• Преподавателю
  • Другое
  • Баяндама Оқытудың қазіргі заман талаптарына сай сынып жетекшілердің оқушылармен қарым – қатынас орнатудың жаңа әдіс – тәсілдерді қолдануы

Баяндама Оқытудың қазіргі заман талаптарына сай сынып жетекшілердің оқушылармен қарым – қатынас орнатудың жаңа әдіс – тәсілдерді қолдануы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытудың қазіргі заман талаптарына сай сынып жетекшілердің оқушылармен қарым - қатынас орнатудың жаңа әдіс - тәсілдерді қолдануы.

Ұстаз - білім беру ісіндегі шешуші фактор. Ал, ұстаздың сапалылығы, кәсіби шеберлігі оның шәкірттерінен көрінеді. «Шәкәрттің жақсы болмағы - ұстазынан» деп тегін айтылмаса керек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ұстаз даген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі, толқу мен қуаныш қатар алмасып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмын. Мұғалім де тура кеме сияқты білім жолында еш тоқтамай үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Дей тұрғанмен, ерекше тұлға ретінде сынып жетекшіні атап көрсетеміз. Өйткені ол - балалар мен ата - аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай - ақ, баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшіге отбасы мен қоғам ең қымбат азаматтарының тағдырын тапсырып отыр, яғни, сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жуапкершілікпен сипатталады.

Мен 12 жылдық тәжірибемде төмендегі әрекеттер арқылы жұмысымды нәтижеге бағыттадым:

  • Сыныбымның оқушыларына сабақта, сабақтан тыс оқу жұмыстарында білім алуға жетекшілік жасап, қажет жағдайда оқушыларыма оқу көмегін ұйымдастыру;

  • Сыныбымда әр кез татулық ахуалының бұзылмауын қатаң назарға алу;

  • Сынып ұжымын, жеке оқушыны зерттеп, әрқайсысына мінездеме беру;

  • Сыныбыма сабақ беретін мұғалімдердің сыныппен жұмысын үйлестіру;

  • Сынып оқушыларымен оқу тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы;

  • Оқушыларымның ата-аналарымен6 жұртшылықпен барынша жақсы байланыс жасауын;

  • Сынып бойынша белгіленген іс-қағаздарын толтыруды;

  • Ең бастысы, баланы әр қырынан тануды үйрендім.

Сынып жұмысын жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты, дәл белгілеп, балалардың жеке, жас ерекшеіктерін және олардың тәрбиелік деңгейімен өмірдің талабын еске ала отырып, атқару керектігін білдім.

Өз тәжірибеме қарағанда, сыныптың оқу-тәрбие жоспарының құрылымы әр түрлі. Дегенмен, оның мазмұнында: сынып мінездемесі, оқу мен тәрбиенің мақсат міндеттері, сынып оқушыларының және олардың ата-аналарымен бір жақты емес жан-жақты қатынас ұстану тұрады.

Байқағаным, оқушылар сынып жетекшінің әділеттілігі мен шыншылдығына, білім мен ұйымдастырушылығына, ұстамдылығы мен сыпайылығына және қарым-қатынас жасауына ерекше мән береді. Бұл әрекет сынып жетекшінің идеял болып қалыптасуына ықпал етеді. Жетекшінің оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауы барысында ең жетекші орынды педагогтік әдептілік алады.

Ол - мұғалімнің жоғары шындық, қайырымдылық, ұстамдылылық, сабырлық, әр түрлі жағдайда оқушымен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын ептілігін көрсететін адамгершілік тәртібі екенін тәжірибемде көріп жүрмін.

Жалпы алғанда, сынып жетекшісінің кәсіби біліктілігін арттырудың маңызы өте зор.

Сынып жетекшінің міндеттері:

  • Оқушыларды жеке-жеке зерттеу;

  • Бос уақыттарының пайдалануын қадағалау;

  • Сынып жиналысын өткізу;

  • Үй тапсырмасының орындалуын бақылау;

  • Ата-аналар жиналысын өткізу;

  • Мадақтау шараларын қолдану;

  • Ата-анамен байланыс жасау;

  • Дәрігермен кеңес өткізу;

  • Сабаққа қатысын бақылау, пән мұғалімдерімен байланыс орнату;





Сынып жетекшісі жұмысының бағыттары:

Менің сыныбымда 21 оқушы бар. Бұл сыныпқа 6-сыныптан бері жетекшілік етіп келемін. Қазір 10 «А» сыныбы. Сыныптың әлеуметтік деңгейлері әр түрлі. Сыныпта 1 үздік оқитын оқушы, 8 екпінді оқитын оқушы бар, білім сапасы 43 %.

