Болжалдық сан есім 6-сынып сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ: Болжалдық сан есім

Мектеп:Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ

Күні:30.11.2015 жыл

Мұғалімнің есімі: Шакербекова Дариға Амантаевна

СЫНЫП: 6 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Болжалдық сан есім туралы біліп, білімдерін кеңейтеді. Сан есімнің жасалуын талдау арқылы жете түсінік береді. Сабақты толық ашады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Болжалдық сан еіммен танысып, мағлұмат алады. Сауатты сөйлеп, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Әртүрлі тапсырма орындап, сөз құрамына талдайды. Өз ойын еркін жеткізуді үйренеді

Кейбір оқушылар:

  • Мәтінді оқып, талдау жасайды. Жазба жұмыстарын орындайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар

  • Топпен жұмысқа үйренеді, ізденеді.Жаңа тақырып жөнінде ой бөлісіп, тереңірек білетін болады. Сөзді талдау, сан есім түрін ажыратуға машықтанады. Білімді меңгере отырып,оқушылар бойына сіңіреді. Өздігімен білім алатын, ізденімпаз тұлға тәрбиеленеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Болжалдық сан есім, жұрнақтары, жасалу жолы,«ой қозғау», деңгейлі сұрақтар, салыстырма жұмыстары бойынша жұмыс нәтижесі, диктант түрлері

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сан есімнің жасалуы, жұрнақтары.

Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба?

Болжалдық сан есім деген не ? деген сұрақтарға өз ойларын айтады.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс.Дәптермен, өздік жұмыс.

Бұл кезеңде сонымен қатар тыңдалым дағдысы жүзеге асады.

Алдыңғы оқу

Топтық сан есім

Ресурстар


Суреттер «Ай », «Күн», «Жұлдыз»

Аудио

Бағалау парақтары

Топпен жұмыс

таратпа материал,

оқулық

Оқушы дәптері, оқулық


БҮҮ


І Ұйымдастыру

Сыныпты 3 топқа бөлу. (ай, күн, жұлдыз арқылы топқа бөлу) (2 мин)

ІІ.Психологиялық тренинг «Әуезді ән »

(2 мин)

Әр топқа бағалау критерийлерін, парақтарын тарату (1 мин)

Үй тапсырмасын тексеру.( 5 мин)

ІІІ.Жаңа сабақ

а\«Ай » тобы болжалдық сан есімнің ережесі мен сұрақтарын айтады..(2 мин)

ә\«Күн» тобы болжалдық сан есімнің жұрнақтарын айтып, таныстырады. (3 мин)

б\ «Жұлдыз» болжалдық сан есімнің жасалу жолын түсіндіріп, дәлелдейді.

( 3 мин)

в\Морфологиялық талдау (3 минут) әр топқа жеке тапсырмалар беру.

г\ Оқулықпен жұмыс 119-жаттығу.

ІҮ Сергіту сәті ( 2 мин)

Мәтінмен жұмыс «Ақсүйек»

V Сабақты қорытындылау

Терме диктант орындау

V Үйге тапсырма ( 1 мин)

Сабақты бағалау ( 1 мин)

Кері байланыс орнату.( 2мин)


Басталуы


І Ұйымдастыру

Сыныпты 3 топқа бөлу. (ай, күн, жұлдыз арқылы топқа бөлу)

Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі

  1. Топтың ережесін таныстыру.( 1 мин)

  2. Топбасшы мен бақылаушы сайлау, олардың міндеттерімен таныстыру.

  3. «Әуезді ән» психологиялық тренинг

Әр топқа бағалау критерийлерін, парақтарын тарату

«5»- толық және дұрыс жауап; «4»- толықтыратын жауап; «3»- ақпарат аз, толық емес; «2»- мүлде жауап жоқ;

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Әр топқа сұрақ-тапсырмалар беріледі.

1-топ:Сан есім деген не?

2-топ:Сан есімнің мағыналық тортарын қандай?

3-топ:Сан есімнің түрлеріне мысал келтіріңдер?


Ортасы


ІІІ Жаңа сабақ

а\«Ай » тобы болжалдық сан есімнің ережесі мен сұрақтарын айтады..(2 мин)

ә\«Күн» тобы болжалдық сан есімнің жұрнақтарын айтып, таныстырады. (3 мин)

б\ «Жұлдыз» болжалдық сан есімнің жасалу жолын түсіндіріп, дәлелдейді.

( 3 мин)

1\Топтарға тапсырма.Морфологиялық талдау

1-топ: Айдос досы екеуі дүкенге барды.

2-топ: Оқушылар сайысқа төрт-төрттен бөлініп қатысты.

3-топ: Олжастың аты бәйгеден бірінші болып келді.

Оқулықпен жұмыс 119-жаттығу.Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар.

ІҮ Сергіту сәті

Мәтінмен жұмыс «Ақсүйек» мәтін мазмұнына сүйеніп, жарнамалық сипатта ойынның шарттарын ретімен жазыңдар.


Аяқталуы


ІV Сабақты қорытындылау

Терме диктант жазу

Бес-бестен, төртеу, он алты, жиырмасыншы,отыз-отыздан, сексен, екеу,екінші, қырықтан,тоғыз, біреу, елу екі, жетпісінші.

V Үйге тапсырма

121-жаттығу. Ережені жаттау.

Әр топ өздерін бағалауын айтып береді.

Кері байланыс орнату.

Білдім

Үйрендім

Үйренгім келеді





© 2010-2022