• Преподавателю
  • Другое
  • Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Октябрь орта мектебі» ММ















ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР


«Оқыту қазақ тілді емес жалпы

білімберетін мектептің 8-сыныпқа

арналған қазақ тілі сабағына

жаттығулар жинағы»










Орындаған:

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қожахметова А.М.

2013 жыл

Сабақ үзінділеріне ұсыныстар.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»


  1. Сабақтың тақырыбы: Отбасы сыйластығы.

Мақсаты:оқушылардың отбасына деген сүйіспеншігін, отбасы тәрбиесінің терең сезімдерін ояту; өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап, мақтан етуге тәрбиелеу;

  1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп, дауыстап оқып, отбасы тақырыбына қатысты тұсаукесер көрсетіп өткен жөн. Мұның негізінде оқушылар тек мәтінді оқып қана қоймай, көздерімен қазақ отбасындағысыйластық үлгілерін, отбасы тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер, отбасы мүшелері мен олардың мінездері мен міндеттерін бейнелейтін көріністерін көзбен көріп отырады. Осыдан соң оқушыларға тағы бір рет мәтінді іштей оқып шығу тапсырмасы беріледі. Мәтінді іштей оқып шыққан соң, бірнеше оқушы тақтаға оқылған мәтіннен өздері түсінген және естерінде қалған қарапайым сөйлемдерді жазады. Мысалы: Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер». Жеке тұлға болып қалыптасу - отбасы тәрбиесіне тікелей байланысты. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған алтын ұя. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

  2. Келесі кезекте мәтіннің әр обзацынан түйін сөздерді табу жұмысы да, оқушылардың мәтін мазмұнын естеріне сақтауға ықпал етеді. Мысалы: адамның алтын діңгегі,әке ұлға, шеше қызға үлгі болады, мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.

  3. Кез-келген лексикалық тақырыпты өткенде сол тақырыптың сөздік жұмысына көп көңіл бөлемін. «Адасқан сөз» атты сөздік ойынын өткізу қолайлы. Алдын ала дайын флипчарт әкеліп, оқушылар сол флипчарттағы қазақша сөздердің аудармасындұрыс орналастырады. Бір бағанға қазақша сөздер тізіледі де, төменде орысша баламалары тізіледі. Оқушылар кезек-кезек интерактивті тақтаға шығып, сөздердің баламаларын қарама-қарсы орналастырады.

  4. Грамматикалық ойын: «Сөйлемдер, сөйлеңдер!».

Отбасы тәрбиесі, отбасында ержетіп,ата-ана, құрметтеу, әдепті, тату-тәтті, жеке тұлға, берекелі.

Тапсырма: берілген сөздерді қатыстырып, құрмалас сөйлемдер құрастыру керек.

Отбасы сыйластығы тарауын оқытуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтары туралы Заңы тақырыбмен ұштастыруға болады. Өйткені бала мен ата-ана ұғымдары - егіз. Осы орайда оқушыларға балалар құқықтары туралы мағлұмат бере отыра, ата-ананың міндеттері мен баланың ата-анасының алдындағы парызы туралы мағлұматты олардың ой-санасына берік орналастыру көзделеді.Мұны іске асырудың бірден-бір жолы - ақпараттық технологиялар мен қатысымдық әдіс формалары.

Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»


  1. Сабақтың тақырыбы: Балалардың құқықтары туралыҚазақстан Республикасының Заңы.

Мақсаты: ҚР Конституциясы, 27-бап, ҚР балалар құқықтары туралы заңнанмағлұмат беру, Неке және отбасы туралы ҚР заңыүзінділерінің мазмұн-мағынасын түсіндіру, жай сөйлемнің түрлерін лексикалық тақырыппен ұштарстыра меңгерту. Үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

  1. Жылулық шеңберін жасап, ата-ана туралы жылы лебіздерін білдіру. Балалар бір біріне: - Ата-анамыз аман болсын! - Тәуелсіздігіміз жасай берсін! - Қазақстан Республикасының Конституциясы нығая түссін! - деген сияқты жылы лебіздерін білдіреді.

  2. Әр бапқа жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнына байланысты тұсаукесерге қарай отырып, мәнін түсіндіру.

  3. Балалардың құқықтары туралы Заңның мәні туралы әңгімелеп болған соң, топтық жұмыс беріледі. Сыныптағы балалар үш топқа бөлініп, әр бапты сызба арқылы әңгімелейді. Бірінші топ оқушылары ҚР Конституциясының 27 бабы, екінші топ Балалардың құқықтары туралы ҚР Заңының 9-бабы, үшінші топ Неке және отбасы туралы ҚР Заңының 1-бабы жайынды ақпарат дайындайды. Бұл сызбаға заңдардың шыққан жылдары, заңдардың сөзінің мәні, ең есте қаларлық сөзін көрсету арқылы жүзеге асырылады.

  4. «Бұл қандай сөйлем?» грамматикалық ойыны ойнатылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қай күн? Бала мемлекеттің қорғауында болады. Баланың қандай құқығы бар? Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын! Бала - ата-ананың бауыр еті. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? Балалар әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті! Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы. Балалар, үлкенді сыйлаңдар! Немере деген кім? Ел болам десең, бесігіңді түзе.

Тапсырма: берілген жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен интонациясына қарай: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем бағаналарына орналастыру.

Мақал-мәтелдер - ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегісі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Мақал-мәтелдер әр түрлі тақырыпта келеді. Сол тақырыптардың ішінде «Отан, туған жер» тақырыбы ерекше орын алады. Өзім сабақтарымда пайдаланып жүрген біраз әдістеріммен бөліссем деймін.


