5-класс Қазақ әдебиеті. Ә. Тәжібаев. Толағайертегісі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. Толағайертегісі Әдебиет 5 -класс

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай»

Сабақтың мақсаты: «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Ақынның өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, әдеби ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру; «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны мен идеясын ашу

Дамытушылық: Өз ойын дәлелдей,тұжырымдай білуге,мәтінмен жұмыс жасай білуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру

Тәрбиелік: Толағай бейнесі арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; өз Отанына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған әдебиет оқулығы, слайдтар,бейне роликтер.

Пәнаралық байланыс: география

Сабақ барысы:

1.Психологиялық дайындық

Бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып,сабағымызды бастайық.

2.Топқа бөлу

Батырлық, ерлік туралы мақал -мәтелдерді құрастыру арқылы4 топқа бөлінеді.

3.Қызығушылықты ояту

«Кілттік сөздер» әдісі

Тақтада «аңыз», «әдеби», «Толағай», «батыр», «ертегі» сөздерін бүгінгі сабақтың тақырыбына лайықтап біріктіріңіздер.

Ықтимал жауаптар: Толағай- батырлық туралы ертегі.

Толағай- аңыз негізінде жазылған ертегі.

Толағай - әдеби ертегі. т.б.

4.Мағынаны тану

Мұғалім: Әдеби ертегі туралы түсінік береді.

Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме , аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Бүгінгі өтетін әдеби ертегі «Толағай» деп аталады.Автор қазақтың танымал ақыны-Әбділда Тәжібаев.

Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнероликтен көрсету.

«Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталатын Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.

Картадан көрсету. «Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауының орналасқан жерін картадан көрсету, «Толағай» тауы туралы аңызға тоқталу.

«Толағай» тауы - Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы. Қалба тауының бір бөлігі, биіктігі шамамен 700 метрдей. Толағай тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады. Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді.Киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұсқа келіп, сол тауға бастырылып қалған екен. Сондықтан «Толағай» тау деп аталыпты.

Сабағымыздың барысында «Толағай» ертегісінің негізінде жасалған «Сақ» киностудиясы түсірген «Толағай» мультфильмін көреміз.әр топқа тапсырмалар берілді. Мультфильмді көре отырып ,мәтінмен салыстырамыз, тапсырмаларымызды орындауға дайындалып отырамыз.

«Толағай» мультфильмін көрсету

Топпен жұмыс

1-топ

  1. «Толағай» ертегісінің қандай тәрбиелік маңызы бар?

  2. Батырлықтың мәні тек қана алып болуда ма?

  3. Өзіңді батырмын деп ойлайсыз ба? Неге?

2-топ

1.Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрыңыздар

Жоспар:

1.Толағайдың дүниеге келуі

2.Толағайдың ер жетуі

3.Толағайдың жолбарыспен айқасы

4.Алыптың жан күйзелісі

5.Елі үшін құрбан болған Толағай

3-топ

  1. «Толағай» ертегісімен «Толағай» мультфильмін салыстырыңыздар.

Ұқсастығы

Айырмашылығы

2.Ұқсастығы басым ба? Айырмашылығы ма?Неліктен?

(Әдеби шығарманы оқудың маңыздылығына тоқталу)

4-топ

1.Толағайдың бойындағы қасиеттерін топтастырыңыздар

күшті

жанашыр

Толағай

алып

мерген

рақымшыл

батыр

2.Оқулықтан осы қасиетін дәлелдейтін жолдарды тауып оқыңыздар

Күшті.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып.

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл.

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын»

Мерген.

Аң аулауға - кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқырмас болды қыран.

Батыр.

«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр.

Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.

Рефлексия

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымызда «Толағай» ертегісімен таныстық . Бүгінгі сабақтың қай тұсы ұнады, көңіліңізден шықпаған тұсы болды ма? Түсініксіз жері ше? Тақтаға жазып іліңіздер.

Бағалау

«Смайликтер» санын есепке ала отырып,оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма

«Туады ерлер елі үшін» тақырыбында эссе жазу.







1-топ

1.«Толағай» ертегісінің қандай тәрбиелік маңызы бар?

2.Батырлықтың мәні тек қана алып болуда ма?

3.Өзіңді батырмын деп ойлайсыз ба? Неге?















2-топ

1.Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрыңыздар

Жоспар:

1.

2.

3.

4.

5.







3-топ

1.«Толағай» ертегісі мен «Толағай» мультфильмін салыстырыңыздар.

Ұқсастығы

Айырмашылығы











2.Ұқсастығы басым ба? Айырмашылығы ма?Неліктен?









4-топ

1.Толағайдың бойындағы қасиеттерін топтастырыңыздар





Толағай





2.Оқулықтан осы қасиетін дәлелдейтін жолдарды тауып оқыңыздар





Ерлік

білек те

емес адал

жүректе

© 2010-2022