Ашық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіАшық сабақ. Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Толқын өлеңіҚысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Темиржанова Меруерт Асетовна

ПӘНІ

Қазақ әдебиеті

Сынып

7 "Ә"

ТАҚЫРЫП

Мағжан Жұмабаев "Толқын" өлеңі

МАҚСАТЫ

М.Жұмабаевтың лирик ақын екеніне көз жеткізіп, «Толқын» өлеңінің тақырыбы мен идеясын, құрылысы мен тәрбиелік мәнін талдай білу.Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, сөйлеу тілдерін жетілдіру,сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды өз Отанын, елін сүюге, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Оқушылардың белсенділіктерін, шығармашылықтарын, өз ойын тұжырымды айта білуге дамыту.

М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу,ақын өмірін үлгі ете отырып, азаматтыққа шақыру, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ

Ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таниды, білімді дамыта отырып, танымдық қабілеттерін арттырады. Мәнерлеп оқу дағдысы дамиды, өз пікірін еркін жеткізуге дамытады, шәкірттерді өзіндік ізденіс, шығармашылық жұмыстарына баулиды.Өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады. Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыланады. Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді; басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді; өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйренеді, оның дамуын қамтамасыз етеді; өз бетінше ізденуге ұмтылады.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ

Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Венн диаграммасы, талдау, топтық жұмыс, диалогтік әңгіме, АКТ пайдалану.

Эпиграф

"Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді"
Жүсіпбек Аймауытов

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)







Амандасу, түгендеу. Шаттық шеңберге тұрғызу.

«Бір тілек» тренингі арқылы балалар бір-біріне өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек тілеуін сұраймын.

(Психологиялық ахуалды жақсарту).

Амандасады.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

Оқушылар бір-біріне өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек тілеп, жаңа сабаққа жақсы көңіл күймен аяқ басады.

Жарайсыңдар, жақсы.

Қызығушы-

лықты ояту сатысы

Миға шабуыл

(2 минут)

Ішкі, сыртқы шеңбер арқылы үй тапсырмасын тексереді.

Ішкі шеңбердегі үш оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыларға, сұрақ қояды, сыртқы шеңбердегі оқушылар жауап береді.

Сұрақтар қарапайым миға шабуыл, ой қозғау үшін беріледі.

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау парағына жазып отырамын.

Тұсаукесер

(2 минут)

«Өлең жолдары».

Мақсаты: топқа бөлу.

Сынып оқушылары 6 адамнан 3 топқа бөлінеді. Әр топ жетекшісі сайланады. Топтың атын, ұранын, ережесін айтады.

Үй тапсырмасы

(4 минут)

Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңін жатқа оқу

Әр топтан екі оқушыдан шығармаларын оқиды.

Үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалау .

Үш шапалақ әдісі бойынша бағалау

Оқулық

Жаңа сабақ

(2 минут)





Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты өздігінен қамтиды





Сөзжұмбақ. «Толқын»

1. «Сүйемін» өлеңі қандай лирикаға жатады? (ТАБИҒАТ)

2. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы? ("ШОЛПАН")

3. Ақын білім алған қала? (АҚМОЛА)

4. М.Жұмабаев кім? (АҚЫН)

5. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды? (РОМАНТИКАЛЫҚ)

6. М.Жұмабаевтың поэмасы? (БАЯН)



Т

А

Б

И

Ғ

А

Т





Ш

О

Л

П

А

Н



А

Қ

М

О

Л

А





А

Қ

Ы

Н

Р

О

М

А

Н

Т

И

К

А

Л

Ы

Қ




Б

А

Я

Н


Оқулық, косымша материалдар

Кіріспе:

Ақын «Толқын» деп аталатын өлеңінде толқындардың қозғалысының әртүрлі болып келетіндігіне назар аудартады. Сылдырап аққан бұлақтың бетінде бірде көпіршіп, бірде иіріле ағатын толқындар нәзік, қарапайым, зиянсыз, сырттай қарағанда өмірге қатер тудырмайды. Солай болса да Мағжан толқынның қимылынан біріне-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін жымысқы адамдардың әрекетін көреді. Толқындар бірін-бірі қуалай алдап, еркелей ойнап, жарыса жүгірген болып, абайсызда итеріп құлатып жібергеннен кейін өтірік жылап, көз жасын сүртіп, жағалауға шегініп, өзге толқындарға ілесіп, көрінбей кететін адам әрекетінің образын ойға салады. Жартасқа сүйеніп, көз жасын сүртіп, сылқ-сылқ күліп, бірінің ізін бірі аңдып, жоғалып жататын адам тағдырымен астарлайды. Осылайша, өмірдің толқынды құбылысының қозғалысын ойға салғандай образдайды.

«Толқын» сөзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің ырғалысынан пайда болатын тербелісті білдіреді. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын ала отырып, терең ой толғайды. «Толқын» - қозғалыс перзенті, ал өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Ақын өлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, өмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, өмірдің өзгермелігін, өмір жолындағы жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның болмысы мен сезім-күйін өлеңнің мағыналық астарына дәріптейді. Алдыңғы толқынның өмірден озуы, кейінгі толқынның орнын басуы заңдылық. Өлеңнің идеялық өзегінде өмір философиясы бой көрсетеді. Өлеңнің композициялық құрылымы ерекше. Ақын өмірдің бар болмысын толқынның тууы мен өлуі арасына тізбектей отырып көркем безендірген. Өлең компазициясында ақын үн үйлесімін аллетерациялық тәсіл арқылы шебер берсе, өлең ырғақ, өлшем, ұйқас арқылы да сазды, әуезді құрылым түзген. Анафоралық қайталаулар мен паралелизм ақынның салмақ түсіретін ойын ерекшелей түскен. Осылайша ақын «Толқын» өлеңінде терең толғанысты, әуезді әсем сурет жасаған.