  1. Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын мемлекет.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілін сезімдерін ояту; өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу; мақал-мәтелдер, синонимдер, антонимдер арқылы оқушылардың тілдерін байыту; сөйлеу әрекетін, есте сақтау, қазақша ойлау, қабылдау, сауатты жазу қабілеттерін дамыту;

  1. 1) Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

2) Туған жерге туын тік.

3) Отан оттан да ыстық.

4) Көз - көңілдің айнасы.

5) Тіл - көңілдің кілті.

6) Піл көтермегенді - тіл көтереді.

Тапсырма: берілген слайдтардағы суреттерді сөзбен атау.

Мақалдың мағынасына сай жағдаят табу.

Ел-елдің бәрі - жақсы,

Өз елің бәрінен - жақсы.

Жер шарында бес құрлығында көптеген елдер орналасқан. Қазіргі таңда

көпшілік шет елдерге жұмыс бабымен болсын, демалып қайтуға болсын жиі

баратын болып жүр. Бірақ сол шет елдерде жүргенде барлығы жақсы, барлығы

қызық, дегенмен өз туған жеріңнің табиғатына, мөлдір, салқын бұлақ суына,

шексіз көк аспанына тең келмейді екен деп қайтатындар көп. Өйткені қай

жақта жүрсең де, туған қалаңды, ауылыңды, аулаңды, үйіңді тіпті төсегіңді

сағынасың.

  1. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

  1. Жері байдың елі бай.

  2. Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.

Тапсырма: жоғарыда көрсетілгендей әр мақалға жағдаят тауып, дәлелдеу.

  1. «Мақалдың басы бізден, жалғасы сізден» ойынын сабақтың бекіту бөлімінде өткізген қолайлы, себебі балалар сабақ бойы көптеген мақал-мәтелдермен танысып, кейбіреулерін естеріне түсіріп, жаттығып отырады. Бекіту кезеңінде өткізілген бұл ойын оқушылардың сабақтан алған әсерін күшейте түседі.

  1. Ер елінде, ... .

  2. Кісі елінде сұлтан болғанша, ... .

  3. Ат айналып қазығын табар, ... .

  4. Өз елім - ... .

  5. Өз елімнің басы болмам да, ... .

Тапсырма: дайын флипчарттағы мақалдардың жалғасын жазу.


  1. Сабақтың тақырыбы: Туыстық қатынастыр.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, салалас құрмалас сөйлемдерді, олардың тыныс белгілеріне назар аудару; Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт-дәстүрлері, туыстық атаулары туралы әңгімелеп, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

  1. Интерактивті отбасыы мүшелерінің суреттері беріледі.

Тапсырма: туыстық атауларды суреттердің жанына жазу.

  1. Жамбыл Жабаевтың өлеңімен грамматикалық тапсырма орындап, өлеңнің мазмұнына тоқталу жұмысы да туыстық, бауырмалдық, жауға бірге қарсы тұрушылық қасиеттерін нығайта түседі.

«Біз Алатаудай ел едік, -

Теңемек болды ойға жау;

Біз тасыған теңіз сел едік, -

Теңемек болды шөлге жау;

Біз атып тболған таң едік,

Түн етпекші болды жау;

Біз әлемге жарық күн едік, -

Өшірмекші болды жау!

Жау ма бізді бөгейтін,

Жау ма бізді жеңетін?

Қозғалып еді Алатау -

Табанында қалды жау.» [6]

Тапсырма: көшіріп жазып, салаластарға қойылған тыныс белгілерінің себептерін түсіндіріңдер.

  1. Мәтінді тыңдалым бөлімінде пайдалануға болады.

Туыстық қарым-қатынас

Ата-бабаларымыз «адам адаммен бай», «кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деп адам арасындағы қарым-қатынасқа зор мән берген.

Қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі - туыстық қарым-қатынас.

Жігіттің үш жұрты болады: «өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты» деген сөз туыстық қарым-қатынастың бағытын, орнын көрсетеді.

Қазақта қандас туыстық еркек тарапынан ғана жүргізіледі.

Қандас туыстыққа байланысты атаулар: өз елі, бойынша - баба, ана, ата, әже, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ұл, қыз, немере, шөбере, шөпшек, немене, немере апа, немере аға, немере қарындыс, немере іні, шөбере аға, шөбере апа, шөбере қарындас.

Жігіттің екінші жұрты - шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.

Жігіттің үшінші жұрты - әйелінің туыстары - қайын жұрты.

Екі елдің арасында қыз алысса, құдалық қарым-қатынас, күйеуі мен қайын жұрт арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Құда болған ауылдың әйелінің барлығы құдағи, қыздарының барлығы құдаша деп аталуы - қазақ халқының ат тергеу дәстүрінің бір көрінісі. [12]

Тапсырма: мәтінде кездесетін қиын сөздерді оқушылар тыңдау барысында дәптерлеріне жазып отырып, сол сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.


  1. Сабақтың тақырыбы: Мен ата-анама көмектесемін.

Мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, ырықсыз етіс ережесін меңгерту барысында практикалық тапсырмалар орындау. Отбасында ата-анаға құрмет көрсетуге, үй тіршілігінде оларға қолғанат болуға тәрбиелеу.

  1. Бізді тәрбиелеп өсірген Отанға көп алғыс айтамыз. Ата-анам жұыстан келмей тұрып, ыдыстарды жудым, үй жинадым, аула сыпдым, бақша суардым. Барлық киімді үтіктеп, орындарына жайғастырдық. Түскі тамақ дайныдауға апама көмектестім. Үй ауласында жүре берсең, көп жұмыс табуға болады.