( Слайд арқылы көрсетіледі)

Сыныбымда жетекшілік еткелі қол жеткізген жетістіктеріме тоқтала кеткім келеді.

Оқушым Қыстаубаев Айдос 2010 жылы аудандық «Махамбет оқулары» байқауында І орын алды. Қалалық «Махамбет оқуларынан» «Ұлы арман» номинациясы бойынша І орын алып, республикалық «Махамбет оқуларына», яғни Махамбеттің туған жеріне шақырту алды.

Оқушым Ермекова Дамира 2011 жылы аудандық география пәнінен олимпиадада ІІ орын алды. 2011жылы мектепішілік «Күз аруы» байқауында «бас жүлдеге » ие болды. 2008 жылы Мектепішілік Тәуелсіздік күніне байланысты 5-9 сыныптар арасында «Қазақстанның болашағы-тәуелсіздікте!» атты мәнерлеп оқу сайысына қатысып «бас жүлде» алды.

Оқушым Мұхтаров Әділ 2010 жылы мектепаралық ХІ Абай - Шәкәрім және І Махамбет оқулары сайысында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ орын алды. ҚР таеквондо Федерациясының Республикалық Аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша «сары белбеу» берілді. Сонымен бірге Әділ мектепішілік қоғамдық іс-шараларға көп қатысады, мерекелік , жаңа жылдық кештерді жүргізеді.

Оқушым Алмасов Сұлтан 2008 жылы Мектепішілік Тәуелсіздік күніне байланысты 5-9 сыныптар арасында «Қазақстанның болашағы-тәуелсіздікте!» атты мәнерлеп оқу сайысына қатысып «бас жүлде» алды. 2011 жылы ХІІ аудандық Абай оқулары сайысында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды. 2011 жылы мкетепішілік Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны» байқауында «бас жүлдеге» ие болды. 2012 жылы «Көркемсөз оқу шебері» қалалық байқауының алғыс хаты берілді. 2012 жылы «Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының ең үздік оқырманы» атты Ахметтану оқулары байқауының дипломымен марапатталды.

Оқушым Құсайынова Атынай 2009 жылы мектепішілік «Менің Қазақстаным-менің болашағым!» атты мәнерлеп оқу сайысында «бас жүлде» алды. Мектепішілік «Табиғатым-тағдырым!» тақырыбында ең үздік шығарма иегері ретінде марапатталды. Аудандық «Абай оқулары» сайысында ІІІ орын алды. 2011 жылы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадада І орын алды. 2012 жылы мектепішілік «Күз аруы» байқауында «бас жүлде» алды. 2012 жылы аудандық география пәнінен І орын алып, бүгін қалалық олимпиадаға кетті.

Оқушым Жұмәділ Маржан биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық олимпиадада ІІІ орын алды.

Оқушым Каримов Аян мектептің домбырашылар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып мақтау қағаздарымен марапатталған.

Сонымен бірге сыныбыммен көптеген іс-шараларға қатысып ашық сабақтар өткіздім. Қазақ тілі пәнінен « Сан есімнен өткенді қайталау » тақырыбында 6 «А» сыныбында ашық сабақ, «Шәкәрім Құдайберді ұлына - 150 жыл», », «Ақ жаулықты - анашым, ақ моншақты - аруым», (7-сынып) , Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай «Елім деп туған ерлер бар» (8-сынып), », «Тәуелсіз елдің - тұғыры биік »(9-сынып), «Жақсы мінез - жан азығың» (10-сынып) атты ашық тәрбие сабақтарын өткіздім.

«Ұстаз» болу үшін - «ұстаз» болып туылу керек деп ойлаймын. « Ұстаз - мектептің жүрегі» деген қағиданы ұстанатын болсақ, сол «жүректің» дұрыс соғып, дұрыс жұмыс істеуі бала тәрбиесіне оң әсерін тигізеді. Олай болса, бұл оңай шаруа емес. Ұстаздан қайыспайтын жігер мен қас шебердің мінезге бай төзімділігін талап етеді.



Алматы қаласы Түрксіб ауданы

№142 жалпы білім беретін мектеп



Баяндама

Тақырыбы: Оқытудың қазіргі заман талаптарына сай сынып жетекшілердің оқушылармен қарым - қатынас орнатудың жаңа әдіс - тәсілдерді қолдануы.

Баяндамашы: Искакова Жадыра Аймуханбетқызы



Алматы 2013



© 2010-2022