Қазақ әдебиеті Ақан сері 10-сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік: Ақан сері поэзиясын оқу арқылы қазақ мәдениетінің, өнерінің қаншалықты дәрежеде болғанын, нұсқаусыз - ақ өз өнерлерін дамытып, таратқанын, театр, мәдениет үйінсіз - ақ көрсете білгенін түсіндіру;
2. Дамытушылық: өз беттерімен ойлану, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету.
3. Тәрбиелік: қазақ халқының өнерімен таныстыру, халық өнерін
бағалай білуге тәрбиелеу Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі: БЛУМ, сәйкестендіру тесті, топтық жұмыс, зерттеу, салыстыру, пікір айту
Көрнекіліктері: Сабаққа қажетті плакаттар, компьютер, Ақан сері портреті, баспасөз материалдары, презентация

Күтілетін нәтиже: Ақан сері - эстетикалық сезімі нәзік, сұлу, талғампаз, пирик ақын. Халқы ардақтаған Ақанның жан-жақты таланты мен оның еліне, Құлагеріне деген махаббаты негізінде оқушыларды адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелей отырып, көркемөнерді бағалай білуге баулуды, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру.
Сабақтың эпиграфы: "Оның өнері - ертегідей әдемі, сұлу өмір". М.Жұмабаев.

II. Үй-тапсырмасын сұрау

1.Блиц турнир

1. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы не білесің?

2. «Ләйлім шырақ» әнінің тарихы?

3. Біржан мен Сара айтысының көтерген тақырыбы не?

Сал-сері сөзінің айырмашылығы Венн диаграммасы

Сал Сері

Жұрттың ортақ салтында жоқ,ерекше, күлкілі,көз тартарлық әлемішті киімдер киініп,жарқылдақ моншақтар тағады. Киімдері кең тігіледі. Жомарт болады.

Өрескел мінез,оғаш қылық болмайды. Мейілінше сыпайы,орнықты, ибалы, сәнді киімге,бекзаттыққа үйір. Серілер тобымен бірдей киініп жүреді.

Сегіз қырлы,бір сырлы,яғни,ақын,әнші,күйші,композитор. Олар-халық мәдениетінің көрнекті қайраткерлері

Сынып екі топқа бөлінген. Сал және серілер тобы

Сабақ барысы
III. Жаңа сабақ:

1. Бейнебаян «Балқадиша» әнін тыңдату.
2. Шағын пікірталас: - Әннің көтерген тақырыбы неде деп ойлайсың? Ән авторы кім? (Ақан сері)

«Балқадиша» әнінің түпнұсқасын білесіз бе? Ізденіс кезеңінде

Топпен жұмыс

Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.

І тапсырма. І топ «Ауылым қонған Сырымбет саласына » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу )

ІІ топ « Егіліп әндеріне сөзін тыңдап ...» ( Ақан әндері ,оның шығу тарихы)

Қонақкәде

"Құлагер" - Ақан трагедиясы
Жастықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық салтпен тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған құшаланы жеп, құмай тазысы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде ол 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады. Осы жылы Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш, Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді.
Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнап бірнеше ән мен өлеңдер шығарады.
Солардың ішінде ең көп тарағаны - «Құлагер» әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.
Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.

Сәйкестендіру тесті

Шығарманың аты

Өлеңінің тақырыбы

Қысқаша мазмұны

«Желдірме»

Махаббат құмарлық

Ғашықтық

Ғашықтық бір ыстық күн,желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық..

«Жайықтың ақ түлкісі»,

«Ақ көйлек»

Сен болсаң,ал қызыл гүл,асыл еркем,

Мен -бұлбұл сайрап тұрған иран бағы,-

«Балқадиша»

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боласың қандай жанға,Құдай-ай,жар Қадиша,-

«Сырымбет»

Туған жер

Ауылым қоған сырымбет саласында,

Болдым ғашық ақсұңқар баласына.

«Екі жирен»,Қараторғай»

Келеді Қараторғай қанат қағып,

Астына қанатыңның маржан тағып.

Бірге өскен кішкентайдан,беу,қарағым

Айырылдым қапияда сенен неғып,-

«Мылтық пен мергеншілік»

Саятшылық

...Оқудан соңғы өнер-мылтық деген,

Халайық,құлақ қойсаң,тілге нанып,-

«Бара-бар крестьянға

тең болмадық»

Саяси

...Бара-бар крестьянға тең болмадық,

Қалайша малмен,жермен тең болмадық

«Мінгенім, Құлагерім, өзің тұлпар», «Құлагер»

Атына деген ерекше көңілі

Құлагер шешең-сұңқар,әкең-тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар...

...................................................................

Шынымен өлгенің бе,Құлагерім,

Басылмас бір шырқамай менің шерім,-

Қорытынды

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын- жазушылар да аз емес . Мысалы: Сәкен Жүнісовтың « Ақан сері » романы, Ілияс Жансүгіровтың « Құлагер » поэмасы , Ғабит Мүсіреповтың « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасы, Фариза Оңғарсынованың « Ақан сері » өлеңі , Мұратбек Жоламановтың « Құлагер тағдыр » картинасы , « Құлагер » фильмі .
Бүгінгі сабағымызды заманын әнге қосқан, ұрпағына мәңгі тозбас ескерткіш соққан Сері туралы айтқан Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мына сөзімен қорытындылаймыз:

«Ақан сері - заманының сұңқары,тұяғы тозбас тұлпары, орып айтатын отауызды қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі,шешен сөздің ағытылған тиегі, сал мен серінің көсемі, ән мен күйдің,өткір сөздің шешені.»

Кері байланыс
Рефлексия парағына жауап:
1. Меңгердім:----------------------------------------------
2. Мені қызықтырды:------------------------------------
3. Сұрағым бар:-------------------------------------------
4. Менің тілегім:------------------------------------------
Бағалау парағын жинастыру.


Үй тапсырмасы. 1. "Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған" (ойтолғау жазу)
2. Ақынмен сырласу хат.







© 2010-2022