Ғаламшар ғажаптары

Өзін-өзі тану 7   «Ғалашар ғажаптары.»   Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру;   Оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру; Қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру; Қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Өзін-өзі тану

Сыныбы:

7

Уақыты:


Тақырыбы:

«Ғалашар ғажаптары.»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:

А)ақпараттық

Б)коммуникативтік

В)проблема шешу

Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру;

Оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;

Қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;

Қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру,түсіндіре отырып оза оқыту,дамыта оқыту;

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі-иллюстративті,практикалық

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет,музыка

Оқу құралдары:

Оқулық,дәптер, фотосуреттер, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

I Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздерме оқушылар!

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Сабаққа дайынсыңдар ма?

-Оқушылар сабағымызды әдеттегідей «шаттық шеіберімен» бастасақ.Барлығымыз қосылып

М.Тілеуовтың «Туған дала» әнін орындаймыз

Туған дала

Жайна, жайна, дала, шалқы, шабытым,

Ай, жайна қыр гүлім, далам, ғалам!

Шырқа, шырқа, әнім, шалқы, шабытым,

Ай, әнім бақытым, бағым әнім!

Сайраным, менің байтағым елім.

Мерейлі мекен айналдым.

Самға, самға көкке, арман қанатым.

Ай, талма қанатым, самға, талма!

Ұлысым елім, ырысым менің,

Мерейлі мекен айналдым.

Жайна, жайна, дала, шалқы, шабытым,

Ай, жайна қыр гүлім, далам, ғалам!

Самалы ерке сағымды өлке,

Мерейлі мекен айналдым.



-Сәлеметсізбе!

-Жақсы

-Иә

Барлығы қосылып әнді орындайды.

Туған дала

Жайна, жайна, дала, шалқы, шабытым,

Ай, жайна қыр гүлім, далам, ғалам!

Шырқа, шырқа, әнім, шалқы, шабытым,

Ай, әнім бақытым, бағым әнім!

Сайраным, менің байтағым елім.

Мерейлі мекен айналдым.

Самға, самға көкке, арман қанатым.

Ай, талма қанатым, самға, талма!

Ұлысым елім, ырысым менің,

Мерейлі мекен айналдым.

Жайна, жайна, дала, шалқы, шабытым,

Ай, жайна қыр гүлім, далам, ғалам!

Самалы ерке сағымды өлке,

Мерейлі мекен айналдым.


Қарым-қатынас орнату үшін белсенді әс -әрекет жасауға дайындалады.

Көңіл-күйлері көтеріледі,жақсы қарым-қатынастағы орта қалыптасады.

II Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға кіріспе

Әңгімелесу

Біз бүгін «Ғаламшардың ғажаптары» тарауын бастағалы отырмыз.

- Өз ғаламшарын, қоршаған ортаны сүю дегенді қалай түсінесің?

- Жердің дөңгелек екенін алғаш рет естігенде қандай күйде болдың ?


Өз ойларын айтып сабаққа белсенді қатысып отырды.Сұрақтарға жауап берді.

- Қоршаған ортаны сүю дегеніміз жақсы көзқараспен қарап, үнемі қамқорлық жасау.

- Жердің дөңгелек екенін алғаш естігенде таң қалдым.

Әр бала сөйлеу,шығармашылық қабылдау қабілеттері жетіледі.Қабілеттің ерекшеліктеріне қарай жетекші сұрақтарды дәл тауып қоюға үйренеді.

III Жаңа материалды меңгерту

«Мәтінмен жұмыс»

Оқулықтағы «Адам және ғалам» деген әңгімесні оқып, талдаймыз.

Луций Анней Сенека бірде: «егер жер бетінде жұлдызды бақылауға болатын бір ғана жер болса, түкпір - түкпірден барлық адам сол жерге жиналатын еді», - деген еді. Қаншама ғасырлар өтті десеңші, адам әлі өзгерер емес. Адам қайда омір сүрсе де, білім деңгейі қандай болса да, өмірінде бір рет аспанға қарап: «Бұл не? Бұл тұңғиықтың шегі бар ма? Ондағы менің орным қандай? Менің сезімім, қуанынышым, ренішім, жалпы менің өмірім оны толғандыра ма?» - демейтін адам жоқ шығар.



  • Адам неліктен ғарышты тануға талпынады?



  • Ғаламды танудың өзін - өзі танумен қандай байланысы бар?

«Шығармашылық жұмыс»

Оқушылардан отандық және шетелдік ғарышкерлердің өмірге, ғарышқа, жерге деген көзқарастарымен таныса отырып, «Ризамын саған, Жер - ана» тақырыбына эссе жазуларыңыз сұралады.