Мағынаны тану

Өлеңді мәнерлеп оқып шығу. Өлең мазмұнымен танысу.

Қызығушылықты ояту

Дәптерлеріңе «Толқын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер бір сөзбен

жазып шығыңдар.

Ортақ жұмыстарын жария етеді.

Смайлик арқылы

Дәптер, қалам

Топтастыру әдісі

Плакатқа маркермен жазады.

Көз алдарыңа елестетіңдер. Бірлесіп жазып шығыңдар.

Толқын қандай болады?

Қара,көк







шулы

Суық

биік

көбікті

Жалпы сыныптық тапсырма:

Сұрақ- жауап

1. Өлеңді жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

Смайликтер арқылы оқушылар бағалайды

(4 минут)

Әр топ жаңа тақырыпты постерге салады

Әр топ өз постерін қорғайды

Смайликтер арқылы оқушылар бағалайды

Практикалық кезең

«Толқын»

4 шумақты, 6 тармақты, 7,8 буынды, 2 бунақты, аралас ұйқас

Тол/қын/нан // тол/қын туа/ды, // а, 7 буынды,

Тол/қын/ды // тол/қын қуа/ды, // а, 7 буынды

Тол/қын/мен тол/қын жа/ры/сад. б, 8 буынды

Кү/ңі/ре/ні/сіп ке/ңес/пен, в, 8 буынды

Біт/пей/тін бір е/гес/пен в, 7 буынды

Жа/ры/сып жар/ға ба/ры/сад. б, 8 буынды

Оқушылар өздері талдайды

Смайликтер арқылы оқушылар бағалайды

Мағынаны тану

(15 минут)

Лирика - көркем әдебиеттің негізгі саласының бірі.Ол адамның көңіл күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетеді.

Лириканың түрлері:

Махаббат

Табиғат

Саяси

Көңіл-күй

Қайталау. Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.

Қайталаудың түрлері:

Жай қайталау

Анафора

Эпифора

Өлең тармақтарында бір сөз әр жолда қайталану

Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану

Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану

Шығармашылық жұмыс

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

1- топ: Өлеңнен бір-біріне қарама - қайшы сөздерді табыңдар

Жылағаны - күлгені

Күлгені оның - өлгені

Сүйеді - өледі

2-топ: Толқын көрінісіне суреттеме жазыңдар. (Өлеңмен де жазуға болады)

3- топ: сатылай талдау

Постер, маркер, оқулық

Ой жинақтау

Топтастыру

Мағжан кім?
прозашы қоғам қайраткері
аудармашы ұлт ақыны
ақын шебер аудармашы Абайдың ізбасары лирик кемеңгер бес арыстың бірі

Жекеленген оқушыларға көмек көрсетіледі.

Смайликтер арқылы бағалаймын

Оқулық, қосымша материалдар

Сергіту сәті

(3 минут)

Сергіту сәтін ұйымдастырады.

Теңізбен толқиық бір,
Теңізбен толқиық екі,
Теңізбен толқиық үш,
Шоршып, шоршып алайық
Су түбіне батайық, сол күйіңде қатайық

Сергіту сәтіне қатысып, көңіл-күйлері көтеріледі.

Интерактивті тақта

Бекіту

«Синквейн» әдісі 5 жолды өлең шығару.

1.Зат есім _______

2.Сын есім __________ ____________

3.Етістік __________ ____________ ______________

4. 4 сөзден құралған сөйлем __________ ___________ ___________ ___________

5. Синоним ______________

Рефлекция

(5 минут)



Интервью ұйымдастырады.

«Интервью - Ұққаныңыз. Түйгеніңіз. Білгеніңіз. Үйренгеніңіз».

1. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

2. Қай оқушының шығармашылық жұмысы ұнады?

3. Бүгінгі егеменді елдің ұландары қандай болу керек?

Кері байланыс стикерлер тарату.

1 оқушы жаңа тақырыпқа байланысты топ мүшелеріне сұрақ қояды , не туралы білгенін сұрайды және бүгінігі сабақтан алған әсерлерін біледі.

Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады және «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне жапсырады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау

Смайликтер

Стикерлер, қабырға газеті

Сабақты қорытындылау

(1 имнут)

Үйге тапсырма беру: «Толқын» өлеңін мәнерлеп оқу, "Мағжандай болу арманым" атты шығарма жазу.









Мағжан кім?







1. Өлеңді жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

.........................................................................................

1. Өлеңді жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

........................................................................................

1. Өлеңді жеке оқып, танысу
2. Өлеңді оқығандағы өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
3. Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?



1- топ:

1. Өлеңнен бір-біріне қарама - қайшы сөздерді табыңдар.

2. Толқын көрінісіне сурет салыңдар





2-топ:

Толқын көрінісіне суреттеме жазыңдар.

(Өлеңмен де жазуға болады)





3- топ:

«Толқын» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасаңдар





Толқын қандай болады?




© 2010-2022