Ақиық ақын – Мұқағали

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақиық ақын - Мұқағали

Шараның түрі: Поэзия сағаты

Мерзімі: 09.02.2015ж.

Жүргізілген орны: Кітапхана оқу залы

Қатысушылар 9»а» сынып

Көрнекілігі: кітап көрмесі «Ақиық ақын - Мұқағали»,

ақын туралы жазылған жылы лебіздер.

Мақсаты: белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін насихаттау, жыр сүйер жас жеткіншектерді ұлы ақын мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Ақиық ақын – Мұқағали

Мұқағали 9 ақпан 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған.

Ақын КазҰУ - де, Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған. Текес ауылсоветінде хатшы, Қарасаздағы мектепте мұғалім, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің жауапты хатшысы болған. «Социалистік Қазақтсан» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» , «жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағында білім кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Ақиық ақын – Мұқағали

1 оқушы:

Қара сөзін қазақтың майландырған,

Керек болса, ішектей айландырған.

Қисаларын келтіріп қисынына,

Айтар ойын түйсінсіз байландырған.

Мың шумақта бір ойын қайталамай,

Досы тұрмақ, қасын да ойландырған.

Мұқағали , жырларың ерен сірә,

Дей алмайсың бір сөзің келеңсіз, ә!

Ақиық ақын – Мұқағали

2 оқушы:

Табынамын Мұқаңның өнеріне,

Ой қорытқан дүниені сезе біле.

Қара өлеңге қазақи шекпен жауып,

Халқының жаратқан мол керегіне.

Кітапханашы: Мұқағали Мақатаев! Бұл есім бүгінде жан мен жүрекке азық болар қуатты жырдың қазақы баламасына айналып, халқының өміртану болмысымен біте қайнасып кетті. Қалаға да, далаға да ортақ, ханға да , қараға да бірдей, кәріге де, жасқа да тән дүниелік құбылыстарды, сезім ахуалын, көңіл ауасын тап басып айтуға Мұқағалидай жеңіске жеткен армансыз ақын кемде -кем.

2 кітапханашы: Мұқағали өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы ұлттық мектептеріміз бен ұлы дәстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен. Ә. Тәжібаевтың сөзімен айтқанда «Қазақ поэзиясының асыл қазынасын өз жырымен толықтырған заманымыздың ғажайып ақындарымыздың бірі», ақынның өз сөзімен айтқанда: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» ерен жырды жаратушы ақын!

Ақиық ақын – Мұқағали

1 оқушы: Мұқағали өмір сырын жырлаған,

Жүрегінің айтқанын тек тыңдаған.

Өлеңдері құдірет, қой құдірет.

Табыла ма, сүймейтұғын бір адам.

2 оқушы: Қыран бүркіт самғаған,

Жырдың аспан тауысың.

Кең әлемде шарлаған,

Құдіретті дауысың.

Қайнап жатқан тас жарып,

Мөлдір таза бұлақ.

Поэзия аспанын,

Жарқыратқан шырақсың.

Ақиық ақын – Мұқағали

3 оқушы: Қазақтың жарық жұлдызы асылы еді,

Шындық пен адалдыққа жақын еді.

Не керек, көріп тұрып көрмегенсіп,

Даңғойлар сәулесінен қашып еді.

Ақиық ақын – Мұқағали

4 оқушы: Елім деп аңсап кетті ен даласын,

Қазақтың жырға қосты бар баласын.

Осындай алып тұлға ақыны бар,

Халқымның талантына таң қаласың.

5 оқушы: Мұқағали ақын шырағы еш уақытта өшпейді. Нұрын шашып әрқашан алаулайды.

6 оқушы: Мұқағали ақын 45- жасында бақилық сапарға аттанған қазақ жырының ақиығы тірі болса, биыл 84 жасқа толар еді. Тұтас бір дәуір өте шығыпты. Бірақ, Мұқағали жырлары кеше жазылғандай, ойлары ескірмес, алпыс екі тамырдан атқақтаған ыстық қалпында, жігіт қалпында.