Тапсырма: берілген сөйлемдердің етістіктерін ырықсыз етіс түріне айналдыру.

Жауап мынадай болуы мүмкін: Бізді тәрбиелеп өсірген Отанға көп алғыс айтылды. Ата-анам жұмыстан келмей тұрып, ыдыстар жуылды, үй жиналды, аула сыпырылды, бақша суарылды. [8]

  1. Етістіктің тағы бір категориясының түрі шартты райды қайталау мақсатымен Қазыбек бидің:

«Тату болса, ағайын жақын,

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын» - деген сөздерін шартты райлы етістікке мысал ретінде алып, Қазақстанда тұратын ұлттарды татулыққа, инабаттылыққа шақыра отырып, осы тақырыпқа сәйкес келетін мақалдарды еске түсіреміз: Татулық - табылмас бақыт. Бірлік болмаса, тірлік болмайды. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. т.б.


  1. Сабақтың тақырыбы: Жеті ата.

Мақсаты: отбасы тәрбиесін дәріптеу,оқушыларды жеті атасын, жалпы шығу тегін білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасымен таныстыра отырып, халық мұрасына, тіліне, жеріне, тарихына, табиғатына деген аялау көзқарасын қалыптастыру, тақырып бойынша сөздік қорларын жетілдіру.

  1. Сабақтың кіріспе бөлімінде қазақ халқында жеті санын ерекше қадір тұтатынын айта келе, қасиетті жеті санымен байланысты мысалдар келтіру. Осы орайда сабақтың тақырыбын хабарламай тұрып, жеті жарғы, жеті ғашық, жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті амал, жеті жетім ұғымдарын айтып, жеті атаға тоқталу.

  2. Сабақтың эпиграфы ретінде слайдтардың біріне жеті жетімді жазып көрсетуге болады.

«Тыңдамаған сөз жетім

Киюсіз тозған бөз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім.

Замандасы қалмаса -

Бәрінен де сол жетім.»

( Сейіт Кенжахметұлы «Жеті қазына» кітабы.)

  1. Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас жеті атаға. Яғни жеті ұрпаққа созылады. Әр буынның өзіндік аты бар. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жеті атаны бөлектеп алудың мәнісі - қазақ ұлтында нағыз жақын туыстықтың шегі - жеті атамен аяқталады. Жетінші ұрпақты қазақтар «немене», я «туажат» деп атайды. Мұның өзіндік мәні бар. «Немене» деген атаудың өзі беймәлім, түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған сияқты. Ал «шөпшек» шөбереден кейін. Шөпшек деп қазақтар ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда, жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мәні жойылып, туажат (бөтен) елге саналады да, қыз алысуға жол ашылады.

Әдет-ғұрыпты сақтау үшін кейінгі ұрпаққа жеті атасын білу міндет етілген. [12]

Тапсырма: ұжымдық жолмен оқушылар мәтінді оқып, өз беттерінше сөздік құрастырады.

  1. «Қысқа да, нұсқа жауап» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, викторина сұрақтарына жауап береді. Қай топ қысқа да, нұсқа және нақты болса, сол топ жеңімпаз атанады.

  1. Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас неше ұрпаққа созылады?

  2. Қандас туыстық кімнен ғана жүргізіледі?

  3. Қандас туыстыққа қандай атаулар жатады?

  4. Шешесі жағынан туыстар қалай аталады?

  5. Қайын жұртқа қандай туыстар жатады?

  6. Жеті атасын білуді неге міндет еткен?

  7. «Отбасы - шағын мемлекет» дегенді қалай түсінесіңдер?

  8. Ата-ананы ардақтау неге біздің парызымыз?

  9. Отан мен отбасы туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  10. Қазақтың киелі санын ата.


  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Мақсаты: Оқушыларды саяси саналылыққа тәрбиелеу.
Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.
Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйретіп, сабақтас құрмалас сөйлем ережесін меңгерту.

  1. Оқушылардың тілін, ойын жетілдіретін лексикалық тапсырмалардың бірі: синоним сөздерді табу.

Туған жер, салт-дәстүр, туыс, отбасы.

Тапсырма: берілген сөздерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер құру. Олардың сабақтастығын анықтау.

  1. Үлестірмелі тапсырмалар арқылы лексикалық тақырыпты грамматикалық тақырыппен ұштастыру өте тиімді. [7]

№1-тапсырма: сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемнің түрін анықтау.

Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлұм күшееді. Сол жылдың көктемі жаңбырлы болғандықтан, топырағы құнарлы жерге өскен қалың қау мен сайларға өскен қалың жонышқаның биіктігі белуардан келеді екен.

№2-тапсырма: сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемнің түрін анықтаңдар.

Ауылдың қонған жері - көкорай болғандықтан малдың бәрі ауылдың қасында. Біреу күн шықпастан бұрын тау жақтан желдіріп келеді.

№3-тапсырма: сабақтас құрмалас сөйлемдердің тиісті жұрнақтарын қойып жазыңдар.

Көктем бастал..., Байжан мен Самарқан Телкөл аталатын жайлауға баруға жиналды. Кісі қарап тұр..., бұлақ екеш бұлақ та көміліп қалады екен.

  1. «Өлең жолдарын қалпына келтір» ойыны:

Қазақ осы:

Құда бол ... ... ,

Құдаларын құдайындай ... .

Қазақ осы:

Дүние мен малыңды

Оңды-солды шашу ... ... .

Қазақ осы:

Жайып жатқан ... .

Батыр халық,

Ақын халық - ... ... .

