Дулат Исбековтың Ата үміті

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6 Пән: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Дулат Исабеков «Ата үміті»

Мақсаты: Дулат Исабеков туралы білімдерін тереңдетеді, шығарманың тақырыбын, идеясын біледі.

Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші Д. Исабеков туралы білімдерін тереңдетіп, шығарманың тақырыбын, идеясын түсінеді, кейіпкерлерді ажыратады.

Жұмыс түрі топтық

Мұғалімнің жазбалары:

№ Сабақ кезеңдері уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже Ресурстар

1. Ұйымдастыру бөлімі 4 мин. Оқушылармен амандасамын,

оқу-құралдарының дайындығын тексеремін.

Сабақтың кезеңдерімен таныстырамын, мақсат міндеттерді айтамын.

Оқушылар амандасады, сабақтың мақсат, міндеттерімен танысады. Сабаққа қызығушылығы артады, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.

2. Тренинг өткізу 5 мин Оқушылардың көңіл-күйін анықтап, шаттық шеңбер құрып, бір-біріне тілектер айтқызып, топқа бөлемін. Берілген фигуралар арқылы екі топқа бөлінеді, тілек айтады Көңіл-күйлері көтеріңкі болады, оқушы мен оқушы арасында ынтымақтастық орнайды. Кесілген фигуралар

3. Үй жұмысын тексеру 5 мин. Оқушылардан үй жұмысының дайындығын тексеремін. Үйде ғаламтордан жазылған хронологиялық кестелерін әр топтан бір-бір оқушыдан оқиды Оқушылар бір-бірінің жасаған хронологиялық кестелер арқылы жазушы туралы білімдерін толықтырады Интербелсенді тақта слайд

4. «Сұрақ-бізден, жауап-сізден»

(Мәтін бойынша екі топқа сұрақ) 3 мин «Миға шабуыл» әдісін пайдаланамын, екі топқа сұрақтар қоямын Топтағы оқушылар сұрақтарға толық жауап береді. Шығарманы естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап беруге тырысады Интербелсенді

5. Сөздік жұмыс 4 мин. Шығармада кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсіндіремін, суреттермен таныстырамын. Дермене туралы қосымша мәлімет беремін. Жаңа сөздермен және мағыналарымен танысады, суреттерін көріп, естеріне сақтайды. Дермененің қоғамға пайдасын біледі. Жаңа сөздермен танысқан соң, естерінде сақтап, сол сөздерді суреттен көрсете алады, дермене туралы біледі. Интербелсенді, суреттер, қосымша биология пәнінен мәлімет

6. Тапсырма

І топ: Омаш пен Тоқсанбайға салыстырмалы венн диаграмасын құру

ІІ топ: Омаш портретін тауып жазу. 5мин Тапсырманың мақсатын түсіндіріп, постер, маркер таратып беремін Омаш пен Тоқсанбайға салыстырмалы түрде венн диаграмасын жасайды.Омаштын портретін оқулықтан тауып жазады. Оқушылар білгендерін естеріне түсіріп, топта жұмыс жасайды, әр топ өз жұмысын қорғайды. Маркер, постер

7. «Иесіне қайтар» ойыны 3мин Әр топқа суретті үлестірме таратамын Кейіпкерлердің затын сәйкестендіреді. Кейіпкерлердің заттарын ажырата алады, әр топ бір-бірінің жұмысын тексереді А4 қағазы Интербелсенді тақта

8. Сергіту сәті 1мин Сергіту сәтімен таныстырамын Интербелсенді тақтадан музыка арқылы қимылдарды қайталайды Бойлары сергиді, жұмысқа қабілеттері артады. Интербелсенді тақта

9. «Топтастыру» стратегиясы

І топ: Омаш

ІІ топ: Тоқсанбай 3 мин Әр топқа постер таратамын, мақсатын түсіндіремін. Топтар өздеріне берілген тапсырмаларын орындайды, қорғайды. Оқушылар ойларын жүйелейді, кейіпкерлеге мінездеме бере алады Маркер, постер

10. Сабақты бекіту 3 мин Әр топқа тест тапсырмасын таратамын Топпен сұрақтарға жауап беріп, белгілейді Алған білімдерін көрсетеді, әр топ бір-бірінің тест жұмыстарын тақтадан тексереді А4 қағазы тест тапсырмасы.

Интербелсенді тақта

11. Үй тапсырмасын беру «Даналы ойдан дән ізде» (Ұлы адамдардың адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздерін жазып келу) 2мин Үй тапсырмасын түсіндіремін, бағыт-бағдар беремін.

Үй тапсырмасын жазады

12. Бағалау 3мин Әртопқа берілген бағалау парағы бойынша бірігіп критерийлер арқылы бағалаймын Өзі-өзі бағалайды, топ басшысы бағалайды Қалыптастырушы бағадан жиынтық баға шығады, Бағалау парағы

13. Кері байланыс 2мин Стикер таратамын Тақтаға не ұнады? Не ұнамады? жапыстырады Сабақтың нәтижесін білуге болады Стикер, смайлик

© 2010-2022