Коучинг Жаңа әдіс тәсілдері жас мамандар үшін

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас мамандарға арналған қалалық коучинг

Коуч: Меруерт Сейтқасымқызы Абдрахманова

Күні: 10.11.

1-сабақ

Тақырыбы:

Сабақ кезігдегі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру

Мақсаты:

Жас мамандарға сабақты құруға сабақ кезеңдерін құрастаруға үйрету.

Оқыту нәтижесі:

Жас мамандар сабақ құруды жетік меңгереді,оқушылардың әрекетін дұрыс ұйымдастыра алады,сабақ кезеңдеріне сай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алады

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (ІІ деңгей)

Әдіс-тәсілдер:

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс

Ресурстар мен жабдықтар:

Интербелсенді тақта, презентация, маркерлер, стикерлер, ноутбук

Тапсырмалар:

«Сұрақтарды ұстап ал» және «Интервью» әдісімен постер қорғау, «Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісі арқылы кері байланыс жасату,

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал тудыру. Мұғалімдер шеңберде жұптасып тұрады, алақандарымен жаңасып, саусақтармен бірі-біріне осы коучинг сабағында не тілейтінін айтады.

Жұптар бір-біріне қарап, бүгінгі сабаққа тілектерін айтады.

Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі. Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топтасады.

Өз тобына отырады. 3 минут.

Тақырыпқа шығу.

«Тележка» видеоролгің көрсету арқылы коучинг тақырыбын анықтайды.

  • Видеороликтен нені байқадыңыздар?

  • Не себепті бұл видеороликті көрсетіп отырмыз, қалай ойлайсыздар?

  • Топтық жұмыс немесе жүптық жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?

Пікірлерімен бөліседі.

5 минут

«Дартс» әдісі арқылы сабақтың нақты мақсатын айқындау.

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңі

Күтілетін нәтиже:

  1. Әдеби сөздермен жеткізеді, тіл дамытылады.

  2. Кейіптеу туралы түсінік қалыптасады.

  3. Кейіпкерге мінездеме жасайды.

Интербелсенді тақта арқылы көрсету.

7 минут

«Таны, біл» әдісін қолдану, жас мамандарға әдіс-тәсілдер ұсынылады. Олар осы әдіс-тәсілдердің сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатынын айтады.

Ресурстарды ұсыну.

7 минут.

Топтық тапсырма беру.

«Айналма бекет» әдісін қолдану.

1-айналма: 4 топ бір тақырып пен мақсат, міндеттерін жазады.

2-айналма: 4 топ сабақ кезеңдерін жазады.

3-айналма: сол кезеңге қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болатынын жазу.

4-айналма: осы сабақтан нені күтесің? Күтілетін нәтижені жазу.

20 минут

Бағалау. «Сэндвич» әдісі бойынша бағалау. Флипчарттағы құрылған сабақ жобасын бағалау.

1,ұсыныс,1жетістік,1кемшілік айту арқылы бағалайды.

5 минут

Рефлексия

1-топ: «Алма ағашы» әдісі. Алмаларды, жапырақтарды жас мамандар коучингтен түсінегендеріне қарай бояйды.

2-топ: «Нысана» әдісі. Жас мамандар өзін-өзі бағалайды.

3-топ: «Күлегештер» әдісі. Коучингтен алған әсерін бейнелеу.

4-топ: «Әрекет рефлексиясы» әдісі. Баспалдақтан өзінің қай тұста екенін жазу.

Рефлексия қағаздары.

Дереккөздер:

Интернет желісі, МАН



© 2010-2022