Керекті сөздер:(сыйлайтын, үшін жинайтын, дәл аты, қанатын, деп қинайтын)


  1. Сабақтың тақырыбы: Біздің асхана.

Мақсаты: өз мектептеріңдегі асхана туралы монологпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту; өздерінің күнделікті баратын асханаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді сыйлауға, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

  1. Монологты оқу.

Біздің мектептің бірінші қабатында үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тамақтар, сүт тағамдары, тәтті тағамдар және түрлі сусындар сатады.

Мен таңертеңгі асымды үйден ішемін. Ботқа, қуырылған жұмыртқа немесе нан мен май жеймін, шай немесе кофе ішемін.

Ал түсте сыныптастарыммен асханадан тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, біріміз біріншіге сорпа, кеспе алсақ, біріміз борщ аламыз, екіншіге де әркім қалағанын алады: картоп пен ет, палау немесе мәнті, ал үшіншіге компот, шырын немесе шай аламыз. Салқын тағамдардан оармжапырақ салатын немесе сәбіз салатын, картоп қосылған және ет қосылған бәліш ұнатамыз.

Біздің асханамыз таза, жарық, және кең. Асханада даяшы болмайды, әркім өзіне-өзі қызмет етеді, сондықтан тамақты кезекке тұрып аламыз. Асхана қызметкерлері бізге мінсіз қызмет етеді. Біздің мектеп оқушылары асхананамызды өте жақсы көреді. [5]

Тапсырма: монлогтың тақырыбын анықтау, жоспар құру, монолог мәтініне

«Сендер не қосар едіңдер?» - деген сұрақ қойып, монолог мәтінін кеңейту.

  1. Асхана жабдықтарын атап, аталған сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Мысалы: үстел, орындық, ыдыс-аяқ, тамақ пісіретін электр пеші, орамалдар, ас мәзірі, гүлдер, желдеткіш т.б.


  1. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Мақсаты: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбымен есімше тақырыбын ұштастыра өткізу, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту.

  1. «Ұлттық тағамдар» тақырыбы халықтық педагогикамен тығыз байланысты болып келеді. Тақырыпқа байланысты презентация ұсынылады. Оқушылар презентациямен, және мәтінмен танысып болған соң сұрақтар беріледі.

  1. Қазақтың ұлттық тағамдарын қандай топтарға бөлуге болады?

  2. Сүт тағамдарына не жатады?

  3. Нан тағамдарын ата.

  4. Ең негізгі ұлттық тағам не?

  5. Оны қалай атайды?

  6. Қазы деген не?

  7. Бауырсақты қалай атайды?

Тапсырма: берілген сұрақтарға сүйене отырып, диалог құрастыру.

  1. Оқушылар (Сусындар, Тағамдар) болып отырады. Топтық жұмыс.

Дастарқантобы

Қымыз қалай жасалады?

Тағамдар тобы

Шұбат қалай жасалады.

Тапсырма: әңгімелеу барысында есімшелерді қосып жазу. [19]

  1. Топтық жұмыс «Әрекет ету».

«Дастархан»тобы

«Тағамдар» тобы

Ұлттық тағамдардан ас мәзірін жасау.



Диалог құру.

«Қонаққа шақыру».



Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны.

Мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ойын қазақ тілінде жеткізуге төселдіру. Диалог құрастырып, сөйлету жолдарын ұйымдастыру. Қазақ халқының қонақжайлығы туралы әңгімелеп, жомарттық, кеңпейілдік қасиеттеріне тәрбиелеу.

  1. Қазақ тілі сабақтарында талдау түрлері кеңінен қолданылады. Соның ішінде ерекше көңіл бөлерлік талдау түрі - фонетикалық талдау. Өйткені бұл жұмыс түрі оқушылар қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс дыбыстап қана қоймай, олардың жіктелуін, классификациялануын меңгеруде пайдасын келтіреді.

Мәтінді тыңдау.

Дастарқан

Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ас - адамның арқауы деп халқымыз бекер айтпаған. Қазақтың ұлттық дастарқанында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары: қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.

Ең негізгі ұлттық тамақ - қазақша ет. Оны бесбармақ деп те атайды. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас тартылады. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып ұсынады. Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді. [12]

Тапсырма: ет тағамдарын, сүт тағамдарын және нан тағамдарын бөлек-бөлек топтап, сныпты үш топқа бөлу. Әр топ өз сөздеріне фонетикалық талдау орындайды. Әр топтың топ басшысы шығып, өз тобының тапсырмасын қорғайды.

  1. Оқушылар арасында «Қонақ келсе - құт» атты рөлдік сахналық қойылым қою оқушылардың сабаққа деген ынталарын, қызығушылықтарын арыттыра түседі.

Ол үшін рөлдер тағайындалады: үй иесі, қонақтар. Қойылымның мақсаты: қонақты кім және қалай қарсы алатынын, дастарқан басында қандай өтініш, тілек айтуға байланысты этикеттік орамдар жұмсылытынын көрсету.

  1. Мына мақал-мәтелдерді оқушыларға үй жұмысы ретінде жаттауға берген сабақтың тәрбиелік жағын нығайта түседі:

  1. Тойдың болғанынан боладысы қызық.

  2. Қонақ жаман болса,

Үй иесі қыдырады,

Үй иесі жаман болса,

Қонақ қыдырады.

  1. Құтты қонақ келсе,

Қой егіз табады,

Құтсыз қонақ келсе,

Қойға қасқыр шабады.

  1. Қырықтың бірі қыдыр.

