Көнерген сөздер 5 сынып

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Көнерген сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Көнерген сөздер оның түрлері туралы түсінік беру. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін 1. Қазақ тілінің сөздік қорына жататын атаулар қандай ?

2.Туыстық қатынасты білдіретін атауларды ата.

3.Мал атауларына қандай атаулар жатады ?

4. Табиғат құбылыстарының атаулары ?

5. Аң-құс атауларына қандай атаулар жатады ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі : өнеркәсіптегі,ауыл шаруашылығындағы,ғылымдағы және техникадағы,өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды.

Мысалы : би,болыс,старшын,қосын,бәйбіше,тоқал,әмеңгер,дулыға,өлара,сәукеле т.б.

Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады.Көнерген сөздер архайзм және историзм болып екіге бөлінеді.

Тіліміздегі арсы,дабыл,шың-бұлар да көне сөздер.Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы-арман,тілек мағынасын білдіретінсөз.Жоғарыда аталған келе,арсы,дабыл,шың,бағы,тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде,көркем әдебиетте және ғылыми естеліктерде кездеседі.

Топпен жұмыс : Оқушыларға көнерген сөздер беріп,сөйлем құратқызамын.

Ояз,дулыға,пері,барымта,құн,дабыл,ілу т.б.

Білімді бекіту : 1.Көнерген сөздер дегеніміз не ?

2.Қандай көнерген сөздерді білесіңдер ?

Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма : 146-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,ішінен көнерген сөздерді тауып келуге беремін.



© 2010-2022