Тақырыбы: Білімділер сайысы 7-сынып үшін эстафета

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

15.12.2015.

"Білімділер жарысы" спорттық сайысы.


Сайыстың мақсаты: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 6-А,Б және 7-В,Г сынып оқушылары арасында өтетін «Білімділер жарысы» атты спорттық сайысын тамашалауға жиналып отырсыздар! Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!


Қош келіпсіз, бүгінгі көрерменім
Жиналып отырсыздар топтардың өнерлерін
Сергітер деп ойлаймыз, бүгінгі кеш
Тамашалап отырсаңыз спорттық бөлімдерін


Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар!

1. Топтарды ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Сайыс 2 бөлімнен тұрады.


І бөлім «Кім шапшаң». 6-«А» және 6-«Б» сынып оқушылары 5 шарт бойынша жарысады.

ІІ бөлім «Кім ұқыпты». 7-«В» және 7-«Г» сынып оқушылары өзара жарысады.

4. Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау. Топтарды марапаттау.



Қазылар алқасымен таныс болайық:

1. Оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ниязметова Д
2. Оқушылар ұйымының әдіскері -


Сайысымыздың басталуы.

1 - ойын: 6-сынып оқушылары ортасында.

«Арқаншада секіріп барып сұрақтарға жауап беру».
Сөре сызығынан 15м жерде тапсырма қойылады. Оқушылар арқаншамен кедергілер арасынан секіріп өтіп сұраққа жауап береді. Артына қайтқанда тура жүгіріп келеді де, арқаншаны екінші оқушыға береді. Ойын оқушылар барлық сұрақтарға жауап беріп болғанша жалғасады.

2 - ойын «Кім ұқыпты». 7-сынып оқушылары ортасында.

«Секіргіш жіппен секіру,100 кітап бағдарламасы бойынша құрастырылған тест сұрақтарына жауап беру». Оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп болғанша жарысады.

Сайысты қорытындылау.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша жеңімпаз командалар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлделердің белгіленгені дұрыс:


1. «Ең үздік»топ басшы
2. «Ең үздік»ойыншы
3. «Ең жақсы спорт киімі»





Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі

«БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ»







Өткізгендер: Нуралиева Н.

Кадырова Д.

Ярметова Д.

Тақырыбы: Білімділер сайысы 7-сынып үшін эстафета

2015-16 оқу жылы

© 2010-2022