  2. Шақырған жерден қалма,

Шақырмаған жерге барма. [15]


  1. Сабақтың тақырыбы: Астана.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елорданы сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

  1. «Ой шақыру». Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1.Әкеңнің әкесі

2.Үшінші септік

3.Астананың рәмізі

4.Ең жақын адам

5. «Ескі» сөзінің синонимі

6.Қазақстан Республиқасың үшінші астанасы

-Балалар қаңдай сөз шықты? - АСТАНА.

II. «Астанаға саяхат» бейне көрнекілігі көрсетіледі. Астана қаласының көрікті

жерлері қамтылған.

  1. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып,сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап.

(дайын флипчарт бойынша)

1.Болашағы, зор, Астананың.

2.Астанада, ғимараттар,ғажап, зәулім,жатыр, салынып.

3.Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.

4.Астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.

5.Қала, жас, сұлу, Астана, ең.

IV. Лексикалық ойын: "Шын немесе жалған".

1.Астана қаласы оңтүстікте орналасқан.

2.Ел ордасы - Астана.

3.Астана қаласында Погодин атындагы орыс драмма театры бар.

4.Астанада зәулім ғимараттар көп.

5.Қазақстанның астанасы - Алматы қаласы.

6.Астанада Есіл өзені ағады.

Тапсырма: сөйлемдерді оқып, Астана бойынша алған ақпараттарын естеріне түсіре

отырып, шын немесе жалғандығын анықтау.

  1. Тестілеу (үлестірмелі қағаздар)

Тест сұрақтары.

1.Астана қаласыныңрәмізі:

а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек

2.Астанадакімдердің ескерткіштері бар:

а) Абай б)Шоқан в)Шәкәрім с)Сәкен

3.Астана Арқаның .... орналасқан:

а)солжағында б)төрінде в)алда с)оңжағында

4.Астана .... қала:

а)көне б)ескі в)таза с)әсем

5.Астана қаласыныңтұсаукесер тойы:

а)1998 б)1991 в)1997 с)1995

6.Астананыңбұрынғыаты:

а)Ақтобе б)Алматы в)Ақмола с)Орал

7.Астана қайөзенніңбойындаорналасқан?

а)Еділ б) Тобыл в)Есіл с)Жайық

8.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:

а)Астана сұлу әрі таза қала

б)Астана ұқыптықала

в)Астана еңсұлу, жасқала

с)Астанадасұлуқала

9. «Астана-столица Казахстана» аудармасын тап:

а)Астана күштіқала.б)Астана-Қазақстанныңастанасы.

в)Астана-Қазақстанқаласы. с)Астана - жасқала.

10.Астананыңтүғанкүні:

а)6 шілдеб)10 шілдев)10 маусымс)6маусым

Тест жауаптары: 1. б); 2. а, с; 3. б); 4. с); 5. а); 6. в); 7. а); 8. в); 9. б); 10. б);

Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

  1. Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласына саяхат.

Мақсаты:Алматы қаласыжайлы деректер беру: таным белсенділіктерін дамыту; Қазақстанның оңтүстік астанасының көрікті жерлерін көрсетіп, оқушылардың еліне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

  1. Тақырыпқа қатысты бейне көрнекілік көрсетіледі. [21]

  2. Мәтінмен жұмыс.

Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы - ең әдемі қалалардың бірі. Қаланың көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан мөлдір бұлақтар ағып жатады. Қаланың оңтүстігін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін жап-жасыл болып тұратын шыршалар, қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан. Тау етегінде атақты «Медеу» мұз айдыны, көптеген демалыс орындары бар. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер, саябақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты - сирек кездесетін тамаша табиғат. [6]

Тапсырма: қаласында, көшелері, көмкерілген, оңтүстігін, орындары, кездесетін сөздеріне морфологиялық талдау жасау.

  1. Мәтінді пайдалана отырып диалаог құрастыру.


  1. Сабақтың тақырыбы:Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Ұлы Жібек жолы.

Мақсаты:өз елдерінің тарихын, тарихи деректерін білуге, оның терең мәнін оқушылар санасына жеткізу; грамматикалық тапсырмалар орындай отырып, коммуникативті дағды мен білігін қалыптастыру; ізденушілік қабілетті дамыту.

Бұл сабақты Қазақстан тарихы пәнімен бірлесе отырып, интеграцияланған сабақ ретінде өткізудің тиімділігі зор. Сабақ көбіне ұжымдық жұмыс түрінде өтеді. Ұжым: оқушылар, қазақ тілі пәнінің мұғалім, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі.

  1. Тақырыпқа қатысты бейне көрнекілік көрсетіледі. [22]

  2. Қазақстан тарихы мұғалімі карталар арқылы Ұлы Жібек жолының өткен жерін тарихи деректерге сүйене отырып, айтып өтеді.

  3. Оқушылар өздері сабақта берілген деректерге сүйене отырып, тірек сызба жасайды.

Сызбаның модулі мынадай болуы мүмкін.

Ұлы жібек жолы

Қай ғасырларда болған?

Неліктен «Жібек жолы» деп аталған?

Қай қалалар арқылы өткен?

Жалпы ұзындығы қандай болған?

Оның экономикалық маңыздылығы неде болған?

Қазақстан тарихында және жалпы Қазақстан мемлекетінде алатын орны.


Тапсырма: кестенің екінші бағанасын толтыру.