Кітапханашы:

Поэзияның биік шыңы, баға жетпес дүлдүлі Мұқағали өміріне тоқталып өтейік. Алып ақын 1931 жылдың қой төлдеп жатқан наурыз айында Мқхаметқали есімімен дүниеге келіпті. Шын мәнінде, оның азан шақырып қойылған аты Мұхаметқали еді. Жеңгелері қасиетті есімді атауға батпай, қайныларын Мұқағали деп атап кетіпті. Ол жастай өлеңді сүйген ед. Халық басына түскен сол ауыр соғыс кезінде Мұқағали 10 жаста еді. Әкесі соғысқа аттанып кеткелі бірнеше ай хабарсыз болды. Бала әкесіне деген сағынышын жүрегіне сыйдыра алмай, ең алғашқы өлеңін әкесіне арнап шығарған екен.

Ақиық ақын – Мұқағали

Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,

Жайдақтың шөбі күйгін, қаулар ма екен.

Мінекей көп ай болды, хабары жоқ,

Әкем кеп көңілімді аулар ма екен.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді

Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді.

Аттан! - деді

Ол ертең аттанады.

Аттанады еңбектің ақ табаны,

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгердің ролін атқарады.

Кітапханашы: Мұқағалидің алғашқы өлеңдері оны үлкен ақындық жолға бетін бұрды. Мұқағалиді халқына ұлы ақын ретінде танытты. Оның жалынды ақын екендігін бар өлеңдері айғақтап тұрғандай. Мұқағалидай біртуар ақын еш уақытта ұмытылмайды.

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің

Артымда қалсын елім, қалсын жерім, - деп соңғы демі үзілгенше елінің тілеуін тілеп, амандығын сұрап өткен елі де ақиық ақынды мәңгілік есінде сақтап келеді.

Ақын Мұқағали, біз үшін сіздің жырларыңыз баға жетпес дүние, сіздің жырыңыз мәңгілік жұртыңызбен, күллі қазақ халқымен бірге жасайды.

Кітапханашы: «Отан оттан да ыстық», ақынның жырлаған тақырыбы Отанға, елге, жерге деген шынайы махаббаты.

«Отан», «Үш бақытым», «Қайырлы түн» өлеңдерін оқушылар оқиды.

Кітапханашы: Поэзия - Мұқағали үшін асыл дүние. Өзінің поэзиясымен жаны да, тәні де бір екендігн ешқашан жоққа шығармаған.

Оқушы:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім.

Алауратқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан.

Сені іздедім, жоғалған замандардан

Сені іздедім

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

Кітапханашы: Мұқағали өмірді жырлаған, өмірдің қызықты екенін, адамның өмірге бір -ақ рет келіп өмір сүретінін, сол өмірді өз қалауынша мәнді өткізу қажеттігін айтып өткен ақын.

«Армысың, адамдар», «Бақыт деген» өлеңдерін оқушылар оқиды.

Кітапханашы:

Мұқаңдар өмір жолын жасырған жоқ,

Басынан ешбір сөзді асырған жоқ.

Аяқтан шалушылар болғанменен,

Қорғанып, ешбір жанға бас ұрған жоқ.

Кінәлап ешбір жанға сен деген жоқ,

Мен артық, сендер менен кем деген жоқ.

Қайтсем де, озайын деп өзгелерден

Аптығып бәйге алуды көздеген жоқ.

Ақиық ақын – Мұқағали

Кітапханашы: Мұқағали - қазақ поэзиясын әлемдік биікке шығарған ақын. Ол қазақтың қара өлеңіне шекпен емес, шапан жауып кеткен ақиық ардақты ақынымыз. Мұқағали поэзиясының алдында қазақ халқы басын иіп, тағзым етеді.Ән:«Саржайлауым» орындайтын 9«а» сынып оқушысы.

Ақиық ақын – Мұқағали

© 2010-2022