Шығыс Қазақстан облысының өнер адамдары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысының өнер адамдарыСабақтың тақырыбы: ШҚО өнер адамдары

Мақсаты: ШҚО өнер адамдары туралы мағлұмат беру тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Міндеті:

1.Сөйлеу барысында сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрету.

2.Сұрақ-жауап өткізу арқылы, оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін, сөйлесуді дамыту.

3. Өнерге деген сүйіспеншілік қасиеттерді бойға сіңіру.

Көрнекілігі: суреттер, жаңа сөздер жазылған плакат, «Толықтырып жаз» тапсырмасы жазылған карточкалар,тірек сызбалар

Қалданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жартылай ізденіс, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, назарларын аударту, сабақ мақсатын айтып өту, ойын «Мен саған ... тілеймін» оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

ІІ Үй тапсырмасы: әңгімелеу, сөздік тексеру, карточкалар арқылы тапсырмалар беру

ІІІ Жаңа сабақ бойынша:

  1. ШҚО шыққан өнер адамдары.

  2. Сөздікпен жұмыс: түсіндіру,үнтаспадан тыңдату, жекелей , топпен қайталату, сөзтіркестерін және сөйлемдер құрату, сөздікке жазу.

2. Мәтінмен жұмыс: мәтінді оқу, аудару, қысқаша мәліметті дәптерге жазу.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) - атақты әнші, актер әрі музыкант. Шығыс Қазақстан облысында 1888 жылы туған. 1925 жылы Парижде,1927 жылы Маиндегі Франкфуртте ән шырқаған. Домбырасы саз аспаптар мұражайында сақтаулы тұр. Осы домбырамен Парижде «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» әндерін орындаған.

Әмина Ерғожақызы Өмірзақова - халық әртісі .
1919 жылдың 8-наурызында Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. 1938 жылы Ленинградтың театр өнері училищесін бітірді.
1938-1940 жылдары Шымкент драма театрында, 1940-1942 жылдары Қазақ драма театрында, 1942-1949 жылдары «Қазақфильмде» қызмет атқарды.
1949 жылдан Қазақтың балалар және жасөспірімдер театрының актрисасы.
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған.

Роза Қуанышқызы Рымбаева 1957(мың тоғыз жүз елу жетінші) жылы 28(жиырма сегізінші) қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Роза Рымбаева қазақ эстрадасының жұлдызы, педагог, профессор. Қазақстан Республикасыны мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Тамаша әнші. Біз жерлесімізді мақтан тұтамыз.

Оралхан Көшеров- танымал сазгер, әнші. Күршім ауданы, Топтерек ауылында туған. Еңбек жолында қарапайым жұмыскер болып жүріп, аудандық мәдениет бөлімінде әнші болумен байланыстырды. Өмірінің соңғы 10 жылында ән жазумен айналысты. Артында 50 шақты әні қалды. 2005 жылы «Есіңе мені алғайсың» атты жинағы басылып шықты

Сергіту сәті.

3. Дәптермен жұмыс

4. Домино ойыны

Ү Бекіту: сұрақ-жауап

ІҮ Қорытынды:

Ү Үйге тапсырма: кесте бойынша мазмұндау



© 2010-2022