Патриотизмнiң қалыптасуына сонымен қатар тарихи орындарға туристiк бағыттар ұйымдастыру да ықпал етедi. Бұл үшiн оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, сабақтарымда кешендi экскурсиялық бағдарламалар әзiрлеу өте қолайлы екенін байқап жүрмін; оны қазіргі заманауи бейне көрнекіліктер арқылы жүзеге асырамын. Мұндай көрнекіліктер оқушылардың сабақтан алған әсерлерін күшейте түседі де, оқушылар бейне материалдан көрген көріністерін біраз уақытқа дейін ұмытпайды. Сонымен қатар, уақытты үнемдеуге ықпал етеді.

  1. Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Түркістан қаласы.

Мақсаты:тіркескен сөздердің жасалуын ескере отырып, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету. Халықтың мәдени мұрасын насихаттай отырып, ата-баба рухын қастерлеуге, қасиеттілік ұғымды терең түсіне білуге, өз Отандарында осындай тарихи-көрнекті жерлердің барын мақтан тұтып, бас июге тәрбиелеу.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

  1. Тақырыпқа қатысты бейне көрнекілік көрсетіледі. [23]

  2. М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі бойынша терме диктантын өткізу, оқушыларды грамматикалық және лексикалық бірізділікте жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен...

Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,

Шалқыған кегі-шетсіз Теңіз, Арал.

Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің

Бауырында дүние көрген түрік көкжал.

Ертеде Оқыс, Яқсарт - Жейхун, Сейхун;

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң бейтін. [14]

Тапсырма: өлең жолдарынан тіркескен сөздерді тауып, дәптерлеріне жазу.

Мысалы: екі дүние есігі, ер түріктің бесігі, Түркістандай жерде туған, түріктің тәңірі, Тұран дескен т.б.

  1. Мазмұнды сөйлемдермен жұмыс жасау.

Әр халықтың қадір тұтар, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы.

Біздің қазақ халқының сондай тікелей ықпал етті.

қасиетті жері -

Түркістан - тек қазақ халқының бас иер мекені бар.

емес

Түркістан қазақ хандығының Түркістан қаласы

мемлекет болып қалыптасуына

Тапсырма: сөйлемдердің басқы бөлігі мен аяқталу бөлігін сәйкестендіру.


  1. Сабақтың тақырыбы: Көне отырар.Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

Мақсаты:Қазақстанның көне қалалары туралы қызықты деректерге сүйене отрып, Отырар қаласының тарихымен таныстыру; сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне жеткізу.

  1. Отырар қаласы туралы бейне көрнекілік көрсету. [24]

  2. Тақырыпқа қатысты диалогты толықтыру. Жұптық жұмыс. [9]

  • Отырар Қазақстанның қандай қаласы?

  • ...

  • Ол Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

  • ...

  • Отырар маңында бүтін жалғыз бүтін қалған қандай ғимарат?

  • ...

  • Бұл ғимарат кімнің есімімен байланысты?

  • ...

  • Көне Отырар қандай қала болған?

  • ...

  • Отырарды қандай тарихи тұлғалар жаулап алмақшы болған?

  • ...

  1. Бес жол өлең.

  1. Отырар. (1 зат есім)

  2. Көне, тарихи. (2 сын есім)

  3. Өмір сүрген, қиратқан, шабуыл жасаған. (3 етістік)

  4. Отырар - Қазақстанның ежелгі қаласы. (сезімді білдіретін сөйлем)

  5. Тарихи қала. (бірінші сөздің синонимі)

Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

  1. Сабақтың тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин.

Мақсаты: балалар әдебиетінің жарық жұлдызы - Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу, әңгімелерінің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын шығармаларына сүйене отырып ашу; жалпы және жалқы есімдерді қайталау; мейірімділікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.

  1. Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянынұтымды пайдалана отырып, тұсаукесер арқылы әңгімелеген тиімді.

  2. Дүниеге келді, білім алған, зерек болған, тәрбиеленеді, бала оқытқан, мектепті жақсы бітіреді, старшина болып қызмет атқарады, қазақ қоғамының жағдайын терең түсінген.

Тапсырма:берілген сөз тіркестердегі етістіктерді тұйық етістігіне айналдырып, құрмалас сөйлемдер құрастыру.

  1. Ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік берілген соң, сабақты қорытындылау мақсатында мына тест сауалдарын өткізу тиімді:

1. Ыбырай Алтынсарин кім?

а) белгілі суретші, саяхатшы, әнші;

ә) белгілі әнші, сазгер, суретші;

б) атақты ақын, аудармашы, ағартушы;

в) мәлімгер, саяхатшы, ақын;

2. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі?

а) М. Жұмабаев; б) А. Құнанбаев;

ә) Ы. Алтынсарин; в) Б. Майлин;

3. Ыбырай Алтынсарин қай жылы туған?

а) 1841 ж; б) 1858 ж;

ә) 1901 ж; в) 1894 ж;

4. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің авторы кім?

а) А. Құнанбаев; б) С. Сейфуллин;

ә) Ы. Алтынсарин; в) А. Байтұрсынов;

5. Ы. Алтынсариннің табиғатқа арналған өлеңдерін белгіле.

а) «Өзен»; б) «Жаз»;

ә) «Кел, балалар, оқылық»; в) «Әй, жігіттер»;

6. «Аз жұмысты қиынсыңсаң көп жұмысқа тап боларсың...» деген жолдар Ы.Алтынсариннің қай әңгімесінен алынған?

а) «Атымтай Жомарт»; б) «Әке мен бала»;

ә) «Бай баласы мен жарлы баласы»; в) «Бір уыс мақта»;

7. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің кейіпкерін тап:

а) Әке; б) Сейтқұл;

ә) Атымтай; в) Үсен;

8. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қашан шықты?

