Балаларға арналған ертегі Шалқан

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



















«Шалқан»орыс халықының ертегісі

(«Балапан» тобының қойылымы)













Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.Балаларға ертегі кейіпкерлерінің кейіпіне енуді үйрету. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Сахна ертегіге сай безендірілген

Автор:Баяғы заманда шал мен кемпір өмір сүріпті.шал бақшасына шалқан егіпті.Шалқан үйдей болып өсіпті.Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып,шалқалай тартады.Олай тартқылады,былай тартқылады,суыра алмады.Атай әжейді шақырады.

Атай: кемпірім,кемпірім бері келші

Автор:Әжей атайдың белінен ұстайды,атай шалқанның желегінен ұстайды,олай тартқылайды,былай тартқылайды,суыра алмайды. Әжей немере қызын шақырады.

Әжей:қызым,қызым бері келші

Автор:Немере қызы әжейдің белінен,әжей атайдың белбеуінен ұстайды,олай тартқылайды,былай тартқылайды,суыра алмайды.Немересі күшігін шақырады.

Немересі: күшігім,күшігім бері келші

Автор:Күшік мысықты шақырады.Мысық күшіктің құйрығынан тістейді,күшік немере қыздың етегінен тістейді,немере қызы әжейдің белінен,әжей атайдың белбеуінен ұстайды,атай шалқанның желегінен ұстайды,олай тартқылайды,былай тартқылайды,суыра алмайды. Мысық тышқанды шақырады.Тышқан мысықтың құйрығынан тістейді, мысық күшіктің құйрығынан тістейді,күшік немере қыздың етегінен тістейді,немере қыз әжейдің белінен ұстайды,әжей атайдың белбеуінен ұстайды,атай шаллқанның желегін ұстайды,қатты тартып қалғанда,шалқанды суырып алыпты.

Рөльдерде ойнағандар:

Шалқан -Қали Райымбек

Автор-топ тәрбиешісі Ж.Е.Түлпейсова

Атай-Жомарт Нұрлыбек

Әжей-Абдуғали Адия

Немере қызы-Батырғали Айназ

Күшігі-Жетпісбай Нәби

Мысығы-Гера Мария

Тышқан-Еркін Гүлден



© 2010-2022