Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып)Күні : 15.10.2015

Сынып: 5 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкер

туралы түсінік беру. өткен тақырыптармен байланыстыра

отырып, әдебиеттен алған білімін жетілдіре түсу.

2.Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке,

имандылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін

жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,

әңгімелеу, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегілер жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

1. «Керқұла аттың өсіп-жетілуі» деген тақырыпты алып,ертегі құрастыру.

2.Ертегіні мазмұндау.

ІІІ. Білім тексеру:

1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.

2. «Керқұла атты Кендебай» ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.

Бағдарлау-мотивациялық кезең

-Балалар, ерлік ұғымын қалай түсінесіздер?

-Кендебай ең алдымен қандай адам?

-Ертегідегі Кендебай сынды батырдың адал серігі - Керқұла аты.

Кер - құла мен торының, құла - сары мен жиреннің аралас түсі.

Ертегі мазмұны бойынша қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр.

  • Кендебай мен жетім бала

  • Керқұланың тағдыры

  • Кендебайдың дүниеге келуі

  • Хан бұйрығы

  • Баланың ата-анасымен қауышуы

  • Кендебайдың бұйрықты орындауы

  • Кендебайдың аралға баруы

  • Кендебайдың биені күзетуі

  • Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарты

  • Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

Тест сұрақтары

1.Кендебайдың әкесінің аты кім

А) Байбөрі

Ә) Ерназар

Б) Қазанғап

В) Саржан

2.«Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар», бұл қай кейіпкердің сөзі ?

А) Шалқұйрық

Ә) Керқұла ат

Б) Ханның баласы

В) Тазша бала

3. Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?

А) Мергенбай

Ә) Тасқара

Б) Кендебай

В) Шойынқұлақ

4.Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?»-кімнің сөзі

А) Күңке

Ә) Меңді сұлу

Б) Кенжекей

В) Ханның кіші қызы

VІ. Түсінік тексеру:

1-қатар: Кендебайға ұқсағың келеме? қай қасиеті көбірек ұнады?

2-қатар:Қазіргі жастар бойынан осындай қасиеттер кездесе ме?

2-қатар: Сен осы ертегіге қандай өзгеріс енгізер дедің?

Мақалдарды мазмұн жоспарына сәйкестендір.

1.

Кендебайдың дүниеге келуі.

Іздеген мұратына жетеді.

2

Керқұланың тағдыры.

Ата - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ

3

Кендебай мен жетім бала.

Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.

4

Кендебайдың аралға баруы.

Қаһарлы қамал бұзады

5

Кендебайдың биені күзетуі.

Есірген хан елді ермек етер.

6

Хан бұйрығы.

Өзі аққа құдай жақ.

7

Кендебайдың бұйрықты орындауы.

Жол мұраты - жету.

8

Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.

Қаралы көңіл жаралы.

9

Баланың ата-анасымен қауышуы.

Қасқырдың ойлағаны - арамдық.

10

Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

Батыр туса - ел ырысы.

Балалар, енді Кендебай батырдың бойынан қандай қасиеттер көргендігімізді топтастырайық.

Ә) Оқулықпен жұмыс. Кендебайдың мінезі...

Қайырымдылығы:

жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті.

Қамқорлығы:

Қарасудың бойындағы жыртық үйлі кеделерді аң аулап асырауы.

Жанашырлығы:

жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде беруі.

Кішіпейіл:

хан қызының ақылын тыңдап, «Айрылғырдың суы айырыл!» деуі.

Адалдығы:

жұлынып қалған қолындағы құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі.

Шыдамдылығы:

шаршаса да түн бойы көз ілмей құлынды күзеткендігі

Ақылдығы:

ханға келген шаруасын, өзінің қарапайым адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұқсат сұрағандығында.

Сөздік жұмыс.

1. Алты айдың ішінде алты кез болды (67- бет) (Кез - 71 см-ге тең ұзындық өлшемі).

2. Ернім жалақ, басым таз болды (68-бет). (Жалақ ерін жел қақты боп кеберсіген жара).

3. Құндыз жүнді арғымақ құлын туады (70-бет). (Құндыз- салмағы 10 кг-дай өзен-көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң).

4. Зынданның аузы құлыптауы. (Зындан - тұтқынға түскен адамдарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан).

5. Батпан - салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар.

.

Бағалау.

2.Үй тапсырмасын беру.

1 Ертегіні ары қарай жалғастырып жаз.

  1. Сөз жұмбақ құрау

3.Менің досымның басынан кешкендері» тақырыбына ертегі өрбітіп жазу.


© 2010-2022