Талғат Мұсабаев, Қазақстан

Жерге оралғаннан кейін, алғашқы кездері ғарышқа қайта ұшуға еш зауқың болмайды. Жердегі өмірге мәз болып, әр күнін қуанышпен қарсы аласың, ұзақ та қиын бейімделу кезеңі өтеді..... сосын ғарыш, ұшу туралы ойлай бастайсың

Ирвин, АҚШ

Жер ғарыш тұңғиығына ілініп тұрған шырша ойыншығын есімізге түсірді. Біз ұзай түскен сайын ол кішірейе түсті. Ақыр соңында кішкене ноқатқа, ғажайып ноқатқа айналды. Мұндай керемет, шуақты, жанды ноқат сондай нәзік, қауқарсыз болып көрінді, саусақпен түртіп қалсаң, шашылып қалатындай. Адамның жалғыз тұрағы - жерді қадірлей, қастерлей білуіне осы бір көрініс қана жеткілікті болар еді.

«Тыныштық сәті.»

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла - бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашыңдар.

«Тапсырма.»

Өлеңді оқып, танысқаннан кейін, өз ойларыңыз еркін түрде баяндан берулеріңіз сұралады.

Құттықтайды, сені Отан!

Қ.Мүсірепов.

Бүгін ерек асқақтатам әнді мен,

Күйге ораймын, жырға ораймын таңды мен.

Қолыңды бер, құшағыңды аш, ұялы ана,

Құттықтаймын бүгін Сені алдымен.

Құттықтайды бүгін жалпақ Жер Сені,

Құттықтайды бүгін барша ел Сені.

Панасың сен Сұңқарларға самғайтын,

Анасың сен мейірбанды, еңселі.

Жанды көкте және екі жұлдызың,

Мәңгі осылай жарқырасын нұр жүзің!

Ақ сүтіңнің құдіреті ғой тараған,

Космоста да бауырласты ұл - қызың!

«Дәйексөз»

«Ғаламды тану - адамды тану.» деген Ш.Айтматовтың нақыл сөзінің сендерден өз ойларыңды айту сұралады.

Мәтінді тыңдады.

Сұрақтарға ойланып жауап берді.

Өз ойларын ашық жеткізуге мұғалім көмектесті.

Луций Анней Сенека бірде: «егер жер бетінде жұлдызды бақылауға болатын бір ғана жер болса, түкпір - түкпірден барлық адам сол жерге жиналатын еді», - деген еді. Қаншама ғасырлар өтті десеңші, адам әлі өзгерер емес. Адам қайда омір сүрсе де, білім деңгейі қандай болса да, өмірінде бір рет аспанға қарап: «Бұл не? Бұл тұңғиықтың шегі бар ма? Ондағы менің орным қандай? Менің сезімім, қуанынышым, ренішім, жалпы менің өмірім оны толғандыра ма?» - демейтін адам жоқ шығар.

Өйткені, ғарыштағы сан түрлі оқиғаларды білгісі келеді.

Өзіңді- өзің тану арқылы ғаламдағы болып жатқан оқиғаларды білеміз.

Оқушылардан отандық және шетелдік ғарышкерлердің өмірге, ғарышқа, жерге деген көзқарастарымен таныса отырып, «Ризамын саған, Жер - ана» тақырыбына эссе жазып, сыныпқа жария етті.

ТалғатМұсабаев,Қазақстан

Жерге оралғаннан кейін, алғашқы кездері ғарышқа қайта ұшуға еш зауқың болмайды. Жердегі өмірге мәз болып, әр күнін қуанышпен қарсы аласың, ұзақ та қиын бейімделу кезеңі өтеді..... сосын ғарыш, ұшу туралы ойлай бастайсың

Ирвин, АҚШ

Жер ғарыш тұңғиығына ілініп тұрған шырша ойыншығын есімізге түсірді. Біз ұзай түскен сайын ол кішірейе түсті. Ақыр соңында кішкене ноқатқа, ғажайып ноқатқа айналды. Мұндай керемет, шуақты, жанды ноқат сондай нәзік, қауқарсыз болып көрінді, саусақпен түртіп қалсаң, шашылып қалатындай. Адамның жалғыз тұрағы - жерді қадірлей, қастерлей білуіне осы бір көрініс қана жеткілікті болар еді.

Құттықтайды, сені Отан!

Қ.Мүсірепов.

Бүгін ерек асқақтатам әнді мен,

Күйге ораймын, жырға ораймын таңды мен.

Қолыңды бер, құшағыңды аш, ұялы ана,

Құттықтаймын бүгін Сені алдымен.

Құттықтайды бүгін жалпақ Жер Сені,

Құттықтайды бүгін барша ел Сені.

Панасың сен Сұңқарларға самғайтын,

Анасың сен мейірбанды, еңселі.

Жанды көкте және екі жұлдызың,

Мәңгі осылай жарқырасын нұр жүзің!