а) 1859 ж; б) 1879 ж;

ә) 1868 ж; в) 1892 ж;

9. «Бағу-қағуда көп мағына бар» қай әңгімеден алынған?

а) «Бақша ағаштары»; б) «Талаптың пайдасы»;

ә) «Бір уыс мақта» ; в) «Қыпшақ Сейітқұл»;

10. Ыбырай қай жылы мектепке барды?

а) 1867 ж; б) 1902 ж;

ә) 1850 в) 1874 ж; [17]

Тест жауаптары: 1. б); 2. ә); 3. а); 4. ә); 5. а); 6. б); 7. в); 8. б); 9. а); 10. ә).


  1. Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғайық.

Мақсаты:туынды зат есімдерді және олардың жасалу жолын түсіндіре келе қоршаған ортаны, өз туған жерінің табиғаындағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

  1. Тұсаукесер көрсету. Мәтінмен жұмыс. Сборник ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР «Оқыту қазақ тілді емес жалпы білімберетін мектептің 8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағына жаттығулар жинағы»

  2. Өндірісі дамыған елдерде жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң мүлдем құрып кету қауіпі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біздер өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Өзімізді қоршаған ортаны, табиғатты аялай, құрметтей, тани білейік. [12]

Тапсырма: мәтінде кездесетін туынды сөздерді тауып, жұрнақтарын бөлу.

  1. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Топтық жұмыс.

  1. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

  1. Табиғат - алтын бесік.

  2. Ер - елдің көркі, орман-тоғай - жердің көркі.

  3. Бір тал кессең, он тал ек.

  4. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

  1. «Жаңылма, айт» ойынын өткізу оқушылардың сөздік қорын молайтуға, жылдам және сауатты сөйлеуге зор ықпалын тигізеді.

Ойын шарты: бірінші ойыншы бір жануардың атын атайды. Екінші ойыншы оны қайталап, үстіне тағы да бір аңның атын қосып атайды. Осылай сөз қосылып, көбейіп отырады. Жаңылған бала ойыннан шығады.

  1. Жаңылтпаш ретінде берілген жұмбақты мүдірмей айтып шешу. Топтық жұмыс.

Арқада алты арқар бар,

Қырда қырық арқар бар,

Бір қарт арқар бар.

Алты арқарға қырық арқарды,

Қырық арқарға кәрі арқарды

Қосса қанша арқар бар? (47 арқар)

Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш қосса,

Қанша қызғыш құс болады?

Арғымақ, арқар, ақ пырақ,

Кекілік, ұлар, дуадақ,

Лашын, құндыз, ақбөкен,

Аң мен құсты тапса екен? [16]


  1. Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым.

Мақсаты: тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту, күрделі сөздерді дұрыс айтып, сөз тіркестерін құрастыра алуға жетелеп, өздерінің туған ауылдары, ауылдың көшелері, табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  1. Сабақтың тақырыбына көшпес бұрын «Ауылым» әні жайында бейне материал көрсетіледі. Ән тыңдалып болған соң, сабақтың тақырыбын хабарлау.

Флипчарттың 1-бетінде ауыл көрінісі бар сурет шығады.

  1. Суретте нені көріп тұрсыңдар?

  2. Біздің ауыл қалай аталады?

  3. Біздің ауылда қандай көрнекті жерлер бар?

  4. Қандай ескерткіштер бар?

  5. Көшелері қалай аталады?

  6. Біздің мектеп қай көшеде орналасқан?

  7. Ауылдың табиғаты қандай?

Тапсырма: балалар осы сұрақтарға жауап берген соң, өз ауылдары туралы шағын әңгіме құрастырады.

  1. Өз ауылдарына жылы лебіз білдіру мақсатымен жалғауларды естеріне түсіреміз. Сынып үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа ауыл сөзін жіктеу, екінші топқа ауыл сөзін тәуелдеу, үшінші топқа ауыл сөзін септеу тапсырмасы беріледі.

  1. Ауылға қатсыты заттарды қалаға қатысты заттардан ажыратып, бөлек жинау.

Флипчарт бетінде ауыл суреті мен қала суреті және қалаға қатысты сөздер мен ауылға қатысты сөздер араласып тұрады. Оқушылар осы сөздердің арасынан ауылға қатыстысын айырып, ауыл суретіне, ал қалаға қатыстысын қала суретіне жинайды.

Сөздер: ағаш, өзен, шөп, автобус, көпқабатты үй, жер үй, гүл, ұшақ, тізілген машиналар, бағдаршам, көлік кептелісі, мектеп т.б. сияқты суреттер беруге болады.

  1. Тіл дамыту жұмысы ретінде оқушыларға сөздер ататып, тақтада ол сөздерден сөз тіркесі, сөйлем құрату. Сөз қостырып, сөйлем аясын кеңейттіріп отыру.

  1. Ауыл.

  2. Менің ауылым.

  3. Менің ауылым үлкен.

  4. Менің ауылым үлкен, таза.

  5. Менің ауылым үлкен, әрі көшелері таза.


  1. Сабақтың тақырыбы: Менің жұмыс күнім.

Мақсаты: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесуді жетілдіру; өзінің жұмыс күні туралы достарымен пікірлесу арқылы тіл мәдениетін дамыту; Білім алуға қатысты қазақ халқының мақал -мәтелдерінің мәнін түсіндіру.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Менің атым - Айман. Мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Денешынықтыру жаттығуларын жасаймын. Сонан соң жуынамын, таңғы асымды ішемін. Сағат сегізде үйден шығамын. Жұмыс сағат тоғызда басталады. Жұмысқа автобуспен келемін. Сағат 13.00-ге дейін құжаттармен жұмыс істеймін. Сағат 13.00-де асханадан түскі ас ішемін. Түстіктен кейін қайта жұмысқа кірісемін. Жұмыс сағат 18.00-де аяқталады. Үйге келген соң киімімді ауыстырып, қолымды жуып, кешкі ас ішуге отырамын. Кешкі астан кейін, теледидардан жаңалықтар тыңдаймын. Сағат он жарымда ұйықтаймын. [5]

Тапсырма: мәтінді пайдалана отырып, өз күн тәртіптерін немесе жұмыс күндерін құрастыру.

