Бағдарлы сынып оқушыларының сапалы білім көрсеткішін анықтау

Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысында оқушыларды саралау жүйесі ретінде қарастырылады және барлық оқушылар үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып ұйымдастырылған. Білім беру мазмұнын құруды бағдарлау принципі мектепте жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытудай емес, ауқымы кең білімдік кеңістікті құруға бағытталған. Мектеп оқушыларының қажеттілігі мен ата – аналардың сұранысын ескере отырып, мектептегі 10 - 11 – сынып оқушылары  жаратылыстану – математикалық бағыт,  қо...                    Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті – оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауларына ықпал ету. Сондықтан бағдарлап оқытудың маңызды құраушысы 5-7 сыныбы бағдаралды дайындыққа дейінгі сыныптар және негізгі мектептің 8-9 сыныптарында  ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық сыныптары болып табылады
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бағдарлы сынып оқушыларының сапалы білім көрсеткішін анықтау

1) Оқушылардың бағдаралды дайындығы

2) Проблемалық бағытталған талдау

3) Мемлекеттік бағдарлама мазмұнының кеңейтілуі

4) Бағдарлы оқытудың құрылымы

Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысында оқушыларды саралау жүйесі ретінде қарастырылады және барлық оқушылар үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып ұйымдастырылған. Білім беру мазмұнын құруды бағдарлау принципі мектепте жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытудай емес, ауқымы кең білімдік кеңістікті құруға бағытталған. Мектеп оқушыларының қажеттілігі мен ата - аналардың сұранысын ескере отырып, мектептегі 10 - 11 - сынып оқушылары жаратылыстану - математикалық бағыт, қоғамдық - гуманитарлық, бағытты таңдай алды.

Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті - оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауларына ықпал ету. Сондықтан бағдарлап оқытудың маңызды құраушысы 5-7 сыныбы бағдаралды дайындыққа дейінгі сыныптар және негізгі мектептің 8-9 сыныптарында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық сыныптары болып табылады. Ол келесі үш бөліктен тұрады:

  1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру.

  2. Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру.

  3. Психологиялық көмек беру.

Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушылар мектептің жоғары сатысында оқу бағдарының бағытын саналы да сенімді түрде таңдады.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының, ата-аналардың сапалы білімге деген сұранысы артып, мектептен оқушы тұлғасын тәрбиелеудегі жаңа бетбұрыстарды талап етіп отырғандығы белгілі.

Осыған орай мектептің мақсат-мүдделерінің әлеуметтік сұранысқа сәйкестігін анықтау үшін оқушылардан, ата - аналардан сауалнама алынды.

Оқушылардың осы мектепте оқу себептері ретінде:

- мектепке жақын тұрғандықтан;

- мұғалімдері жақсы;

- мектепте көптеген қызықты іс - шаралар жүргізіледі

- мектепте тәртіп жақсы қойылғандықтан,- деп жауап береді.

Ата-аналары балаларының осы мектепте оқу себебі ретінде:

- білім сапасы көңілінен шығады;

- мектептің жұмыс тәртібі ұнайды;

- мектепте қолайлы орта қалыптасқан;

- арнаулы курстардың ауқымдылығы қызықтырғандықтан,- дейді.

Мектептің басты міндеті - жан-жақты сапалы білім берумен бірге оқушылардың рухани - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бәсекелестікке дайындық, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі өмірлік мәселелерді жылдам шеше алатын икемді жасты асыруда мектеп әкімшілігі мен ұжым білім беру процесінде оқу жастарының көп нұсқалылығын пайдалануда.

Жүргізілген сауалнамадан оқушылардың 76% таңдаған бағытымен қанағаттанып, 61% таңдаған бағытын болашақ мамандығымен байланыстыратыны байқалды. Ата - аналардың сұранысы да гуманитарлық және математикалық бағытқа келіп тіреледі.

Гуманитарлық бағыттағы жоғарғы оқу орындарға қарағанда жаратылыстану - математикалық бағыттағы оқу орындарына түсу басым болып келген. Яғни қазіргі заман талабына сай оқушылардың көп бөлігі ұлттық бірыңғай тестілеуде 4- пән ретінде физика таңдайды.

Мектепте жаратылыстану - математикалық және гуманитарлық бағыттар бойынша бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын қолданбалы курстардың авторлық бағдарламалардың банкі бар.



© 2010-2022