Қайталама қос сөздер (6-сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақ: қазақ тілі, 6-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Жалпы мақсаты
Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен танысады; бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажырата білуге дағдыландыру.
Оқу нәтижесі:
Қос сөздің анықтамасымен танысады, бөлінуін біледі, қайталама қос сөздерді ажырата алады
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
1.Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн достар!

Бүгінгі күн міне,

Сәттілікке толсын

Елімізде әр қашан

Тыныштық болсын!

-дей отырып сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сендер шет ел қалаларына барып көрдіңдерме?

Олай болса бүгін шет ел қалаларына саяхат жасасақ қайтеді.

Бірақ ұшақ тегін емес, билет алу үшін белгілі тапсырмаларды орындауымыз керек. Олай болса кеттік.

1 қаламыз РИМ

  • Мәтінен қос сөздерді тауып, әр топ екі сөзге мысал келтіріңдер.

Әкесі мен Жапар құмыра жасау үшін мезгіл-мезгіл саз қарайтын. Олар күнде ертеңгілік көк есегін жетектеп шығатын да, күні бойы жүріп-жүріп, кешқұрым қос қоржынын толтырып үйге қайтатын. Сонау ойда айнала қырпық-қырпық кейбір жоталар қоршаған қыстақ жатыр. Шөкім-шөкім танаптық жерлер балшық дуалмен қоршалған. Үйді-үйдің төбесіненшүйкедей шұбатылып көк түтін шығады. Әуелі әжептәуір биік көрінген төбе де бірте-бірте, жақындаған сайын кішірейіп келеді. Төбеде мелшиген көк аспан, тұп-тұнық. Айнала әжім-әжім құмдар. Басына дағарадай қып сәлде ораған біреу түйемен ауылға қарай желіп барады. Түйенің өркешіне ілінген бірдеңе бұлғаң-бұлғаң етеді. Шамасы, сусын болса керек.

Ұшаққа билет алдықпа? Олай болса ұшаққа отырамыз.

2-қаламыз ЛОНДОН

Берілген сөйлемдерден қос сөздерді тауып, қалай жасалғанын айтып көр

Көре - көре көсем боласың,

Сөйлей - сөйлей шешен боласың

1.Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.

Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті

2.Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары

қосымшасыз бір түбірдің қайталануы

Барар -бармасымды Құртқа біледі.

3.Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып

қайталануы арқылы жасалады.

Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті.

4.Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу

мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады.

Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп

Үрейді ұшырды.

5.Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық

өзгерістерге ұшырап жасалуы.

Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр.

6.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы

Ендігі қаламыз - ТОКИО

Жұппен қайталама қос сөздермен сөз тіркесін жаса:

Жақын-жақын, алуан-алуан, ауызба-ауыз, әрең-әрең,

әп-әдемі, үйді-үйіне, орынды-орынсыз, қора-қора, мая-мая, сыбыр-сыбыр, бас-басына, тұс-тұсына, бума-бума.

Шаршадық па? Бір сәт сегіп алайық

«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны. Көңілді шумақтар

4-қаламыз ПАРИЖ

Семантикалық картаны толтыр:

Түрлері

Мысалдар

Түбір немесе қосымшалы сөздердің қайталануы

Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз қайталануы

Әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы

Екінші сыңары біріншісіне еліктеу мәнінде қайталануы

Еліктеуіш сөздің екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап қайталануы

Ет-мет


Жалт-жұлт


Тарс-тұрс


Алуан-алуан


Аз-аздап


Жарқ-жұрқ


Түйе-мүйе


Бірде-бір


Тектен-текке


Бетпе-бет


5-қаламыз НЬЮ-Йорк

Қайталама қос сөздерді пайдаланып "Туған жердің табиғаты" тақырыбында шағын мәтін құра

Қайталама қос сөздер (6-сынып)

Енді балалар жоспарлаған қалаларымызды араладық, уақыттың тапшылығына байланысты Қазақстанға қайту керек.

Мақалдардаға қос сөздерді қойып оқы

  1. …..-….. арық қазсаң,
    ….-…. су ішерсің.
    2. ….-…. көсем болады,
    …..-….. шешен болады.

Үй жұмысы:

Қос сөздерге сөзжұмбақ құрастыру, ереже жаттау

Бағалау:

© 2010-2022