  1. Сұхбатты толықтыру.

  • Таңертең нешеде тұрасың?

  • ....

  • Таңертеңгі асқа не жедің?

  • ...

  • Таңертеңгі сергіту жаттығуларын жасайсың ба?

  • ...

  • Мектепке үйден нешеде шығасың?

  • ...

  • Бірінші сабақ нешеде басталады?

  • ...

  • Түскі асыңды қайдан ішесің?

  • ...

  • Соңғы сабақ нешеде аяқталады?

  • ...

  • Үйге сағат нешеде келесің?

  • ...

Тапсырма: сұхбатты жалғастыру.

  1. Оқу, білім туралы мақал-мәтелдермен жұмыс.

  1. Тұмсықтының тамағы - шоқуменен табылар,

Өнер-білім дегенің - оқуменен табылар.

  1. Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

  1. Білімдіге дүние жарық,

Білімсізге дүние кәріп.

  1. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

  2. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Тапсырма: берілген мақал-мәтелдердің мазмұнындыбыстамай, қымыл, іс-әрекет арқылы көрсету.

Тіл үйренуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол - сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік.Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс - тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды өз тәжірибемде қолданып жүрмін.Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтерді.Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сөйлеу тілін жетілдіруде ойын және ойын түрлерін пайдалану өте тиімді. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ. [1]

Ойын дегеніміз не? Ойын - қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Сол ойын түрлерінің ең тиімділерінің бірі - М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясында» берілген, «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойынды кез-келген тақырыпты өткенде оқушылар арасында сөйлесім әрекетіне зор ықпалын тигізеді. Бұл ұжымжық жолмен жасалады.

Сабақтың тақырыбы: Е-пошта - заман толқыны.

Мақсаты: аталғантақырып төңірегінде кішігірім әңгімені оқып; өз беттерінше е-пошта туралы сыныптастарымен пікірлесу арқылы тілдік бірліктерді меңгерту; сын-қимыл үстеулерінің қолданылу аясын түсіндіру.

  1. «Е-пошта - заман толқыны» мәтіні бойынша «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойынын өткізу. Ұжымжық жұмыс түрі.

Ойынның шарты: оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы керек. енді әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.

Элктронды пошта

Электронды пошта 1965 жылы пайда болған. Бұл жылы Массачустес технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек СТSS (Compatible taim-sharing sistem) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.

Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақты абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Хабарлама жазбаша жеткізілгендіктен, оны сақтап қоюға, бірнеше абонентке жеткізуге болады. Электронды пошта хаттан басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, бағдарлама т.с.с. ақпарат түрлерін тасымалдай алады.

Электорнды пошта немесе е-mail - Ғаламтордың жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзі бойынша миллиондаған хабарламалар жөнелтіліп, қабылдап алынып жатады.

  1. Грамматикалық ойын: «Үстеуі біздікі, басқасы сіздікі».

Жылдам, жазбаша, тез, лезде, емін-еркін, жақсы, қолма-қол.

Тапсырма: берілген сын-қимыл үстеулерін қатыстырып,сөйлем құрастыру қажет.

«Білім мен тәрбие сыны» (бірнеше ұяшық).

Әр ұяшықта екі сұрақ бар. Оның біріншісі - грамматикалық материалға, екіншісі - тәрбиеге байланысты сұрақтар:

  1. Сын-қимыл үстеуі деген не?

  2. Электронды пошта қай жылы пайда болған.

  1. Сын-қимыл үстеуінің сұрақтары қандай?

  2. Е-поштаны қолдану үшін нені білу керек?

Бұл ойын оқушыларды екі жақты жұмыс жасатады, әрі сөздік қорды молайтуға

септігін тигізеді.

  1. Өздері туралы электронды поштамен достарына жіберетін хаттың үлгісін жазу.

Қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер - бiлiм беру жүйесiнде, соның iшiнде мектепте қазақ тілінен бiлiм беруде, жастарды азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу, жаңа адамды қалыптастыру, дамыту және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу қажеттiлiгiн жүзеге асыруды талап етедi. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың бiлiктерi мен шеберлiктерiн (iскерлiгiн) қалыптастыру, өздiгiнше бiлiм алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжiрибесiнде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пiкiрiнiң дербестiгi мен еркiндiгiн кеңейту - өте маңызды мәселелер болып табылады.

Отансүйгіштік - адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын барлық адамдарға деген достық пен туысқандық сезімімен біртұтас болып табылады. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты мемлекеттің - Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезінеді, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзіне тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Отанға деген сүйіспеншілік әрбір оқушының белсенді өмірлік ұстанымымен ұласса ғана іс-әрекетке айналады.

Сондықтан оқушылардың қазақ тілі сабақтарында отаншылдық қасиетіне тәрбиелейтін мәні бар тақырыптар бойынша білімді жақсы меңгеруінің өзі - Отанға пайдалы болуға талпынуының белгісі болып табылады.
Елiмiздiң Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың өзi де «Біз қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу - бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз» деп атап айтқан.


© 2010-2022