Урок казахского языка Мұхтар Әуезов мұражайы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 9- орыс сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов мұражайы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезов мұражайы жайлы түсінік беру,тапсырмалар орындату,грамматикалық тақырыпты қайта жаңғырту, алған білімдерін бағалау.

Дамытушылық: сөздік қорларын молайта отырып,сауатты оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушыларды мұражаймен таныстыра отырып, мәдениеттілікке, білімділікке, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайдтар, мақал-мәтелдер жинағы.

Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

2) Сабаққа назарларын аудару.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі

1) Сұрақ қою:

- Модуль тақырыбымыз қандай?

- Үйге не берілді?

ІҮ. Жаңа сабақтың мақсатын, барысын айту.

1)Кіріспе сөз

2) Сөздік жұмысын өткізу

мәдени-ағарту-

есте қалдыру-

толық мағлұмат-

аса бағалы-

дүниежүзі-

мұрағат-

қолшатыр-

Ү.Ой толғау

1.Мұхтар Әуезов кім?

2.Оның қандай еңбектерін білесіңдер?

126 беттегі 1-тапсырма. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

Берілген сұрақтарға жауап беру.

1.М.Әуезов мұражайы қандай жұмыс жүргізеді?

2. Мұражайдың негізгі қоры қандай?

3. М.Әуезов мұражайы қайда орналасқан?

ІІ деңгей

Мәтін бойынша тезистік жоспар құрып, дәптерге жазу.

Тезис (баяндаманың, лекцияның, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі қағидалары)

Жоспар:

  1. М.Әуезов мұражайында жүргізілетін жұмыстар.

  2. Мұражайдың негізгі қоры.

  3. М.Әуезов мұражайының орналасқан жері.

ҮІ. Сабақты бекіту

126 беттегі 2-тапсырма.

Мәтінді түсініп оқыңдар.Мәтінге ат қойыңдар. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындаңдар.

- Мәтіндегі кейбір сөздердің аудармасымен танысу

Сөздік

қолшатыр-

санасу керек-

пайдасы жоқ-

туынды-

кедергі жасамау-

тыныш-

тақалып тұру-

сіңбірінбеу-

мінсінбей қарау-

Тапсырмалар :

1. Мәтінді мәнерлеп оқу,ат қою

2.Мәтінді диалогке айналдырып, өзара сөйлесіңдер.

3. Мәтіннің мазмұны негізінде «Көрме және мұражайда адам өзін-өзі қалай ұстау керек?» тақырыбына ереже дайындаңдар.

Мысалы:

  1. Көрме мен мұражайға барғанда сыртқы киімдер мен заттарды гардеробқа қалдырыңдар.

  2. Көрме залында тыныштық сақтау керек.

  3. Экспонаттарды қолмен ұстамаңдар.

Осылай әрі қарай жалғастырыңдар (дәптерлеріне орындайды).

Грамматиканы пысықтау

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерден қос сөздерді табыңдар. Жасалу жолдарын түсіндіріңдер ( интербелсенді тақтада орындалып, дәптерлеріне жазылады).

1.Көре-көре көсем болар,

Сөйлей-сөйлей шешен болар.

2.Тұмсықтының тамағы,

Шоқуменен табылар,

Өнер-білім дегенің,

Оқуменен табылар.

ҮІІ. Қорытындылау.

Жағдаятты түсініп, талдау жасаңдар.

Мұражайдың көрме залында экскурсовоттың айтқандары сендерге қызықсыз. Осындай жағдайда сен не істеген болар едің? (оқушылардың жауабы тыңдалады).

VІІ. Үйге тапсырма.

126 беттегі І деңгейлік тапсырма.

«М.Әуезов үйі» ғылыми орталық мұражайы туралы мәліметтерді жинап, баяндама дайындаңдар.

VІІІ.Бағалау.



© 2010-2022