Ақ сүтіңнің құдіреті ғой тараған,

Космоста да бауырласты ұл - қызың!

Бұл дәйексөзде адамның өзін- өзі тану үшін үнемі ізденіс үстінде болады.Ғаламды, жалпы жаратылысты, болмыс сырын ашуға ұмтылу - адамзаттың мәңгілік мұраты.

Оқушылар өз бетімен ізденіп оқиды.

Ғаламшар туралы, ғаламшардың ғажаптары туралы түсініктерін,білімдерін кеңейтеді.

Оқушылар танымдық іскерліктерін арттыру мақсатында үлкендердің көмегімен және өз бетінше көркем шығармалар оқып,құрбы-құрдастарына оны мазмұндап айтып беруге дағдыланады.

Оқушылардың тіл байлығын,жадын,ой-қиялын жетілдіреді.

Оқушылардың ұжым болып мұғалімнен естіген әңгіме,ертегі,аңыз,өлең, батырлар жыры т.с.с

Шығармалар мазмұнын айтып жеткізе білуді үйретеді.

Ауызша айтылған әдеби көркем шығармаларды естіп,тыңдай,қабылдай білу,шығарма сюжетін жан-тәнімен сезіне білу және оны ой елегінен өткізіп талдау жасай білу дағдыларын қалыптастырады.











Берілген тапсырма балаларды өзін- өзі жетілдіруге, өз ойын ашық айтуға көмектеседі.Жердің қадір- қасиетін түсінеді.

Ғаламды, жалпы жаратылысты, болмыс сырын ашуға ұмтылу - адамзаттың мәңгілік мұраты екенін ұғынады.

IY Сабақты бекіту

«Мәтінмен жұмыс.»

Сабақты қорыта отырып, «Адамның Ғаламмен байланысы » мәтінін оқып, сұрақтарға жауап береміз.

  • Адам Ғарышпен қалай байланысқан?

  • Адам өз өмірін және айналасын жақсарту үшін өзін қалай ұстайды?


Бұл әлемде барлығы бір- бірімен байланысы болады.Ғаламның кез келген бөлшегін одан ажыратуға болмайды.Біз біртұтас, айқын және қозғалыстағы Ғаламның бір бөлшегі екеніміз күмәнсіз, бір ғана, біздің әрекеттеріміз, ойымыз және сезімдеріміз болмысты құрайды.Бұл - біздің кемелденуіміздің және рухани дамуымыздың негізі болмақ.Осы тұжырымды түсінгенде ғана адам өз- өзіне және өз өміріне неғұрлым белсенді түрде, жауапкершілікпен және шығармашылықпен өмір сүреді.адамның сыртқы және ішкі болмыстары үнемі байланыста болады.Қоршаған орта адам сезіміне , көңіл күйіне әсер етеді. Қоршаған ортаны түсіне білген адам әрқашанда онымен үйлесімдік табады.

Оқушылар жаңа сабақты меңгегендігін көрсетеді. Тапсырманы орындау оқушылардың ғаламды басқа көзқараспен тануына мүмкіндік береді.

YI Қорытынды

Сабағымызды шеңберге тұрып «Жүректен жүрекке» әдісімен аяқтасақ. Қ.Мырза Әлінікі «Қуаныш күтіп тұр алда» өлеңін бәріміз бірге айтайық:

Қуаныш күтіп тұр алда.



Көңілдің мұңы қалып,

Күледі көкте Күн.

Тағы да гүлін алып

Келеді көктемің.

Бір жүрек дірілдеген

Күтеді көгалда.

Топ болып дүрілдеген

Қызығың көп алда!

Қ - сы

Ей,жүрек!

Теңізім болып тулай бер!

Елжіреп,

Сүйгенге құлай бер!

Жырлаудан жалықпа!

Қайғырма, қамықпа!

Қуаныш күтіп тұр алда!




Шеңберге тұрып Қ.Мырза Әлінің «Қуаныш күтіп тұр алда» өлеңін айтты.

Қуаныш күтіп тұр алда.



Көңілдің мұңы қалып,

Күледі көкте Күн.

Тағы да гүлін алып

Келеді көктемің.

Бір жүрек дірілдеген

Күтеді көгалда.

Топ болып дүрілдеген

Қызығың көп алда!

Қ - сы

Ей,жүрек!

Теңізім болып тулай бер!

Елжіреп,

Сүйгенге құлай бер!

Жырлаудан жалықпа!

Қайғырма, қамықпа!

Қуаныш күтіп тұр алда!




Жылы лебіз танытылады.

Сабақтан алған әсерлерін оқытушымен бөлісу арқылы,өз сезімдерін еркін де анық көрсетуді үйренеді.Жеке өзін-өзі жетілдіреді.



© 2010-2022