«Мектеп аруы-2016» арулар байқауы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік»

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар,слайд.

Барысы:

Сахна сыртынан жүргізуші:

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып.

Фанфары. (ортаға жүргізушілер шығады)

1 - жүргізуші: Армысыздар қадірменді көрермен қауым, ардақты ұстаздар!

2 - жүргізуші: Армысыздар! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін бізде үлкен мерекелі күн. Осы қазан айы ұлы мерекелерге толы. Қазанның алғашқы күні - ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.

2- жүргізуші: Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

1- жүргізуші: Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттердің өзінен де озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын.!

2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып, сан - салалы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Кешіміздің ашылу құрметіне,

Әуеленген әсем ән жолданады. - дей отырып, ашық мерекелік кешімізді әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші: Ән «Ұстаздарға мың тағзым».Қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Ұстаздарға арналсын тілегіңіз! - мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры ____________ беріледі.

Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде деңдеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

1-жүргізуші:Ұстаздарымызды құттықтау үшін 10 сынып оқушыларын Ортаға шақырамыз. «Испан биі»

1-жүргізуші:Ортаға сынып жетекшілерін шақырамыз.Сіздер оқушыларыңызды күнде көресіздер,журналға баға қоясыздар,ал енді сыныбыңыздың оқушыларын журнал бойынша атап беріңіздер.Қателік жіберсеңіздер бір өнер көрсетесіздер.(Ойыншыларды марапаттау)

1-жүргізуші:Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!

2-жүргізуші:Сахнаға 4 қатысушыларымызды шақырамыз.Біздің мұғалімдер өз жұмыстарының шеберлері,ал киім кию жағынан қалай екен?Қазір оны көреміз (қағаз,пакет, 2 степлер,скотч,шарф) бұл заттардан бірнеше минутта киім үлгісін ойлап жасау керек.

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға қыздарымызды шақырамыз.

Ән 10 «Ә» сыныбы

1-жүргізуші:Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

9 «Ә» сынып оқушылары Би

2-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:"Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз"

1-жүрг: Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.

Көрініс:3-4 сыныптар. «Жылау сабағы»

Көрініс3-4 сыныптар. «Борзыйлар сабағы»

КВН 11 сынып.

2 - жүргізуші:

Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстазжайлыайтылар сыр да, жыр да көп. Ұстазсенімінақтау - адамгершіліктіңбелгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылықкерекекен.

(баяу музыка ойнап тұрады)

2 - жүргізуші:Келесі ойынымызға 2 мұғалімді шақырамыз.

Ойынның шарты: Ілініп тұрған шарларды жарып,ішінде жасырынған сұрақтарға жауап бересіздер.Сіздер бұл мектепте жұмыс істейсіздер,күнде мектеп ішімен жүресіздер,бір-бірлеріңізді танисыздар,ал мектеп ішін жақсы білесіздер ме,қазір біз оны білетін боламыз.

  1. Мектебімізде барлығы неше кабинет бар? (22)

  2. Информатика кабинетінде неше компьютер бар?

  3. Асханада барлығы неше үстел? (15)

  4. Екінші қабатқа көтерілу үшін біз сатыны қолданамыз.Осы сатыда неше басқыш бар? (23)

  5. Мектебімізде барлығы неше оқушы? (369)

(Ойыншыларымызды марапаттау)

1-жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

2-жүргізуші:Ұстаздарға деген жылы лебізі мен құттықтауын әсем әнімен Музыка пәнінің мұғалімі Абылайхан Молдабекті қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.

2 - жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы - алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір - түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін!

1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған концерттік бағдарлама аяқталды.

© 2010-2022