Ашық сабақ Отбасы жарастығы 5-сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Ашық сабақ Отбасы жарастығы 5-сынып

Мектеп: «Сам мектеп - балабақша кешені» КММ Мерзiм: 13.11.2015

№:Тақырып:Отбасы жарастығы

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер:Сыйластық, бауырмалдық,

адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық.

Мұғалiм: Мамбетова Назгүл Класс:5 Оқушылар саны:13

Сабақ мақсаты: Оқушылардың сыйластық, махаббат

құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік

қалыптастыру

  • отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктері дамыту

  • өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Слайд, плакат, стикерлер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. (топқа бөлу) Тыныштық сәтi.

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Мұғалім: Балалар,денелеріңді түзу,бастарыңды жоғары

көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмуларыңа болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстап,денемізді бос ұстаймыз.

Айналадағы барлық тіршілік иелері сіздерді аялап,қоршап,қамқор болып жатыр.Сіздер жанұяларыңызбен бақытты сәтті бастан өткізіп жатырсыздар.Көңіл-күйлеріңіз өте жақсы,сіздер күліп,тамаша сезімдерге бөленіп жатырсыздар.Тұла бойларыңызға махаббат пен жақсылыққа толды.

Енді көзімізді ашып,бастапқы қалпымызға оралайық.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің»

Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе ол әдепті, ақылды азамат болып шығады.


  1. Әңгiмелеу

- Балалар , біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы әңгіме қозғаймыз.

- Отбасы дегеніміз не?

- Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

- Сен отбасында кімсің?

- Мен отбасының мүшесімін , әке мен анамның баласымын , атамен әжемнің немересімін.

-Отбасы мүшелері бір - бірімен қандай қарым -қатынас жасайды?

- Әңгімелеседі, бір -бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

-Өз үйіңде сен үшін ең қымбат нәрсе не?

-Жақсы көңіл-күй,сыйластық,татулық

- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір -бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі отбасы жарастығын құрайды.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау «Сыйластық»

  1. Ата, әже болып ақыл айту

  2. Әке болып еркелету, ана болып мейірімді болу.

Берілген мақалдарға сүйеніп , шағын әңгіме құрау.

Ата - асқар тау,

Ана - бауырындағы бұлақ

Бала- жағасындағы құрақ.

Ата - бәйтерек

Бала- жапырақ.

Анаңды Меккеге үш арқалап барсаңда,

Қарызыңнан құтыла алмайсың.


  1. Топпен ән айту.

Әкем әнім


  1. Үй тапсырмасы.

Менің отбасым әңгіме жазу,

отбасы суреттерін алып келу (сурет көрмесін өткізу.)


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар жүрекшелерге отбасына, жақындарына деген ыстық тілектерін жазып жүрекке апарып іледі.


© 2010-2022